Арыстанбаб кесенесі – Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы мен руһани тәлімгері, діни дәруішжәне уағызшы Арыстанбабтың бейітінде орнатылған ХІІ-ХІV ғасырлар сәулетінің қызықты ескерткіші.
Алтын және бағалы металдар мемлекеттік мұражайы 1990 жылы Алматы қаласында құрылды. Кейіннен, Республика елордасының ауысуына байланысты 2000 жылғы қазанда мұражай Астана қаласына көшіріліп, Президенттік Мәдениет орталығына орналысты.
Қали Жүніс моншасы - ХІХ ғасырдың шаруашылық-тұрмыстық сәулетінің жақсы сақталған ескерткіші. Тараз қаласының орталық бөлігінде орналасқан. Монша 11 орын-жайдан тұрады және римдік терм және түрік хамамдары стилінің бірегей үйлесімі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы Елбасының 2004 жылғы 28 тамызы күнгі Жарлығымен құрылған. Алғашқы келушілерін мұражай 2005 жылдың наурыз айында қабылдаған.
С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облысының қазақ драма театры 1932 жылы ашылған. Алғашқы спектакльдерінен бастап, театр көрермендердің жылы қарауына және театр қоғамының ықыласына бөленген. 1964 жылы театр труппасының шығармашылық жетістіктері марапатталып, оған Сәкен Сейфуллиннің есімі берілген.
Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы Қазақстанның ірі көркем мұражайы және бейнелей өнерінің саласында жетекші ғылыми-зерттеу және мәдени-ағартушылық орталығы болып табылады.
«Атамекен» Қазақстанның картасы» этно-мемориалдық кешені 2001 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша ашылды. «Атамекен» этнокешенін құрудағы және қызметінің негізгі мақсаты тарихи-мәдени және рухани құндылықтардың сақталуын, қолжетімділігін қамтамасыз ету және халықты оларға араластыру, Қазақстан мәдениетінің жетістіктерін насихаттау, Қазақстанның барлық табиғи аймақтары мен экономикалық жетістіктерінің көптүрлілігін көрсету, мәдени құндылықтарды сақтау және еселей түсу болып табылады.