Мекен-жайы: Алматы қаласы, Зенков көшесі, 24/А (Гоголь көшесінің бұрышы)
28 гвардиялық – панфиловшілер атындағы парк
Халық музыка аспаптарының мұражайы 1980 жылы ашылды. Тарих ескерткіштері мен өнер туындыларын жинап сақтаумен айналысатын осыған ұқсас мекемелер сияқты, мұражай Алматы қаласының бетке ұстар, мәдени көз тартарлық жерлерінің бірі. Мұражай ғимараты да Қазақстан тарихы мен сәулетінің ескерткіші болып табылады. Әйгілі сәулетші шебер А.П. Зенков 1908 жылы салған ХХ ғасырдың басындағы Верный қаласының қоғамдық құрылысының ағаш өнерінің үлгісі.
2012 жылы Мәдениет жылының аясында Мұражайда кең көлемді жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күні ғимараттың сыртқы келбеті ғана емес, экспозияциялардың орналасуы, жұмыс тұжырымдасы толығымен өзгертілген. Мұражай жаңғырту жұмыстарынан кейін 2013 жылғы 15 мамырда ашылды. Бүгін «Мәңгілік құндылықтардың жаңа экспозициясы» Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған көне қазақ, ТМД және әлем халықтарының музыкалық аспаптарынан бірегей жиынтығынан (аспаптардың 60-типіне бөлінетін 1000-нан астам сақтау бірлігі) тұрады.
Сонымен бірге жиынтыққа әйгілі қазақ суырып салма ақындары мен композиторларының аспаптары да кіреді.
Мұражай экспозициясына ақын, жырау және композиторлар - Абай, Жамбыл, Махамбет, Әміре Қашаубаев, Дина Нүрпейісова, Нұрғиса Тілендиев және мемлекетіміздің музыкалық мұрасының басқа да белгілі қайраткерлерінің жеке домбыралары қойылған.
Жетіген, адырна, сазген, дудыға, тоқылдақ сияқты сирек кездесетін аспаптар халық аңыздары мен жазба көздері арқылы жүргізілген ғылыми ізденістер нәтижесінде табылып, халық шеберлерінің этнографиялық суреттемелері бойынша жаңадан қалпына келтірілген.
Бүгін Халық музыка аспаптарының мұражайы – беделді ғылыми орталық. Оның қызметкерлері зерттеу жұмыстарын жүргізеді, белгісіз, ұмыт болған музыкалық атаулар мен атрибутталмаған (көшірмелері сақталмаған) шығармаларды іздеумен, оларды ғылыми және мәдени қолданысқа енгізумен айналысады.
Келушілер үшін 7 экспозициялық зал ашылған: археология, ұрмалы-шулы және үрлемелі аспаптар, мемориалды музыкалық аспаптар, домбыра және қобыз - ішекті аспаптар, әлем халықтарының аспаптары залдары, уақытша көрмелер мен тұсаукесер залы және концерт залы.
Мұражайдың барлық қонақтары үшін қазақ халқының салты, әдет-ғұрпы, тұрмысы туралы танымдық ақпарат алуға болатын интерактивті мультимедиалық жүйе Media table бар. Сондай-ақ Мұражайда ұлттық аспаптарды жасау технологиясын көрнекі түрде көруге болатын Қолөнершінің шеберханасы жұмыс жасайды. Жәдігерлік дүкендегі ұлттық жәдігерлік өнімдер ерекше сұранысқа ие. Әркім өз оркестрінің дирижері бола алатын Киннект ойын бөлмесі шынайы қызығушылықты тудырады. Келем деушілерге Концерт залы мен қазіргі заман экспозизиялар залы ашық. Сонымен бірге Мұражай корпоративті концерттер, семинарлар, тренингтер мен шеберлік-класстарын өткізу үшін орын-жайларды ұсынады.