Қазақтың атақты ақыны Көкбай Жанатаевтың мұражайы Шығыс Қазақстан облысы Тақыр деген жерде орналасқан. Мұражай мешіт-медреседе 1997 жылы ашылған, Абай мемлекеттік мұражай-қорығының филиалы болып табылады. Экспозиция 1997 жылы ашылды. Ақынның 150 жылдығына орай 2011 жылы келушілерді медресе және мешіт тарихымен, бастысы ақынның өмірі және шығармашылығымен таныстыратын жаңа экспозиция құрылды.

Экспозицияда Көкбай Жанатаевтың ұстазыдық қызметіне ерекше орын берілген. Мұражай топтамасы ақынныңөмір кезеңдерін, оның оқуын және қоғам өмірін, шығармашылығымен жеке өмірін көрсететін төлтума құжаттарына бай. Мұрағат құжаттарының арасында:« Семей Уезінің училищесінің шәкірттерінің жетістіктері мен тәртібі жайындағы тізімдеме», дәл сонда болашақ ақын оқыған; Мұқыр болыста молда болған кезде 1901 жылы жазылған«Губернатор атына арыз», 1891 және 1893 жылдардағы Мәскеу қаласының Мемлекеттік кітапханасынан әкелінген «Семей облыс Тізімдемелері» газет көшірмелері, осы газеттерде К. Жанатаевтың екі үш жылдық мерзіміне (1891 жылдан бастап 1893 дейін және 1893 бастап 1896 дейінгі жылдар аралығы) молда болып тағайындауы жайындағы бұйрықтар басылып шығарылған. Мұражайдың ең басты экспонаты ақынның қолжазбасы болып табылады. Мұражай экспозициясындағы ерекше орын Көкбай Жанатаев және Алаш қайраткерлері тақырыбына берілген. Осында Көкбай Жанатаевтың Алаш Үкіметінің қайраткерлерімен бірге түскен екі тарихи суреттердің көшірмелері көрсетілшен, осы суреттердің төлтумалары Абай атындағы Мемлекеттік қорық-мұражайының қорында сақталуда. СемейУезінің Земствосында 1917 жылы кезіндегі ақынның қоғам қызметін сипаттайтын бірнеше мұрағат құжаттары көрсетілген. Әлихан Бөкейхановқа арнап жазылған Көкбайдың өлеңі және Міржақып Дулатұлымен бірге өткізген айтыс-сайысы экспозицияны толықтырып тұр. Көкбай Жанатаевтың ұстаздық қызметі мұражай экспозициясында арнайы бөлімшеге ие болды, осында ол ашқан медресе шәкірттері жайында мәлімет, бөлмеде тұрған жиһаз бен т.б. көрсетілген. Белгілі ақынның ұрпақтары жайындағы материал көрсетілген.

Мұражайдың ерекше орнын діни-этнографиялық бөлім алады, осында мұсылмандардың сыйыну орны – михраб ерекше көрсетілген, ал экспозицияның бұл бөлімін Мекке келбеті, К.Жанатаевтың философиялық өлеңдері толтырады. Жеке залда мол этнографиялық материал көосетілген «Медресе шәкіртінің бұрышы» орналасқан.

Көкбай Жанатаев – ақын мен ұлы Абайдың шәкірті, оның қазақ әдебиетіндегі дәстүрлерін жалғасытрушысы. 1861 жылы Семей уезі, Мұқыр болысы, Тақыр деген жерде дүниеге келді. Көкбай Жанатаев Абайдың досы мен серігі болған. Жас ақынның Абаймен достығы 1880 жылдан басталды. Ол оған шын берілген дос болды және онымен ешқашан айырылыспаған. Бұл достық 25 жылға созылды. Абай өз өлеңдерін жас досының атынан таратқаны да қызық. Абайдың «Жаз» өлеңі 1889 жылғы №7 «Дала уәлаяты» газетінде Көкбай Жанатаевтің атынан жарияланған. Ғалым өлкетанушы ретінде Көкбай Жанатаев абайтануда өшпес із қалдырды. М.О.Әуезов Абай өлеңдерін есте сақтап, оны жазып, бастапқы мәтінін қалпына келтірген Көкбайдың еңбегін қазақ әдебиеті тарихындағы орнын ерекше айқындайды. Көкбай Жанатаевтің шығармашылығы көпқырлы: бұл айтыстар, эпиграммалар, арнау өлеңдер, поэмалар. Оның «Оспанға», «Әріпке», «Дүтбайға», «Жақсылыққа», «Мұсажанға», «Семей саудагерлеріне» және сол сияқты арнау өлеңдері көп, ол тапқыр сықақшы ретінде шығып, екіжүзділік пен жемқорлықыты әшкерелейді. Көкбайдың суырып салмалық дарыны айтыстарда-өлең түріндегі жарыстарда байқалған. Ақын және досы Әріп Тәңірбергеновпен, Кемпірбай ақынмен, Мұсағалимен, Жүнісханмен айтыстары белгілі. «Сабалақ» («Абылай») поэмасы Көкбай Жанатаевтың маңызды шығармаларының бірі болып табылады. Поэма тақырыбы – 18 ғасырда қазақ руларын біріктірген Абылай ханның басшылығымен қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресі.

Көкбай Жанатаев тек ақын мен әдебиеттанушы ретінде ғана емес, сонымен қатар тамаша ұстаз ретінде белгілі. 1901 жылы ол 1922 жылға дейін 20 жылдан астам қызмет еткен медресені ашады. Осы оқу орнында 300 астам адам білім алды. Кейбір дарынды шәкірттер тәлімгер мен ұстаз Көкбай Жанатаевтың дәстүрдерін жалғастырып жүрді, олрдың арасында Тайыр Жомартбаев, Есентай Бердин.

Көкбай Жанатаевтың мұражайы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы Көкбай ауылында орналасқан, мұражай қызметкерлері әрқашан қонаққты қуана-қуана қарсы алып, оларды бай экспозициясымен таныстыруға әрдайым дайын.

  • Достарға әңгімеле:

Мұражайлар
Шығыс-Қазақстан облыстық өнер мұражайы

Шығыс-Қазақстан облыстық өнер мұражайы 1990 жылғы 1 шілдеде ашылды. Ол XIX ғасыр соңындағы сәулет ескерткіші болып табылатын ғимаратта орналасқан.

Ф.М.Достоевскийдің әдеби – мемориалды үй – мұражайының тарихы ХІХ ғасырдың екінші жартысында М.Д.Исаевамен некелескенінен кейін пәтер жалдап тұрған кездегі кішігірім ескі ағаш үйінен басталады. Жазушы бес жылын Семей қаласында өткізген.

Мұражайлар
Ф.М.Достевскийдің әдеби – мемориалды үй – мұражайы

Ф.М.Достоевскийдің әдеби – мемориалды үй – мұражайының тарихы ХІХ ғасырдың екінші жартысында М.Д.Исаевамен некелескенінен кейін пәтер жалдап тұрған кездегі кішігірім ескі ағаш үйінен басталады. Жазушы бес жылын Семей қаласында өткізген.