«Атамекен» Қазақстанның картасы» этно-мемориалдық кешені 2001 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша ашылды.

«Атамекен» этнокешенін құрудағы және қызметінің негізгі мақсаты тарихи-мәдени және рухани құндылықтардың сақталуын, қолжетімділігін қамтамасыз ету және халықты оларға араластыру, Қазақстан мәдениетінің жетістіктерін насихаттау, Қазақстанның барлық табиғи аймақтары мен экономикалық жетістіктерінің көптүрлілігін көрсету, мәдени құндылықтарды сақтау және еселей түсу болып табылады.

Көптеген түркі тілдерінің аудармасында «Атамекен» сөзін «Ата-бабалар жері» деп аударуға болады. Бұл ашық аспан астындағы ғажайып мұражайға бару бірнеше сағат ішінде бүкіл Қазақстанды аралап көруге, барлық облыстармен, көрікті жерлермен, табиғи ландшафттармен танысуға мүмкіндік береді. Қазақстан аумағының алаңы бойынша әлемде 9-орын алатыны белгілі, дегенмен мұнда бүкіл елді алақандағыдай көруге болады.

Қалалар, елдер мен халықтар тарихын көрсетудің аса қызықты тәсілі көптеген елдерде: Австрияда, Бельгияда, Ұлыбританияда, Германияда, Швейцария мен басқа елдерде танымал. Атамекен басқа елдердің саябақтарына ұқсас салынған және әлем саябақтарының ішінде бірегейлерінің бірі болып табылады. «Атамекен» Қазақстанның картасы» - Қазақстанның әлеуметтік-мәдени және өнеркәсіптік объектілерін ғана емес, сондай-ақ ландшафтын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін бейнелейтін әлемдегі бірден-бір саябақ.

1,7 га алаңда (екі футбол алаңы) елді алақандағыдай көруге және оның сәулет-ландшафт тарихымен танысуға болады. Картада 14 облыс пен 2 республикалық маңызы бар қала – Астана мен Алматы орналасқан. Мұнда табиғи-климаттық аймақтар мен ландшафттардың, сәулет мен қара құрылысы ансамбльдерінің сан түрлілігі паш етілген. Десек те, ең бастысы – тарих және мәдениет ескерткіштері екені сөзсіз: Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен Бұқтырма СЭС, Президенттің Резиденциясы мен Қарақия ойысы. «Атамекен» Қазақстан картасының қызығушылық туғызатын бөлігі Каспий теңізінің декоративті түрде ресімделген моделі болып табылады. Миниатюралар саябағында 200-ден астам көрікті жерлер орналасқан және олардың саны біртіндеп ұлғаюда.

Саябақтың орталығында аренасы бар ашық форум орналасқан, онда мерекелер, шерулер мен басқа да бұқаралық іс-шаралар өткізіледі. Бұған қоса мұнда қолөнер шеберханалары да баршылық, онда қолданбалы өнер шеберлерінің бұйымдарын, сондай-ақ Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген кәдесыйларды сатып алуға болады.

Алғашқы ашылған күнінен бастап «Атамекен» Астананың басты көрікті орындарының біріне айналды. Жыл сайын кешенді жақын және алыс шет елдерден келген 10 мыңнан астам қонақ тамашалайды.

«Картамен» жұмыс айқындылығы бойынша аяқталуға тиіс емес: Қазақстан өркендеп, даму үстінде болғанда жаңа объектіге орын табылмақ. Ерекше тарихи оптимизмнің негізі де осында – халық игілігіне берілген уақыт ішінде саябақтың бірде-бір объектісі жоғалған жоқ, қайта тұрақты түрде толығып келеді. Таяу уақытта кешенге ауқымды реконструкциялау жүргізу, сондай-ақ EXPO-2017 көрмесіне арналған жаңа павильон ашу жоспарланып отыр.

  • Достарға әңгімеле:
Подробнее
Тур
Атамекен — Қазақстанның пішінді картасы, ашық аспан астындағы бірегей мұражай
Бұрын Ақмола облыстық мұражайы ретінде танымал болған Астана қаласының қазіргі заман өнер мұражайы көпшілік үшін тың және тыңайған жерлерді игерудің 25-жылдығына орай 1980 жылғы 2 қазанда ашылды.

Мұражайлар
Астана қаласының қазіргі заман өнер мұражайы

Бұрын Ақмола облыстық мұражайы ретінде танымал болған Астана қаласының қазіргі заман өнер мұражайы көпшілік үшін тың және тыңайған жерлерді игерудің 25-жылдығына орай 1980 жылғы 2 қазанда ашылды.

Әйгілі ақын, жазушы, көрнекті қоғам және мемлекеттік қайраткері Сәкен Сейфуллиннің әдеби-мемориалдық мұражайы ҚазКСР Министрлер Кеңесінің шешімімен 1988 жылғы 20 ақпанда қазір Астана ретінде танымал Целиноград қаласында ашылды.

Мұражайлар
Сәкен Сейфуллин атындағы әдеби-мемориалдық мұражай

Әйгілі ақын, жазушы, көрнекті қоғам және мемлекеттік қайраткері Сәкен Сейфуллиннің әдеби-мемориалдық мұражайы ҚазКСР Министрлер Кеңесінің шешімімен 1988 жылғы 20 ақпанда қазір Астана ретінде танымал Целиноград қаласында ашылды.