Түркістан қалашығы – ғасырлар ширегінде қазақ елінің тарихында маңызды роль ойнаған Қазақстанның көне қалаларының бірі. Қалашық Оңтүстік-Қазақстан облысындағы қазіргі Түркістан қаласының аумағында орналасқан. Қала сауда жолдарының қиылысында орналасқандықтан ұзақ уақыт бойы өңірдің саяси және мәдени орталығы саналды. Сонымен бірге, қаланың сыртында және ішінде орналасқан көптеген көрнекті діни ғибадатханалардың арқасында ортаазиялық мұсылмандар үшін қасиетті қала – кіші Мекке атағына ие болды.



Қала Х ғасырдан бастап Шауғар ретінде белгілі. ХІІ-ХІІІ ғасырларда Шавғар өзінің мәдени-сауда маңыздылығын жоғалтып, қараусыз қалады, округ орталығы Яссы-Түркістанға ауыстырылады. Орта ғасырларда қала дамып келе жатқан сауда жолында ыңғайлы орналасқандықтан қарқынды гүлдену кезеңін өткереді. ХІІ ғасырда қалада ақын, ойшыл Қожа Ахмет Яссауи өмір сүріп, осы жерде дүниеден өтеді. 1396-1398 жылдары әмір Темірдің бұйрығымен Қожа Ахмет Яссауидің ескірген кесенесінің орнына жаңа көрнекті мемориалды кешен тұрғызыла бастайды. XVI—XVIII ғасырларда қала Қазақ хандығының астанасына айналады. Мұнда көптеген белгілі қазақ хандарының ордасы орналасқан.



Бүгінде қаланың тарихи орталығының аумағы 88,7 га құрайды. Археологиялық зерттеулердің нәтижесінде кесене ғимаратына солтүстік-шығыстан жалғасқан және қамал қабырғаларымен шектелген қалашықтың бөлігі оның орталығы – қамалы болғаны анықталды. Қаланың осы бөлігінде Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, «Хильвет» жерасты мешіті, Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі, әйгілі жартылай жер асты Шығыс моншалары орналасқан. Осы жерде некрополь аумағында XV-XVII ғасырларда пайда болған сағаналар - қазақ хандығының негізін қалаушылар Тәуке, Тәуекел, Жәңгір, Есім, Абылайдың кесенелері орналасқан. Қамалдан батысқа және оңтүстік-шығысқа қарай алаңы шамамен 23,5 га (350 х 670 м) дұрыс емес төртбұрыш түріндегі шахристан аумағы орналасқан. Солтүстік және батыс жақтан бұл аумақты бүгінгі күнге дейін ізі анық білінетін шеттерінде мұнаралары бар қамал қоршаған. Оңтүстік қабырға соншалықты анық емес, бірақ мұнда шахристан ішіндегі мәдени шөгінділерінің қуаттылығын көрсететін айтарлықтай деңгей айырмасы бар. Негізі 1,2-1,4 метрге дейін қалың биік дуал ретінде саздан салынған рабад қабырғасы кейбір учаскелерде әлі күнге дейін сақталған.



Әрине, Түркістан аумағындағы ең көрнекті ескерткіш Қожа Ахмет Яссауи кесенесі болып табылады. Күйдірілген кірпіштен қаланған биіктігі 38 метр ғимарат көптеген орын-жайлардан тұратын кешенКесененің күмбездері мен сыртқы қабырғалары көгілдір керамикамен және әсем фрескалармен қапталған. ,имараттың үлкен порталы және бірқатар күмбездері бар. Оның орталық залы қазандықтың айналасында түрлі мақсаттағы 35-тен астам орын-жай біріктірілген. Оның құрамына тайқазанға арналған кешендегі ең үлкен орталық зал, кесене, мешіт, үлкен және кіші сарай залдары, кітапхана және шаруашылық кешен – құдық, асхана, тұрғын және өзге орын-жайлар кіреді.



Түркістанды алғаш рет Орынбор өңірінің ғалымы П.И.Рычков зерттеген. Ол Түркістан бұрынғы Яссының орнында тұрғанын көрсетті. 1867 жылы Орыс археологиялық қоғамының тапсырмасы бойынша Түркістан қалашығына П.И. Лерх зерттеу жүргізді. Ол қазіргі Түркістанның орнында Яссы тұрғанын ғылыми тұрғыдан дәлелдеп берді. Түркістан қаласы туралы революцияға дейінгі зерттеу ішінде В.В.Бартольд пен А.И.Добромысловтың жұмыстарын атап өту қажет. В.В.Бартольд Яссы-Түркістан-Шауғар қалалары бір деп санады. Алғашқы археологиялық қазба жұмыстарын 1928 жылы М.Е.Массон жүргізді. Қазіргі Түркістан қалашығы аумағының ерте қоныстанғаны жайлы деректерді Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен оңтүстік-шығысқа қарай 300 м қашықтықта орналасқан Құл-Төбе дөңесін 1973 жылы зерттеген Т.Н. Сенигова берді.

  • Достарға әңгімеле:
Подробнее
Тур
Түркістан қалашығы
Оңтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театры Шымкент қаласының Әл Фараби алаңында орналасқан. Театр Қазақстанда өзінің өзгеше және дарында қойылымдарымен, сонымен қатар тарихымен белгілі, бұл Қазақстанда ашылған алғашқы театрларының бірі болып табылатынын айтсақ жеткілікті.

Ескерткіштер
«Оңтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театры»

Оңтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театры Шымкент қаласының Әл Фараби алаңында орналасқан. Театр Қазақстанда өзінің өзгеше және дарында қойылымдарымен, сонымен қатар тарихымен белгілі, бұл Қазақстанда ашылған алғашқы театрларының бірі болып табылатынын айтсақ жеткілікті.

Қарашаш ана кесенесі – ХІХ ғасыр сәулетінің тарихи ескерткіші. Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы Сайрам ауылындағы ескі зират аумағының негізгі екі көшесі қиылысына жақын жерде орналасқан.

Ескерткіштер
Қарашаш ана кесенесі

Қарашаш ана кесенесі – ХІХ ғасыр сәулетінің тарихи ескерткіші. Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы Сайрам ауылындағы ескі зират аумағының негізгі екі көшесі қиылысына жақын жерде орналасқан.