Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Мақаншы ауылында қазақтың белгілі ақыны мен сазгері Әсет Найманбаевтың мұражайы орналасқан. Мұражай Абай атындағы мемлекеттік қорық-мұражайының филиалы болып табылады, экспозиция 1992 жылы ақынның 125- жылдығына орай ашылды. Өкінішке орай Әсет Найманбаев жайында төлтума дерек әс жүзінде қалмады, сондықтан мұражай экспозициясын құрастыру барысында осынжай жағдайлар болып қалған кезде көптеген әдеби мұражайларда қолданылатын әдіс алынды. Ақынның өмірі мен шығармашылығын көрсету мақсатында замандастарының еске алулалары, ақынның шығармашылығы жайында белгілі әдебиеттанушылардың айтқан сөздері, өлеңдері мен поэмалардың қолжазбалары, туындаларының сирек кездесетін басылымдар көрсетілген. Мұражай басты экспонаттарының бірі Әсет Найманбаевтың жалғыз суреті болып саналады. Осы суретте ол Алаш қайраткерелері Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлымен бірге түсті, бұл сурет 1918жылы Чугучак қытайлық қалада жасалынған. Ақынның Қытай аумағында өткізген соңғы жылдарына ерекше мән берілген. Мұражайда шығармашылығының осы кезеңін баяндайтын материалдар құнттап жиналған – Қытайда жазылған және басылған туындылардың титулдық парақтары, тұстастардың еске алулары. Ақынның құлпытасының суреті көрсетілген. Мұражай экспозициясында ақынның отбасы мен ұрпақтары жайында материал жиналған. Әсеттің ұрпақтары тапсырған тұрмыс заттары, ұлы Қожекенің, қызы Сәмогейдің жеке заттары аса бағалы болып табылады. Сонымен қатар, осында Әсет Найманбаевтың өмірі мен шығармашылығын зерттеген әдебиеттанушылар жайындағы мәлімет бар.

Әсет Найманбаев – қазақтың атақты ақыны мен сазгері, ұлы Абайдың шәкірті, 1867 жылы дүниеге келді. Оқуын Көктума деген жердегі медреседе бастап, мұсылманша оқыды. Кішкентай кезінен Әсет тамаша әнші болып, суырып салмалықпен айналысты. Жетісу бойында көп саяхат жасады. Әсеттің орындаушылық шеберлігі мен таңғаларлық дауысы аңызға айналған, бірақ ол тек көрнекті әнші ғана емес, сонымен қатар тамаша суырып салма ақын болды. Әсет Найманбаев бірнеше рет өткен ғасырлардың көрнекті қазақ әншілері, ақындары, сазгерлердің өзгеше қажылық жасайтын жерлері Қоянды жәрмеңкесіне барып жүрген. Қояндыда Рысжан ақын әйелмен ән шеберлігінде айтысқа түсті. Бұл айтыс оның шығармашылығында өзінің мазмұны мен шығармашылық күші бойынша оңаша орынды алады. Осы айтысты М. Әуезов пен С. Мұқанов жоғары бағалады.

Әсет Найманбаев бойына сауырып салма ақынның және тамаша әншінің қабілетін сыйғызды, дауысы жайындағы даңқы Орталық Қазақстан, Жетісу, Тарбағатай мен тіпті Алтайға жайылған. Ұлы Абай оның күйіне шаттанып, Әсет орындаған айтыстарды тыңдауды жақсы көрген. Абай мен Әсет Найманбаев өмірде айнымас дос болды, Әсет Абай ауылында ұзақ жылдар бойы өмір сүріп, Абай оған арнап бірнеше өлең жазды. Өзінің тәлімгері соңынан Әсет Пушкиннің «Евгений Онегинге» кірісті. Ол оның қазақ тіліне еркін аудармасын үш түрлі нұсқада жүзеге асырды: «Татьяна», «Евгений мен Татьяна арасындағы әңгіме», «Евгений Онегин». Ә. Найманбаевтың шығармашылық мұрасы зор және әр келкі – өлеңдер, айтыстар, жоқтау, аңыздар, поэмалар. Ақынның өлең тармақтары өзінің еркіндігімен, ауыспалығымен және дәл тапқан бейнелердің көптігімен ерекшеленеді. Ол бірнеше ақындық туындыларының авторы: «Салиха-Самен» «Шакир-Шакират», «Жүсіп-Зылиха», «Үш жетім қыз», «Ағаш ат». Соңғы екі поэмадағы кейіпкерлер мен арқаулар «Мың бір түн» ертегілерінен алынған.

Оның сазгерлік және әншілік шығармашылығының ең жоғарғы сатысы «Інжу-Маржан» әні болып табылады, осыдан басқа ол халық арасындағы көптеген белгілі әндердің авторы болды: «Мақпал», «Үлкен Ардақ», «Қысмет», «Кіші Ардақ»,«Қаракоз», «Гауһар қыз» және т.б.

Әсет Найманбаевтың мұражайына бару ақынның өмірімен, сондай-ақ қазақтың ұлттық мәдениетіне үлкен үлес қалдырған шығармашылығымен кеңінен және толығымен танысуға мүмкіндік береді.


  • Достарға әңгімеле:
Ф.М.Достоевскийдің әдеби – мемориалды үй – мұражайының тарихы ХІХ ғасырдың екінші жартысында М.Д.Исаевамен некелескенінен кейін пәтер жалдап тұрған кездегі кішігірім ескі ағаш үйінен басталады. Жазушы бес жылын Семей қаласында өткізген.

Мұражайлар
Ф.М.Достевскийдің әдеби – мемориалды үй – мұражайы

Ф.М.Достоевскийдің әдеби – мемориалды үй – мұражайының тарихы ХІХ ғасырдың екінші жартысында М.Д.Исаевамен некелескенінен кейін пәтер жалдап тұрған кездегі кішігірім ескі ағаш үйінен басталады. Жазушы бес жылын Семей қаласында өткізген.

Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс-Қазақстан облыстық бейнелеу өнерінің мұражайы Қазақстандағы ең бай көркемөнер құндылықтарының жинағы болып табылады. Мұражай 1985 жылы ашылды. Ол Тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми-көркемөнер бөлімінен құрылды.

Мұражайлар
Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс-Қазақстан облыстық бейнелеу өнерінің мұражайы

Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс-Қазақстан облыстық бейнелеу өнерінің мұражайы Қазақстандағы ең бай көркемөнер құндылықтарының жинағы болып табылады. Мұражай 1985 жылы ашылды. Ол Тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми-көркемөнер бөлімінен құрылды.