Мекен-жайы: Астана қаласы, Манас көшесі, 57-үй, Тел. (7172) 744646
Алтын және бағалы металдар мемлекеттік мұражайы 1990 жылы Алматы қаласында құрылды. Кейіннен, Республика елордасының ауысуына байланысты 2000 жылғы қазанда мұражай Астана қаласына көшіріліп, Президенттік Мәдениет орталығына орналысты.
Мұражай ғылыми-зерттеу және мәдени-көпшілік мекеме болып табылады - ежелгі көшпелілер дәуірінен этнографиялық қазіргі заманға дейін Қазақстанның зергерлік өнер бұйымдары мен кешендерінің негізгі қоймасы. Қор жыл сайын жаңа бірегей экспонаттармен толықтырылып отырады.
Мұражайдың басты қазынасы және қорлар мен экспозициялардың негізі – Алматы облысындағы Есік қорғанында 1969-1970 жж. жүргізілген Кемел Ақышев бастаған археологтар тобының қазбалары нәтижесінде табылған «Алтын адам» әйгілі кешені болып табылады. Табылған зат біздің дәуірімізге дейінгі V-IV ғғ. жатады. Биіктігі 6 метр, диаметрі 60 метр кеңдіктегі қорған Жетісуда, Алматы қаласына 50 км. шақырым жерде орналасқан. 4 мыңнан астам алтын бұйымдар соғу, қалыптау, оймалау, бұдырлау және т.б. техникалардың қолданылуымен жасалған. Алдын-ала болжам бойынша, сүйектер жауынгер сақ-тиграхаудтікі, өйткені биік, құлақшын сияқты шошақ төбелі ұзындығы 70 см бас киім ат, барыс, таутеке, ұшып бара жатқан құстар, жайылған ағаштар бейнеленген алтын пластиналармен және түйіндіктермен әшекейленген. Жауынгердің мойнында жолбарыстың басы түріндегі ұштары бар гривна болды, бұл сақтың атақтылығы мен жауынгерлік абыройының куәлігі. Сол құлағының бөбешігі деңгейінде бюразадан жасалған салпыншақтармен әшекейленген алтын сырға табылды. Түйіндіктердің орналасуында белгілі бір жүйе бар: олар бір-бірімен ұштары жалғасқан төбелері көкке қараған түйіндіктердің тізілімін құра отырып жатық сызық бойында орналасқан, ал келесі түйіндіктердің төменгі қатары төбелерімен ұштары қосылған орындарда тіркеседі. Біріге келе сақ көсемі киімінің әшекейлері бір композицияны құрайды – бұл ежелгі зергерлік өнерінің жоғары көркем, әрі ерекше туындылары. Олар әлемдік қоғамды сақтардың мәдениетімен, мифологиясымен, өнерімен және жазуымен таныстырады. Сақ жауынгерінің көшірмелері Қазақстанның көптеген қалаларында орналасқан, олардың бірі Алматы қаласының бас алаңындағы Тәуелсіздік Монументінің төбесінде тұр. Бүгінгі күні «Алтын адам» бүкіл әлемге әйгілі және Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің ең танымал нышандарының бірі.
Алтын және бағалы металдар мемлекеттік мұражайының экспозициясында Берел қорғаны, Аралтөбе қорғаны (б.д.д. ІІ ғ.), Шілікті қорғаны б.д.д. VIІ-IV ғ.ғ. сияқты белгілі археологиялық объектілерден алып келінген бірегей экспонаттар көрсетілген.
Мұражайда екі залдан тұратын тұрақты жұмыс жасайтын экспозиция жұмыс жасайды, бұл залдарда ерте көшпелі дәуір өнерінің бұйымдары және XVIII-XX ғғ. қазақтардың сәндік-қолданбалы өнері қойылған. Сонымен қатар мұнда уақытша тақырыптық көрмелер өткізіледі.
Мұражай қоры арнайы жабдықталған қоймаларда орналасқан. Археологиялық заттар сақтаудың жеке тобына бөлінеді. Бағалы металдан жасалған бұйымдар отқа төзімді темір сандықтарда сақталады. Мұражай өз коллекциясын, соның ішінде, шетелдерде де экспозициялар қойып және бұқаралық ақпарат құралдарында қызықы, әрі еліктіретін ақпарат беру арқылы насихаттайды.
Қордың келесі түрлері бар: археология, нумизматика, зергерлік әшекейлер (ерлер мен әйелдердікі) және тұрмыстық бұйымдар.
Мұражай қорында жалпы 6 514 экспонат бар. Негізгі қор – 6 267 дана.