2003 жылы Шығыс Қазақстан облысы Құндызды деген жерде ақын Шәкір Әбеновтың мұражай-үйі ашылды. Мұражай 1962 жылы салынған ақынның үйінде ашылды, осы үйде қазақтың атақты ақыны ұзақ жылдар бойы 60-шы жылдардың басынан бастап 1994 жылы дүниеден қайтқанша өмір сүрді. Бірнеше жыл бұрын мұражай-үй күрделі жөндеуден өтті, қалпына келтіру жұмыстардан кейін, мұражай келушілерге жаңартылған әдеби және мемориалдық экспозицияны көрсету мүмкіндігіне ие болды. Ақын бізідң замандасымыз болғандықтан, мұражайда төлтума экспонаттардың үлкен топтамасы бар. Барлық жеке заттар – киім, тұрмыс заттары, ыдысы бар үй, сонымен қатар қолжазбалар, кітапхана, жазысқан хаттар ақынның қайтыс болғанынан кейін Абай атындағы Мемлекеттік қорық-мұражайың қорына тапсырылды. Шәкір Әбенов мұражай-үйі Абай атындағы Мемлекеттік қорық-мұражайының филиалы болып табылады, сондықтан экспозиция осы қорлардан құрылған. Экспозицияны құру барысында қазіргі кездегі әдеби мұражайларды құрудың негізгі принциптері сақталған.

Мұражай экспозициясы «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» поэмасына арналған залынан басталды, бұл поэма ақын шығармашылығында ерекше орын алып жатыр және оның арқасында бүкілхалықтық даңққа және құрметке ие болды. Мұражайға келушілерді залға кірудің алдында поэманың бас кейіпкерлері қарсы алады, олар бірінші залдың негізгі фигуралары болып табылатын Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу. Әдеби материал поэманы жазу тарихы, қолжазба мен алғашқы басылымымен таныстырады - Ш. Әбеновтың «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» поэмасы 1938 жылы Алматыда жеке кітап ретінде шықты. Экспозицияның жалғасы келішулерді тақырыптық-хронологиялық принципі бойынша көрсеткен төлтума материалдар негізінде ақынның шығармашылық зертханасымен таныстырады. Осында ақынның қолжазбаларын, күнделіктері мен жеке хаттарын көруге болады. Осыдан басқа мұражайда сол заманның әдеби өмірін көрсететін көптеген экспонаттары бар – замандастардың суреттері, кітаптар, ақын достарының еске алулары. Шәкір Әбеновтың сазгерлік және өлеңдік қызметін ашатын материалдар көрсетілген, мұражай стендерінде дәстүрлі музыкалық аспаптары, солардың ішінде ақынның жеке аспаптары бар. Бөлек бөлмелерде ақынның қиын өмірін және қарапайым тұрмысын сипаттайтын қызықты экспонаттармен танысуға болатын экспозицияның мемориялдық бөлімі көрсетілген. Мемориалдық заттар жұмыс бөлме мен демалыс бөлмесінің ішкі көрінісін жаңғыртады. Келушілер жеке заттарға ерекше көңіл бөліп жатады: домбыра мен ақынның өзі жасаған тұрмыс заттары, сағат, «Халықтар достастығы» ордені мен медальдері, сонымен қатар ақынның отбасылық өмірінің фотоматериалдары. Экспозицияны халық ақыны Шәкір Әбеновтың есімін және әдеби мүрасын мәңгі есте қалдыру жайындағы деректі материалдар толықтырады.

Шәкір Әбенов 1901 жылы 1 наурызда ШҚО Абай ауданы Құндызды деген жерде дүниеге келді. Болашақ ақынның балалық пен жастық шағы Абайдың белгілі замандасы, беделді феодал мен қажы Әбен Бітімбаевтың отбасында өтті. 7 жасында Шәкір ауылдық молдадан мұсылманша білім алған. Содан соң, жас бала Семейге барып орыс шіркеу мектебіне түседі де, онда 3 жыл оқиды. Содан соң, ол әкесінің айтуымен Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесіне оқуға барады. Ары қарай Ш.Әбенов білімін өз бетінше толықтырып, өз бетінше білім алумен айналысқан. Ол әдеби ортада тәрбиеленді. Оның жерлестері ақындар болды – Абай, Шәкәрім, Көкбай Жаңатаев, Әріп Тәңірбергенов, Уайс Шоңдыбаев дәстүрін жалғастырушылар, Абайдың ұлдары – Ақылбай, Мағауия, Тұрағұл және басқалары. Шәкір Әбеновтің шығармашылық қызметінің бастауы деп 1916 жылды атауға болады, осы жылы «Айқап» журналының бетінде оның алғашқы өлеңдері жарық көрді. Шәкір Әбеновтің сатиралық шығармалары да ерекше көңіл аударуға лайық. Ақынның жақсы салыстырулары, орынды анықтамалар ауыздан ауызға есітіп, оның есімін әйгілі етіп отырды. Осы жылдары ол танымал қазақ ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровпен танысады және оның көптеген туындыларын жатқа білді.

Шәкір Әбенов фольклор шығармалары және өткен жүзжылдық ақындарының: Сабырбай, Дулат, Түбек, Жаңақ шығармаларымен жақсы таныс және оларды жинақтаушы аталып кетті. Ақырында ол халықтық ақын шаруашылығының көрнекті үлгілерін өзі жазып, Қазақстанның Ғылым академиясына тапсырды. 30-шы жылдары Шәкір Әбенов біраз уақыт бойы Жамбыл Жабаевтың әдеби хатшысы болып жұмыс істеді. 1942 жылынан бастап 1944 жылына дейін Ұлы Отан Соғысы кезінде Брянск Майданында соғысты, ауыр жарақаттан кейін туған жерге қайта оралды. Соғыстан кейінгі жылдары ақын жұмысы жемісті болып, көптеген айтыстарға қатысады және оның жүлдегері болып атанады.

Шәкір Әбенов «Таңшебер-Жапал», «Тоқтамыс», «Батыр Кейпін», «Ана махаббаты», «Ортақ арал», «Аңыздар» сияқты поэмалардың авторы болып табылады, сондай-ақ, ақын көркем прозада да өз ізін қалдырды: ол 70-жылдары жергілікті газетте басылып шыққан бірнеше әңгіменің авторы. Шәкір Әбеновтың мұражай-үйі атақты қазақ ақынының шығармашылық мұраны сақтау бойынша жұмыс өткізіліп жатыр, мұражайға бару қазақ әдебиетінің әуесқойлары және туған мәдениетінің тарихы немқұрай емес жандар үшін қызықты болады.

  • Достарға әңгімеле:

Мұражайлар
Шығыс-Қазақстан облыстық өнер мұражайы

Шығыс-Қазақстан облыстық өнер мұражайы 1990 жылғы 1 шілдеде ашылды. Ол XIX ғасыр соңындағы сәулет ескерткіші болып табылатын ғимаратта орналасқан.

Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс-Қазақстан облыстық бейнелеу өнерінің мұражайы Қазақстандағы ең бай көркемөнер құндылықтарының жинағы болып табылады. Мұражай 1985 жылы ашылды. Ол Тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми-көркемөнер бөлімінен құрылды.

Мұражайлар
Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс-Қазақстан облыстық бейнелеу өнерінің мұражайы

Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс-Қазақстан облыстық бейнелеу өнерінің мұражайы Қазақстандағы ең бай көркемөнер құндылықтарының жинағы болып табылады. Мұражай 1985 жылы ашылды. Ол Тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми-көркемөнер бөлімінен құрылды.