Орыстың көрнекті ақыны Павел Николаевич Васильевтің посткеңестік кеңестіктегі жалғыз мұражайы Павлодар қаласында, Достоевский көшесі 121 мекен-жайында орналасқан.

П.Васильев – сол уақыттағы адамдардың тағдырына ұқсас тағдыры қайғылы болған ақын. Оның туындылары 20 ғасырдың орыс кеңестік әдебиетінің қазынасына кірді, еуропалық және азиялық – екі мәдениетті, қазақ және орыс – екі халықты біріктірді.

Ақынның тағдыры қиын болды, оған 27 жыл өмір сүруді және қатерлі 1937 жылы күші мен дарыны кемелденген кезінде қаза табуды жазыпты. Ақынның шығармашылық мұрасына ұзақ жылдар бойы тыйым салынып отырған, ол тек 1957 жылы құқығын қалпына келтірілген, осыдан кейін бірден оның туындыларының қайтыс болғаннан кейінгі алғашқы жинағы шықты. П. Васильевтің ақындық мұрасы 200 астам өлеңдерді және 14 поэманы құрайды.

Ақын П. Васильевтің мұражай қорығы 1994 жылы ашылған, осы мұражайдың ашылуы өз тарихына ие.

1987 жылы Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайында әдеби бөлім ашылған, оның нәтижесінде бөлім негізінде әдебиет пен өнердің жаңа мұражайы ашылды. Ынтагерлер-Васильевтанушылардың, Е. А. Вялованың бастамасы пен өтініші бойынша, 1990 жылдың желтоқсан айында әдебиет бөлімі ақынның үйінде орналасқан. Дегенмен, 1866 жылы салынған үй апаттық жағдайында болған, осы себептен ғимаратты қайта қалпына келтіру жайындағы шешім қабылданды. Қайта қалпына келтіру жұмыстары бірнеше жылға созылған.

1994 жылы 23 желтоқсанда П. Васильевтің мұражай үйі салтанатты түрде ашылды, оның ашылуы ақынның 85-жылдығына орайластырылған. Мұражай ауласында ақынның мүсіні орнатылған, оны мүсінші Е. Мергенов және сәулетші К. Мантақаев жасап шығарған.

Салыстырмалы шағын территориясында (мұражай ауданы 55,7 шаршы метрді құрайды) бір экспозициялық залында мұражай қызметкерлері ақынның тұрмысын жаңадан жасап және келушілерді оның шығармашылығымен таныстырып, 2000 астам экспонатты жайлы орналастыра алды. Мұражай штатында 13 қызметкер жұмыс атқарып жатыр, олардың барлығы П. Васильевтің шығармашылығына құмар адамдар болып табылады, олар оның өмірбаянын біліп, қуана-қуана осы мәліметпен келушілермен бөліседі. Мұражай үйінің қызметкерлері шет аймақтық Павлодарда XX ғасырдың 20-шы жылдардағы жағдайға сәйкес келетін ішкі көріністі жаңадан етіп жасау бойынша еңбекті жұмыс атқарған, елдегі васильевтанушыларымен байланыс орнатқан, мұражай қорын толықтырып отырған.

Мұражай үйінің тұңғыш диреторы Л. Г. Бунаева болып тағайындалды, 1998 жылдың қаңтарынан бастап мұражайдың жетекшісі Л. С. Кашина болып аталды.

Ақынның шын өмірбаянын және оның әдеби мұрасын қалпына келтіру үшін уақыт пен көптеген адамдардың жігері қажет болған. Бүгінгі күнде, мұражай үйде ақын жайындағы бүкіл материал жиналған. Келушілер Васильевтер отбасының жәдігерлерімен таныса алады, олардың арасында кітаптар, жазба материалдар, қағазды кесетін пышақ, күлсалғыш, ақының анасы Глафира Матвеевнаның қобдишасы, П. Васильевтің қолтаңбасы бар көзі тірісіндегі басылымдары, фотосуреттер. Сақталып қалған және табылып жатқан заттар аса құнды болып табылады.

Мұражай үйді Павлодар тұрғындары сүйіспеншілікпен атағандай, «Васильев қорығында» ақын өнеріне құмар адамдар үшін әдеби-музыкалық кештері, атақты әдебиетшілермен кездесілер, атақты ақындармен қатар жаңа бастап жүрген ақындар шеберлігін жетілдіре алатын Павел Васильев атындағы әдеби бірлестіктің отырысы өткізіліп жатады.

Қазіргі кезде П. Васильев атындағы мұражай үйі П. Васильевтің өмірі мен шығармашылығын зерттеу мәселелері бойынша әдістемелік орталығы болып аталды. Материалдарды зерттеу мақсатында осы жерге Қазақстанның түрлі облыстары мен Ресейден шыққан Васильевтанушылары жиі келіп отырады.

Жұмыс атқару уақыты ішінде Мұражай үйіне АҚШ, Франция, Германия, Польша, Қытай, Белорусиядан келген шетел қонақтарының делегациялары келген. П. Васильевтің есімін, оның шығармашылығын ТМД елдерінде белгілі болып, сонымен қатар украиндық, белорус, поляк, болгар, неміс және т.б.тілдерге аударылған.

Мұражай үйі П. Васильевтің қастерлеушілері мен бағалаушылары және қаланың мәдени өмірінің тарихына қызығатын барлық келушілер үшін ашық болады.

  • Достарға әңгімеле:
Баянауыл деген кішкентай қаласындағы ең басты көрікті жерлердің бірі Академик Қ. И. Сәтпаев атындағы мемориалдық мұражай болып табылады. Қала тұрғындары өздерінің ұлы жерлесін мақтан тұтып, оның есімін құрметпен еске алады. Мұражай қала тұрғындары арасында танымал жер болып табылады, ал сол жерге экскурсиямен баруды қаланың барлық қонақтарына ұсынады.  

Мұражайлар
Академик Қ. И. Сәтпаев атындағы Баянауыл мемориалдық мұражайы

Баянауыл деген кішкентай қаласындағы ең басты көрікті жерлердің бірі Академик Қ. И. Сәтпаев атындағы мемориалдық мұражай болып табылады. Қала тұрғындары өздерінің ұлы жерлесін мақтан тұтып, оның есімін құрметпен еске алады. Мұражай қала тұрғындары арасында танымал жер болып табылады, ал сол жерге экскурсиямен баруды қаланың барлық қонақтарына ұсынады.  


Мұражайлар
Ақсу тарихи-өлкетану мұражайы

Ақсу қаласында мұражайды ашу жайындағы шешім 2000 жылы қабылданды, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен осы жыл «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды. Дәл осы жылы Ақсу қаласының Әкімшілігі өз тарихи-өлкетану мұражайын ашу жайындағы шешім қабылдағаны мәнді болып табылады, мұражай Павлодар облысындағы әділет басқармасында 2000 жылы 18 қазанда тіркелді.