Шығыс-Қазақстан облысының сәулет-этнографиялық табиғи-ландшафт мұражай-қорығы тек Қазақстан Республикасының ааумағында ғана емес, сонымен қатар бүкіл постсоветтік кеңістікте шынымен бірегей мәдени және ғылыми мекеме болып табылады. Мұражай бірқатар тарихи ғимараттарды, мәдени объекттерді және мекемелерді біртұтас жүйе етіп біріктіреді. Олардың бәрі бір басшылықтың астында болып, мұражайдың негізгі міндетін атқарып жатыр, яғни ШКО халқының дәстүрлі мәдениетін ҚР халқының дәстүрлі мәдениетінің негізгі бөлігі ретінде кешендік тәртіпаралық зерттеу.
Шығыс-Қазақстан облысында Қазақстандағы алғашқы және әлі жалғыз көпбейінді мұражай-қорығы ашылды және ол келесі ғимараттарды қамтиды: дәстүрлі мұражай — үш ғимарат—XIX ғасыр соңы —ХХ ғасыр аяғының тарих пен сәулет ескерткіштері; «Жастар» этнобағында ашық аспан астындағы мұражай (14 халық сәулет өнерінің ескерткіштері); Стрелкадағы балалар бағы; Жамбыл атындағы бос уақыт пен демалу бағы, 100 га астам жерде орналасқан Сол жағалау кешені, ШҚО тұратын халықтардың 16 мекен бар этнографиялық кешен; әскери кешен; жануарлар бағы; ботаникалық бақ; Шеберлер қаласы; «Көк көлдер» отбасылық демалыс орны; «Жібек жолы» бағы. Осы барлық мәдени мекемелер қала тұрғындары мен аймақ қонақтары үщін жақсы таныс, олар осында демалып және ШҚО аумағында тұратын халықтардың тарихы мен мәдениетімен танысып, бос уақыттарын қуана-қуана өткізеді. Қазіргі кезде мұражай қорларында облыста өмір сүріп жатқан 40 халықтардың тұрмысын және мәдениетін көрсететін 60 000 астам экспонаттардан тұратаны бірегей топтамалар бар. Бірегей мұражай-қорығы Қазақстандағы және түрлі халықаралық мәдени іс-шараларды және көрмелерді өткізудің орталығы болып аталды, бүгінгі күнде сонда Корея, Қытай, Ресей, БАӘ, Швейцария, Польша, Үндістан, Иран, Израиль, Өзбекстан, Әзербайжан көрмелері өткізілген.
Идеялық дем берушісі, мұражайдың негізін салушысы және ауыспас жетекшісі Қазақ ССР Мәдениетінің еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның ИКОМ ұлттық комитетінің мүшесі Зайцев Николай Алексеевич болып табылады. Қазақстан мәдениетіне зор үлес қосқаны үшін Зайцев Н.А. «Құрмет», «Парасат» ордендерімен; Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «20 лет Независимости Республики Казахстан» медальдерімен марапатталған. Қазақстан республикасының Президенті, ҚР Мәдениет министрі, Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің құрметті грамоталарымен марапатталды.
Шығыс –Қазақстан облысының сәулет-этнографиялық табиғи-ландшафт мұражай-қорығының құрылуының өзіндік қызықты тарихы бар. Ол алыстағы 1968 жылы басталады, сол кезде Бутаково ауылында сегізжылдық мектеп жанында мұражай ашылды. 1971 жылдың мамырына дейін мұражай мектеп мұражайы ретінде жұмыс істеді, сонымен қатар оның экспозициясында өлкенің тарихы мен мәдениетін көрсететін бірегей заттар жиналған. 1971 жылдың 7 мамырда мұражай Бутаково халық мұражайы деген мәртебеге ие боды. Халық этнографиялық мұражайдың директоры болып Зайцев Н.А. тағайындалды. 1972 жылдың қаңтарынанбастап Бутаково мұражайы Ленинигорск мұражайының филиалы болады. Бутаково этнографиялық мұражайында жиналған материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерінің сиректігін есептегенде, 1976 жылы 19 наурызда мұражай ашық аспан астындағы Бутаково этнографиялық мұражайы ретінде қайта ұйымдастырылды. Кейін мұражай мәртебесі 1978 жылы 1 шілдеден бастап ол ашық аспан астындағы облыстық этнографиялық мұражай болып атанады. 2005 жылы Шығыс-Қазақстан облысының этнографиялық мұражайы мұражай-қорығы мен көпбейінді мекеме мәртебесіне ие болады. Осы шешім мұражайдың этнографиялық болу шеңберінен шығып кетуге байланысты қабылданған, қызметінің бейінді және тақырыптық ауқымы кеңейтілген. Экспозиция тарих, табиғат пен сәулет сияқты салаларды қамтуы қажет. Мұражайға жануарлар бағы, ашық аспан астындағы мұражай ашылған екі бақ тапсырылды, ал қайта салынған бақтардың аумағында өсімдіктердің сирек және мәдени түрлерін қамтыған табиғи-ландшафт орындары құрылған.Қазіргі кезде мұражайда үлкен ғылыми және мәдени-ағартушылық жұмыс өткізіліп жатыр, көрмселер ұйымдастырылып жатыр, әр түрлі мақсатты аудиторияға арналған экскурсиялық бағдарламалар құрылып жатады.
Шығыс-Қазақстан облысынығ сәулет-этнографиялық табиғи-ландшафт мұражай-қорығы қала тұрғындарының мақтанышы болып табылады және оның бірегей экспозициясымен танысуға ниет білдірген туристтерді қуана-қуана қарсы алады.