С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облысының қазақ драма театры 1932 жылы ашылған. Алғашқы спектакльдерінен бастап, театр көрермендердің жылы қарауына және театр қоғамының ықыласына бөленген. 1964 жылы театр труппасының шығармашылық жетістіктері марапатталып, оған Сәкен Сейфуллиннің есімі берілген.
Ұзақ шығармашылық жылдары бойы театр сахнасына көптеген атақты қазақ актерлері шыққан, ал театр қойылымдарын жасауға атақты режиссерлер қатысқан. Сахна шеберлері мен ҚР еңбек сіңірген әртістер театрдың негізін салушылары болып табылады, олар: З. Қошкимбаев, А. Шаймерденов, Т. Жабаев, ҚР халық әртістері Ж. Шашкина, Н. Атаханов, әртістер М. Бектенов, С. Тұнғышбаев, М. Баязитова, Н. Жабаев, С. Жунусов және т.б.
Театр қойылымдарын жасауға: Б. Атабаев, М. Бекхожин, М. Байсеркенұлы, А. Дүйсебаев, Ж. Есенбеков, М. Қамбаров, М. Қосыбаев, А. Құлданов, А. Мамбетов, Е. Обаев, Г. Оганесян, Ж. Омаров, А. Оразбеков, А. Салимбаев, Е. Тапенов, А. Тоқпанов, Т. Тұңғышбаев сияқты дарынды режиссерлер зор үлес қосты.
Көптеген атақты және дарында адамдардың кәсіпқойлығы мен шығармашылығына жан-тәнімен берілуінің арқасында С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облысының қазақ драма театры сахнасына көптеген ұлттық және әлемдік театр классикасының туындылары шықты.Театр репертуары: М. Әуезовтің, К. Аманжоловтың, Т. Ахтановтың, С. Балғабаевтың, К. Бекхожиннің, С. Жүнісовтің, Иран-Ғайыптың, Д. Исабековтың, Б. Майлиннің, С. Мұқановтың, Г. Мүсіреповтың, Т. Нұрмағанбетовтың, С. Сейфуллиннің, А. Тарази, Ч. Айтматовтың, Ж. Ануйдің, Н. Гогольдің, Ү. Ғажыбековтың, К. Гальдони, Г. Грибоедовтың, Еврипидтің, О. Иоселианидің М. Кәрімнің, Лопе де Веганың, А.Островскийдің, Н. Хикметтің, У.Шекспирдің, Ф. Шиллердің т.б.шығармашылығымен көрсетіледі.
Театр ұжымы ұлттық және халықаралық сайыстар мен фестивальдеріне бірнеше рет қатысып, жоғары сыйлықтар мен сыншылардың жағымды пікірлеріне ие болды.
Ж. Жабаевтың 150-жылдығына (Жезқазған, 1996) арналған Республикалық фестивалінде А. Оразбековтың «Жалғыз тұрған алма ағашы» жүлделі орынға ие болды. Г. Гориннің «Геростратты ұмыту» атты қойылымы Алтыншы Республикалық фестивалінде (Карағанды, 1999) Гран- При алды. Эксперименттік театрларының Халықаралық фестивалінде (Каир, 2000) М. Ғаппаров пен Г. Ғаппарованың «Киотоға апаратын жол» пьесасы Мысыр Мәдениетінің Министрлігінің арнайы сыйлығының иегері болды. Театрлардың республикалық фестивалінде (Петропавл, 2001) Ш. Мұртазаның «Домалақ ана» спектаклі жүлделі орынға ие болды. Республикалық фестивалінде (Астана, 2006) Ш. Айтматовтың «Ана даласы» қойылымы «Тарихи тақырыптамасын ашудағы жаңалық үшін» номинациясында марапатталған. Біржан Салдың 175-жылдығына арналған Республикалық фестивалінде (Қарағанды, 2009) М. Әуезовтың «Абай» спектаклі Гран При ұтып алды. Халықаралық жиырма үшінші фестивалінде (Мысыр, 2010) Ш. Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» шығармасы бойынша «Мәңгүрттер...» пьесасы «Халықаралық сертификатқа» ие болды. 2011 жылы Ялта қаласындағы (Қырым, Украина) «Театр. Чехов. Ялта» халықаралық фестиваліне қатысып, «Аңыз бен ертегіні нақтылы түрде көрсету» номинациясының иегері болды.
Айта кететін жайт, салиқалы жасы мен шығармашылық еңбектеріне қарамастан, жақын уақытқа дейін театрдың өзіндік ғимараты болмай, К. С. Станиславский атындағы Қарағанды облысының орыс драма театрымен бірге бір ғимаратта жұмыс істеді. 2008 жылдың желтоқсан айында театр мен Қарағанды қаласының тұрғындарының көржылық арманы орындалды. Ақырында Қарағанды облысының қазақ драма театры жеке ғимаратына ие болды. Жаңа театр Бұқар жырау мен Бейбітшілік Бульвары көшелерінің қиылысуында ескі «Жазғы театрдың» орнында салынған. Театр ашық болып, өзінің жаңа қызықты қойылымдарымен қуанту үшін көрермендерін күтуде.
Бәлкім, Құнанбай Өскенбаевтың мешіті Қарағанды облысында орналасқан шағын Қарқаралы қаласының ең басты көрікті жері болып табылады. Бұл біздің елімізде қазақтың ең көне мешіттердің бірі болып табылады, оның құрылысы 1849 жылы басталды, мешіт 1853 жылы көптеген діншіл адамдар үшін ашылды.
Алаша ханның кесенесі Орталық Қазақстан мен Орталық Азиядағы ескерткіштері арасынан ерекше орынға ие болып табылады, ең бастысы ол өзінің бірегей сәулет-көркеөнер қасиеттерімен ерекшеленеді. Кесене XII ғасырдың ескерткіштеріне жатады, ол Қарағанды облысының Ұлытау ауданы Малшыбай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 2 шақырым жерде, Қаракеңгір өзенінің оңжағалауында орналасқан.