Баянауыл деген кішкентай қаласындағы ең басты көрікті жерлердің бірі Академик Қ. И. Сәтпаев атындағы мемориалдық мұражай болып табылады. Қала тұрғындары өздерінің ұлы жерлесін мақтан тұтып, оның есімін құрметпен еске алады. Мұражай қала тұрғындары арасында танымал жер болып табылады, ал сол жерге экскурсиямен баруды қаланың барлық қонақтарына ұсынады.

Қ. И. Сәтпаев атындағы мемориалдық мұражайы 1964 жылы қыркүйек қаласында ашылған, ең басында бұл қоғамдық бастамасымен жиналған шағын экспозиция болған. 3 жыл өткен соң, 1967 жылы мұражай ресми атаққа ие болып, мемлекеттік басқаруға алынған.

1973 жылы мұражай арнап салынған типтік ғимаратқа көшті. Академик Қ. И. Сәтпаевтың туған күнінен өткен 90-жылдығына орай ғимарат 1989 жылы қайта қалпына келтірілген, оған қосымша болып әкімшілік жайлар, қор қоймасы және 60 орынға арналған кинозал салынған. Мұражай құрамына филиал ретінде М. Ж. Көпеевтің, С.Торайғыровтың мемориалдық мұражайлары кіреді, осы мұражайлардың бөлек ғимараттары 1993 жылы салынған. Бүгінгі күні, мұражай алып жататын жалпы ауданы – 643.1 м2 құрадйы.

Мұражай экспозициясын жинауға Қ. И. Сәтпаевтың жеке заттары, түпнұсқалық құжаттар, фото материалдар, оның өмірі мен қызметі жайындағы зерртеу жұмыстары негіз болған. Мұражай қызметкерлерінің жұмысы арқасында топтама Баянауыл ауданы мен Павлодар облысының тарихын баяндайтын көптеген газет және журнал материалдарымен толықтырылған. Бүгінгі күнде мұражай топтамасында 3000-нан астам экспонат бар, олардың көпшілгі стендтерде қойылып, келушілер үшін қолжетімді.

2002 жылы мұражай жетекшілері этнографиялық және әдеби-мемориалдық бөлімдерін ашу жайында шешім қабылдайды. Мұражай үш жаңа залдарымен толыққан. Бұл ғалымдар залы, Баянауылдан шыққан ақындар, жазушылар, өнер адамдарының залы, этнографиялық зал.

Ғалымдар залында 10 академиктің, 30-дан астам дәрігер ғалымдарының, профессорларының стендтері қойылған.

Ақындар мен жазушылар залындағы стендтер ақын, этнограф, философ Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмірі мен қызметін, сазгер, әнші Жаяу Мұса Байжанов, ақын демократ С. Торайғыров, кинорежиссер, актер Ш. Айманов, жазушылар Қалмұқан Исабаев, Зейтін Ақышев және т.б. жайында баяндайды. Мұражай экспозициясын толықтыру мақсатында осы адамдардың туыстары мен жақын адамдарымен хат жазысу өткізіліп жатады, жақында мұражай Қ. И. Сәтпаетвың қызы, филологиялық ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясының тілші мүшесі, көптеген ғылыми басылымдарының авторы Шәмшібану Сәтпаеваның жеке заттары мен кітаптарымен толықтырылған.

Этнографиялық залында бірегей экспонаттары қойылған. Бұл тұрмыс заттары, қазақ ұлттық киіз үйінің бұйымдары. Осында жергілікті тұрғынның, шебер Забира Бердалинаның қолдан жасалған жұмысы қойылған: текемет, сырмақ, алаша, түскиіз және басқа заттар. Аудандағы халық шеберлерінің қызықты шығармашылық жұмыстарын жинау жұмысы үнемі өткізіліп жатыр.

2013 жылы академик Қ. И. Сәтпаев атындағы мемориалдық мұражай өзінің құрылуынан бастап 35 жыл өткенін тойлап өткізді. Осы күнге орай Қазақстанның ұлы ғалымы Қ. И. Сәтпаевтың өмірі мен қызметін баяндайтын экспонаттарымен толықтыру бойынша үлкен жұмыс өткізілді. Мұражайдың әр экспонаты еліміздің тұңғыш геологы жасаған ғылыми жаңалықтарды толық баяндайды.

Мұражай үлкен ағартушылық жұмысты өткізіп жатыр, ұлы ғалымның туған күнінің қарсаңында осында дәстүрлі түрде Сәтпаев оқулары өткізіліп жатыр.

Қ. И. Сәтпаев атындағы мемориалдық мұражайына жыл сайын үш мыңнан астам адам келеді, және ол жаңа экспонаттарымен үнемі толықтырылады.

  • Достарға әңгімеле:

Мұражайлар
Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайы

Павлодар қаласының тарихи орталығында ағаш сәулет өнерінің ескерткіші болып табылатын бірегей ғимараты орналасқан, және осы жерде Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнері мұражайы орналасқанының символдық мәні бар. 


Мұражайлар
Павлодар облыстық көркемсурет мұражайы

Павлодар облыстық көркемсурет мұражайы 1964 жылы құрылды. Мұражай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының көркемсурет бөлімінен өсіп шықты. Мұражай коллекциясының негізін  Т.Г.Шевченко атындағы.