Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы Қазақстанның ірі көркем мұражайы және бейнелей өнерінің саласында жетекші ғылыми-зерттеу және мәдени-ағартушылық орталығы болып табылады.

Мұражай тарихы 1935 жылы «Қазақ КСР білім беруіне 15 жыл» көрмесінен басталды, ол аяқталғаннан кейін экспозицияны сақтау және оның негізінде Қазақ мемлекеттік көркем галереясын құру жөніндегі шешім қабылданды. 1970 жылы республикада Қазақстанның халық қолданбалы өнер мұражайы құрылды. Мұражай қазақ халық қолданбалы өнері бұйымдарының топтамасы мен экспозициясына негізделген.

1976 жылы Қазақ мемлекеттік көркем галереясы мен Қазақстанның халық қолданбалы мұражайын біріктіру арқылы Қазақ КСР Мемлекеттік өнер мұражайы құрылды. 1983 жылы мұражайға қазақ суретшінің, суреттің қазақ ұлттық мектебінің негізін салушының Әбілхан Қастеевтің есімі берілді.

1976 жылдан бастап мұражай Есентай өзенінің жағасында салынған заманға сәйкес ғимаратта орналасқан. Осы жоба авторлары: Э. К. Кузнецова, О. Н. Наумова, Б. М. Новиков; құрылысшылар З. А. Суханова, М. Л. Ка­шарский, Б. Цигельман. Мұражай ғимараты XX ғасырдағы Алматы қаласының қоғамдық сәулетінің үлгісі болып келеді. Мұражай атриумы аймақ сәулетінің дәстүрлі көлемдік-кеңістік әдістеріне жауап береді, пластикасы мен колористикасы жағынан мүсінге, суреттің түс акценттеріне, киіздің құйын тәрізді ою құрылымдарына толы. Бүйір жағында болған қасбетіндегі кіру есігі жобасы бойынша төртбұрышты мәрмәр бағаналарға тірелетін күнқағарды айқын көрсетеді. Ғимараттың ортасын, «периодиканың» екі қабатты залдың үстіңгі айналып өту галереясына жарық түсіретін төбенің төрт қырлы шыны мұнара ерекше айқындықты көрсетеді. «Шамдардың» мұнаралық көлемдері үшінші қабаттың жайларына жарық түсіреді. Оның ортасында ағаштар, гүлзарлар мен сәнді бассейндері бар ішкі аула орналасқан, ол «мұражай болдыруының» тиімді құралы болып табылады. 1982 жылы мұражай ғимараты республикалық маңызындағы Қазақ КСР тарих пен мәдениет ескерткіштер тізіміне енгізілген және мемлекет қорғауына алынған.

Мұражай жайында топтаманың сақталғандығы ерекше орын алады. Мұражайдың барлық жайлары орталық кондиционерімен қамтамасыз етілген, олардың ішінде тұрақты температура, дымқылдық пен жарық тұрақты болып ұсталады. Температура мен дымқылдықты өлшеу және реттеуді білікті климатолог мамандар бақылап отырады.

Құрылудың алғашқы күндерінен мұражай Қазақстан Республикасының көркем өнер өмірінің басты орталығы болды. Көптеген жылдар бойы оның топтамасында Батыс Еуропа, орыс, кеңес одағы өнерінің, Шығыс елдері, Қазақстанның бейнелеу және қолданбалы өнері шеберлерінің туындалары жиналған.

Бүгінгі күнде мұражайда елдің ұлттық игілігін құрайтын 23 000 бағалы экспонаттар бар. Ұлттық және әлемдік мәдениетінің қазынасы мұражайдың 14 залында көрсетілген. Мұқият жоспарлы жұмыстың нәтижесі болған қазақстандық бейнелеу және қолданбалы өнері туындыларының топтамасы толықтығы мен сан алуандығымен ерекшеленеді.

Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік мұражай топтамасы Қазақстан Республикасының қолданбалы және графикалық өнер туындыларының ірі мұрағаты және ТМД елдеріндегі үздік топтамаларының бірі болып табылады.

Мұражай қорына бұрынғы шеберлердің суреттері, бұрынғы орыс өнері (иконалар), Қазақстан суреттері, графика, зергерлік бұйымдар, тері, тігіншілік, киіз, гобелен, қазіргі сәндік-қолданбалы өнері, бағытталған топтама және мүсіндер кіреді.

Мұражай қызметкерлері үнермі жаңа экспонаттарын іздеу және экспозицияларын үлкейту бойынша зор еңбекті жұмысты атқарып жүр. Мұражайда үнемі алыс және жақын орналасқан шетел елдерінен келген көрмелер өткізіледі, халықаралық ғылыми конференциялар мен семинарлар ұйымдастырылады.

  • Достарға әңгімеле:
«Ғылым ордасы» РМК Сирек кітаптарының мұражайы 2010 жылы ашылғаны Қазақстанның мәдени және рухани өміріндегі маңызды оқиға болып табылады. Мұражай экспозициясының басты мақсаты бірегей басылымдарының үлгісі бойынша кітаптың қолжазбаларынан бастап полиграфияның өнерінің қазіргі үлгілеріне дейінгі өткен жолын көрсету болып табылады. Осыдан басқа, қаланың барлық кітапқұмарларының назарын өзіне мұражай отанның тарихы мен кітап мәдениетін насихаттау орталығы ретінде қаратады. 

Мұражайлар
Сирек кітаптарының мұражайы

«Ғылым ордасы» РМК Сирек кітаптарының мұражайы 2010 жылы ашылғаны Қазақстанның мәдени және рухани өміріндегі маңызды оқиға болып табылады. Мұражай экспозициясының басты мақсаты бірегей басылымдарының үлгісі бойынша кітаптың қолжазбаларынан бастап полиграфияның өнерінің қазіргі үлгілеріне дейінгі өткен жолын көрсету болып табылады. Осыдан басқа, қаланың барлық кітапқұмарларының назарын өзіне мұражай отанның тарихы мен кітап мәдениетін насихаттау орталығы ретінде қаратады.  

Спорт пен олимпиада даңқының республикалық мұражайы Алматы қаласында және қаланың ескі ғимараттардың бірінде орналасқан. Осы үй Алматы қаласының орталығында 160 жылдан астам уақыт бойы тұр, XIX ғасырдың ортасында салынды. 

Мұражайлар
Спорт пен олимпиада даңқының республикалық мұражайы

Спорт пен олимпиада даңқының республикалық мұражайы Алматы қаласында және қаланың ескі ғимараттардың бірінде орналасқан. Осы үй Алматы қаласының орталығында 160 жылдан астам уақыт бойы тұр, XIX ғасырдың ортасында салынды.