Павлодар қаласының іс жүзінде кез келген қонағы «Қай жерге барып көруге болады? Және қаладағы қандай көрікті жерлерді көруге болады?» деген сұраққа «Шафердің үйін көруіңіз жөн, бұл шынымен бірегей жер болып табылады» деген жауап алады. Сонымен осы «Шафердің үйі» деген ерекше атауы бар мұражай несімен бірегей болып табылады? Біріншіден, бұл посткеңестік кеңістіктегі граммофон күйтабақтарының жалғыз мұражайы болып табылады, осыдан басқа көптеген мамандардың айтуынша, граммофон күйтабақтары топтамасының байлығы жағынан осы мұражайдың дүниежүзіндегі теңдесі жоқ. Осы баға жеткісіз мәдени байлықты жалғыз біртума адам Наум Григорьевич Шафердің жинағаны тағы бір таңғаларлық дерек болып табылады.

Наум Григорьевич 1931 жылы 13 қаңтарда Кишинев қаласында діни еврей отбасында туған. Молдавияны кеңес әскері азат еткеннен кейін ата-анасы мен інісімен бірге Қазақстанға жер аударып жіберілген.

Ұлы Отан соғысы кезінде он жасында ұжымшар бақатшысы және шөп шабушы болып жұмыс істеген. Орта мектепті 1949 ж. Ақмола (қазіргі Астана) қаласында бітірді. Содан соң С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік Университетінің (қазіргі Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университеті) филологиялық факультетіне түседі.

Ары қарай қуанышқа, жетістікке және түңілуге толы ұзақ, қызықты да кейде қиын өмір күтті. Ұзақ жылдар бойы Наум Григорьевич білім беру және ағартушылық жүйесінде жұмыс істеді, қазіргі кезде ол Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының орыс филологияның кафедрасының профессордың лауазымына тағайындалды.

Негізгі қызметінен басқа, Наум Григорьевич Шафердің ақырында, мүмкін өмірлік ісі болған әуесқойлығы болған, ол таңғаларлық топтаманы жинап жүрген.

Бұл жайында Наум Григорьевичтің өзі былай дейді: «Отбасымыз Бессарабиядан жер аударып жіберген кезде, Қазақстанға он жастағы бала болған кезімде әкелген сол он үш күйтабақтан басталды. Оларды анам мен әкеме үйлену тойларына сыйланғандықтарынан, олар біздің отбасылық жәдігеріміз болып табылады.»

-” Топтаманың өзі басында стихиялық түрде жиналып отырған: маған ұнағандардың бәрін сатып алып жүрдім. Бірақ 15-16-ға келген кезімде істегенімді түсініп, алдыма мақсат қойдым, яғни үздік үлгідегі әлемдік музыканы жинауды шештім. ”

-” Әрине, күйтабақтарды және кітаптарды мұғалімнің шағын жалақысына сатып алу қиынға соқты. Сонымен әйелім Наташамен бірге келістік: бір жалақыға өмір сүріп, екіншісіне біз үшін қымбат заттарды жинаймыз деп шештік. Көптеген нәрседен бас тартып, есі ауысқан адамдар сияқты өмір сүрдік, бірақ топтаманы еш эстеттік қылықтарсыз жинадық, яғни симфония әнмен бірге, ал джаз күлдіргі өлеңмен бірге көршілес тұр”.

Осы таңқалдыратын адамның еңбегі мен бірбеткей әуесқойлығының арқасында Павлодар қаласында «Шафердің Үйі» атты граммофон күйтабақтарының бірегей мұражайы пайда болды.

Мұражай 2001 жылы 21 ақпанда ашылды, бүгінгі күнде оның топтамасы 25000 граммофон күйтабақтарынан, 1500 бобин магнитофондық жазбаларынан, 1500 үнтаспаларынан тұрады. Оның тізімдігінде музыкалық туындыларына (сазгерлер мен орындаушылар бойынша) арналған 500 мыңнан астам карточка бар. Осыдан басқа мұражай қорларында лазер күйтабақтары мен кең фильмотекасы бар. Осының бәріне 20 мың кітап, көне журналдар мен газеті бар үлкен кітапхана қосылады.

Мұражай қызметкерлер штаты алты адамнан құрайды, осы адамдар топтаманы үнемі жүйеленеді және толықтырады. «Шафердің үйіне» жыл сайын 10 000 астам адам келеді. Мұражай белсенді ағартушылық жұмысты өткізіп жатыр, бірегей топтаманы пайдаланып, қызметкерлер әдеби-музыкалық кештерді, граммофондық жазбаның концерттерін, шығармашылық кездесулерді, кітаптар мен музыкалық дискілердің тұсаукесерлері өткізіп жатады, экскурсиялар, лекциялар және көрмелер жиі болып отырады.

«Шафердің үйі» граммофондық күйтабақтардың бірегей мұражайы Павлодар қаласының тұрғындарының мақтанышы және бүкіл Қазақстан деңгейіндегі маңызды мәдени көрікті жері болып табылады.

  • Достарға әңгімеле:

Мұражайлар
Ақсу тарихи-өлкетану мұражайы

Ақсу қаласында мұражайды ашу жайындағы шешім 2000 жылы қабылданды, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен осы жыл «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды. Дәл осы жылы Ақсу қаласының Әкімшілігі өз тарихи-өлкетану мұражайын ашу жайындағы шешім қабылдағаны мәнді болып табылады, мұражай Павлодар облысындағы әділет басқармасында 2000 жылы 18 қазанда тіркелді. 

Орыстың көрнекті ақыны Павел Николаевич Васильевтің посткеңестік кеңестіктегі жалғыз мұражайы Павлодар қаласында, Достоевский көшесі 121 мекен-жайында орналасқан. П.Васильев – сол уақыттағы адамдардың тағдырына ұқсас тағдыры қайғылы болған ақын. Оның туындылары 20 ғасырдың орыс кеңестік әдебиетінің қазынасына кірді, еуропалық және азиялық – екі мәдениетті, қазақ және орыс – екі халықты біріктірді.

Мұражайлар
П.Васильевтің мұражай үйі

Орыстың көрнекті ақыны Павел Николаевич Васильевтің посткеңестік кеңестіктегі жалғыз мұражайы Павлодар қаласында, Достоевский көшесі 121 мекен-жайында орналасқан. П.Васильев – сол уақыттағы адамдардың тағдырына ұқсас тағдыры қайғылы болған ақын. Оның туындылары 20 ғасырдың орыс кеңестік әдебиетінің қазынасына кірді, еуропалық және азиялық – екі мәдениетті, қазақ және орыс – екі халықты біріктірді.