«Қазақстанның мәдени картасы» жобасын Қазақстандық интернет даму және ресурстар қауымдастығы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жасады.
Жобаның негізгі идеясы Қазақстанның тарихи және мәдени көрікті орындарының бүкіл көптүрлілігі мен байлығын көрнекі және заманауи нысанда көрсету болып табылады. Нәтижесінде, жоба еліміздің тарихы мен мәдениеті туралы сыр шертетін бейне бір виртуалды жолкөрсетушіге айналды. Жобаны жасау жұмысы міне, екі жыл бойы жалғастырылуда, бастапқыда мұнда Қазақстанның әр өңірінде орналасқан бірнеше ондаған негізгі мәдени көрікті жерлер ғана көрініс тапқан еді. Кейіннен жобаны кеңейту және барлық дерлік тарихи және мәдени көрікті жерлерді қамту туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта интернет-порталдың картасында екі жүзге жуық объекті бейнеленген. Жоба Қазақстанның барлық дерлік мұражайлары мен театрларын, ірі тарихи және археологиялық ескерткіштердің көпшілігін қамтиды. Алматы қаласы мен Қазақстанның елордасы – Астана қаласының ескерткіштері мен көрікті жерлері жеке дара көрсетілген. Жоба бойынша жұмысқа бірқатар кәсіпқой фотографтар тартылды, олар ел өңірлері бойынша бірнеше экспедициялар жасады, бұл жұмыстың қорытындысы кейбір объектілер мен көрікті жерлердің авторлық фотосуреттері болып табылады. Қазіргі уақытта жобаға кіретін объектілердің жартысына жуығының кәсіпқойлар түсірген бірегей авторлық фотосуреттері бар. Объектілердің тұтас қатары бойынша жасалған 360 фото-панорамаға ерекше тоқталып өткен жөн. Заманауи технологиялар қатысудың айрықша әсерін жасауға мүмкіндік берді, сайттың кез келген қонағы ескерткіштер мен көрікті жерлерге тән атмосфераны сезіне отырып, виртуалды серуен жасай алады. Жоба бойынша жұмыс барысында әрбір мәдени объекті мен тарихи көрікті жер жөнінде орасан зор ақпарат жиналды. Аталған жұмысқа танымал тарихшылар, мұражайлар мен театрлар қызметкерлері тартылды. Барлық ақпарат өңделіп, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріне аударылды. Кейбір ақпарат дүниежүзілік желіде дәл осы портал беттерінде көрініс тапты.
«Қазақстанның мәдени картасы» жобасы егемен Қазақстанның мәдени өмірі мен тарихында жолсерік болуға тиіс. Жүйе атақты және онша танымал емес мәдениет объектілерін біріктіріп топтастырады. Әрбір объекті картаға нақты орналасқан жерін, фотосуретін көрсете отырып орналастырылған және оның толық сипаттамасы көрікті жерді тауып қана қоймай, сол сияқты объектінің тарихы, ерекшеліктері мен мәдени маңызы туралы нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Интернет-ақпараттың басты артықшылығы мынада – ол дереу жеткізіледі, әрі барлығына дерлік қолжетімді. «Қазақстанның мәдени картасы» жобасы азаматтардың барлық санаттары мен көптеген шетелдік қонақтардың мәдени құндылықтар мен тарихи көрікті жерлерге тең қол жеткізуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Интернет-портал бізді Қазақстанның мәдени өмірінің сан алуандығымен толық шамада таныстырады.