Алматы темір жол мұражайы Қазақстандағы ең ірі техникалық мұражайлардың бірі болып табылады. Мұражай тарихы 1999 жылы басталды, сол кезде ТЖ көлігінің құрметті теміржолшысы және ардагері Бейсен Шормақовтың жеке топтамасының негізінде шағын ведомстволық мұражай ұйымдастырылды.
Археология мұражайы Алматы қаласында орналасқан, ол Қазақстан Республикасында осындай бағдарындағы жалғыз мұражай болып табылады және қазақстандық мұражайтану жүйесінде ерекше орын алып жатыр.
Табиғат мұражайы Қазақстан табиғатының өзгерістерін көне заманнан қазіргі кезге дейін көрсететін палеонтологиялық және зоологиялық топтамаларынан тұрады. Алып мүйізтұмсық, зіл және жыртқыш динозаврдың тұқымдасы, алты метрлік тарбозаврдың қаңқалары мұражай мақтанышы болып табылады.
Отандық ғылымның пайда болу, орта ғасырлардан бастап қазіргі заманымызға дейінгі қалыптастыру және даму тарихымен Қазақстан ғылымының тарихы мұражайының топтамасы мүмкіндік береді. Осы мұражайдың экспозициясы ғалымдардың бірнеше буынының өмірлері мен шығармашылықтары туралы материалды сақтауда.
«Ғылым ордасы» РМК Сирек кітаптарының мұражайы 2010 жылы ашылғаны Қазақстанның мәдени және рухани өміріндегі маңызды оқиға болып табылады. Мұражай экспозициясының басты мақсаты бірегей басылымдарының үлгісі бойынша кітаптың қолжазбаларынан бастап полиграфияның өнерінің қазіргі үлгілеріне дейінгі өткен жолын көрсету болып табылады. Осыдан басқа, қаланың барлық кітапқұмарларының назарын өзіне мұражай отанның тарихы мен кітап мәдениетін насихаттау орталығы ретінде қаратады.
Халық музыка аспаптарының мұражайы 1980 жылы ашылды. Тарих ескерткіштері мен өнер туындыларын жинап сақтаумен айналысатын осыған ұқсас мекемелер сияқты, мұражай Алматы қаласының бетке ұстар.
Бұрын Ақмола облыстық мұражайы ретінде танымал болған Астана қаласының қазіргі заман өнер мұражайы көпшілік үшін тың және тыңайған жерлерді игерудің 25-жылдығына орай 1980 жылғы 2 қазанда ашылды.
Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық мұражайы Қазақстан үкіметінің шешімімен танымал ақын өмірінің көп бөлігін өткізген үйде 1947 жылы ашылды. Жамбыл Жабаев – айтыс өнерінде үлкен із қалдырған
Атырау облыстық бейнелеу және сәндік қолданбалы өнер мұражай негізі Атырау облыстық Халық депутаттары кеңесінің Атқарушы комитетінің 15.11.1990 жылғы шешімімен қаланды. Мұражай 1992 жылы 2 сәуірде ашылды.
Тектұрмас кесенесі - Тараз қаласының оңтүстік-шығыс шетінде, Талас өзенінің оң жағалауында орналасқан XIV ғасыр сәулетінің ескерткіші. Бұл өңірдің діни ескерткіштерінің бірі.
Түркістан қалашығы – ғасырлар ширегінде қазақ елінің тарихында маңызды роль ойнаған Қазақстанның көне қалаларының бірі.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы Елбасының 2004 жылғы 28 тамызы күнгі Жарлығымен құрылған. Алғашқы келушілерін мұражай 2005 жылдың наурыз айында қабылдаған.
Д.А.Қонаев мұражайы Қазақстанның дамуына өзінің сүбелі үлесін қосқан, Қазақ КСР КП Компартиясына 20 жылдан астам басшылық жасаған аса құрметті мемлекеттік және қоғамдық
Алматы қаласы тарихының мұражайы 2002 жылы қыркүйек айында ашылған. Көп уақыт бойы тұрақты мекен- жайы болмай, ғимараттан ғимаратқа көшіп жүрген мұражай тек оның қызметкерлері құлшынысының арқасында ғана сақталып келді.
Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұражайы – Орталық Азияның ең үлкен мұражайы болып табылады. Оның жинақтамаларын жинау Орынборда ХIХ ғасырдың 30-шы жылдарында пайда бола бастаған.
Кітаптың республикалық мұражайы – ортаазиялық аймағында кітаптың жалғыз мұражайы, посткеңестік кеңістікте осындай мұражайлар Мәскеу мен Киевте бар. Открытие музея книги состоялось 20 октября 1978 жылы 20 қазанда кітап мұражайы ашылды, оған ақын Әбділдә Тәжібаев, басылым мен полиграфия істері жөніндегі комитет төрағасы Шерияздан Елеукенов және тағы басқа көрнекті мәдениет қайраткерлері қатысты.
«Атамекен» Қазақстанның картасы» этно-мемориалдық кешені 2001 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша ашылды. «Атамекен» этнокешенін құрудағы және қызметінің негізгі мақсаты тарихи-мәдени және рухани құндылықтардың сақталуын, қолжетімділігін қамтамасыз ету және халықты оларға араластыру, Қазақстан мәдениетінің жетістіктерін насихаттау, Қазақстанның барлық табиғи аймақтары мен экономикалық жетістіктерінің көптүрлілігін көрсету, мәдени құндылықтарды сақтау және еселей түсу болып табылады.
«Астана Опера» опера және балет театры Қазақстанның елордасы Астана қаласында Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан. Бұл театр сән-салтанаты асқақ ғимаратымен және залдардың көркемділігімен ғана емес, сондай-ақ талантты труппа орындайтын тамаша репертуармен таң қалдырады.
«Астана-Бәйтерек» монументі Астананың басты көрікті орны ғана емес, сондай-ақ егемен Қазақстанның аса маңызды символдарының бірі болып табылады. Монумент құру идеясы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа тиесілі. Бәйтерек өзінің тарихи тамырларын сақтап, берік негізі мен болашақ өркендеуге ұмтылған мемлекетті әйгілейді.
Бейбітшілік және Келісім сарайы, оны ел арасында Пирамида деп те атайды, Қазақстанның елордасы Астананың басты көрікті орындарының бірі болып табылады. Бұл ғажайып құрылыс соңғы жылдары салынған әлемдегі ең бірегей ғимараттардың қатарында.