Қазақстандағы мезозой кезеңінің жалғыз палеонтологиялық мұражайы Атырау қаласында орналасқан. Мұражай үлкен емес, экспозиция екі бөлмені алып жатыр, дегенмен осында жиналған экспонаттардың бірегейлігіне әлемдегі көптеген мұражайлар қызыға алады.
Шығыс-Қазақстан облысының сәулет-этнографиялық табиғи-ландшафт мұражай-қорығы тек Қазақстан Республикасының ааумағында ғана емес, сонымен қатар бүкіл постсоветтік кеңістікте шынымен бірегей мәдени және ғылыми мекеме болып табылады.
2003 жылы Шығыс Қазақстан облысы Құндызды деген жерде ақын Шәкір Әбеновтың мұражай-үйі ашылды. Мұражай 1962 жылы салынған ақынның үйінде ашылды, осы үйде қазақтың атақты ақыны ұзақ жылдар бойы 60-шы жылдардың басынан бастап 1994 жылы дүниеден қайтқанша өмір сүрді.
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Мақаншы ауылында қазақтың белгілі ақыны мен сазгері Әсет Найманбаевтың мұражайы орналасқан. Мұражай Абай атындағы мемлекеттік қорық-мұражайының филиалы болып табылады, экспозиция 1992 жылы ақынның 125- жылдығына орай ашылды.
Баянауыл деген кішкентай қаласындағы ең басты көрікті жерлердің бірі Академик Қ. И. Сәтпаев атындағы мемориалдық мұражай болып табылады. Қала тұрғындары өздерінің ұлы жерлесін мақтан тұтып, оның есімін құрметпен еске алады. Мұражай қала тұрғындары арасында танымал жер болып табылады, ал сол жерге экскурсиямен баруды қаланың барлық қонақтарына ұсынады.
Орыстың көрнекті ақыны Павел Николаевич Васильевтің посткеңестік кеңестіктегі жалғыз мұражайы Павлодар қаласында, Достоевский көшесі 121 мекен-жайында орналасқан. П.Васильев – сол уақыттағы адамдардың тағдырына ұқсас тағдыры қайғылы болған ақын. Оның туындылары 20 ғасырдың орыс кеңестік әдебиетінің қазынасына кірді, еуропалық және азиялық – екі мәдениетті, қазақ және орыс – екі халықты біріктірді.
Павлодар қаласының іс жүзінде кез келген қонағы «Қай жерге барып көруге болады? Және қаладағы қандай көрікті жерлерді көруге болады?» деген сұраққа «Шафердің үйін көруіңіз жөн, бұл шынымен бірегей жер болып табылады» деген жауап алады.