Мекен – жайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11. Телефоны: +7 (7172)75-12-14

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы Елбасының 2004 жылғы 28 тамызы күнгі Жарлығымен құрылған. Алғашқы келушілерін мұражай 2005 жылдың наурыз айында қабылдаған. Ол Президенттің Резиденциясы ғимаратында орналасқан. Мемлекет Басшысы жұмыс атқарған кезеңдегі жұмыс кабинеттері мен залдардың интерьері мен жабдықтары сол күйі өзгертілмей сақталған.

Мұражай экспозициясында мұрағаттық құжаттар, ғылыми еңбектер, кітаптар, сыйлықтар жиынтығы, марапаттаулар мен егеменді Қазақстан тарихына жататын және еліміздің Тұңғыш Президентінің өмір сатылары, мемлекеттік және қоғамдық қызметтерінен хабар беретін басқа да материалдар сақталуда. Бүгінгі таңда мұражай қоры 124.000 сақтау бірліктерін қамтиды. Мұражайлық топтама 8 мыңнан астам көрме қойылымдарына ие. Елбасының жеке кітапханасында кітаптар мен баспа басылымдарының 16.000 данасы ұсынылған.
«Атамекен» залында Тұңғыш Президенттің жас кезең өмірімен таныстыратын экспозициялар ұсынылған. Бұл залда сәндік – көркемдік өнер туындылары, үй тұрмыстық заттары, фотосуреттер мен мұрағаттық құжаттар Н.Ә.Назарбаевтың туған жері, жанұясы, балалық шағы, мектеп жылдарынан сыр шертеді. Экспозицияны Іле Алатауы баурайындағы көркем Үшқоңыр шатқалының диорамасы аяқтайды. Президент биографиясына арналған келесі зал – «Н.Ә.Назарбаевтың еңбек жолы» деп аталады, онда Президенттің Теміртау қаласындағы металлург зауытындағы жұмысы, Днепродзерджинск техникалық училищесіндегі оқуымен байланысты экспонаттар, фотоқұжаттары, күнделігі, құттықтау телеграммалары, КОКП XXVI съезіне Қарағанды облысынан делегация болғандығы туралы куәлігі тұр.

Қазақстан Республикасының қалыптасу мәселелеріне арналған экспозиция бұрынғы Резиденцияның отырыс залында орналасқан. Бүгінгі таңда бұл залда көрсетілген мұражайлық экспонаттар жүйелі түрде тәуелсіз Қазақстанның конституция – құқықтық, территориялық, стратегиялық, экономикалық, әлеуметтік және саяси реформалардың тарихин ашып көрсетеді. Мұрағаттық құжаттар, фотографиялар, карталар, эскиздер – бұл үдерістердің ел үшін маңыздылығын көрсетеді.

Көркем залдардың бірі – Күміс залында шетел елдерінің жоғары марапаттауларының бірегей көрмесі «Президентке марапат – халыққа құрмет» көрсетілген. Экспозиция Н.Ә.Назарбаевқа 1972 жылы берілген «Құрмет белгісімен» басталады. Залда әртүрлі мемлекеттерден алынған жоғары марапаттаулардың сирек кездесетін үлгілерін көруге болады: Әулие апостол Андрей Первозванный ордені (Ресей Федерациясы), Үлкен Құрмет Жұлдызы (Австрия), Әулие Михаилдің Үлкен Крест ордені мен Бірінші дәрежелі Әулие Георгийдің ордені (Ұлыбритания), Ұлы Бадр алқасы (Сауд Арабия Әмірлігі), т.б. Салтанатты күмбез залында сыйлықтар– Мемлекет басшысына іскери кездесулер мен келісімдер, ресми сапарларында берілген өнер, мүсін, сәндік – қолданбалы өнер туындылары орналастырылған. Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өткізілген залда Елбасымызға сый ретінде ұсынылған қару – жарақтың әр түрімен ерекшеленеді. Олардың ішінде саптық, аңшылыққа арналған, қорғау және оқ ататын қарулардың бірегей үлгілері бар.

Келушілердің назарын өзінің бастапқы қалпын сақтап қалған Мемлекет басшысының кабинеті ерекше алады. Үстел үстіндегі жазба құралдары, жазба және белгілері бар блокнот, сөз сөйлеу тезистері мен құжаттар Президенттің күнделікті жұмыс күнінің атмосферасын тудырады.

Елдің спорттық жетістіктері көрсетілетін залда спорттық бұйымдар мен олимпиада чемпиондары, әлем чемпиондары мен VII Қысқы Азия ойындарының жеңімпаздарының олжалары халық назарына ұсынылады: Бахтияр Артаевтың веногы, Василий Жиров пен Марат Әзімбаевтың белбеулері, Серік Сапиевтің боксер қолғаптары, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Александр Винокуров, Андрей Кашечкин, асан Базаевпен сыйға тартылған «алтын» велосипед, VII Қысқы Азия ойындарындағы марапаттаулар топтамалары. Экспозицияда ұзындығы 200 мыңдық жолды жүріп өтіп, әлемнің 80 еліне саяхат жасаған байк Дмитрий петрухиннің атақты «темір тұлпары» көрсетілген. Мұражайдщың кітаптық жиынтықтарында мемлекеттік және саяси қайраткерлердің қолтаңбаларымен бірге көптеген авторлық кітаптар, XVIII – ХІХ ғасырлардың басылымдары, Құран басылымының топтамасы, әлем елдерінің мәдениеті мен фольклоры бойынша кітаптар ұсынылады.

Мұражай көлемді жобалар аясында ірі көрмелік жұмыстарды ұйымдастырады. Олардың бірі төл дәстүрлеріміз, елдің әртүрлі аудандарының материалды және рухани мәдениетінің заттары көрсетілген «Болашаққа ұмтылған Қазақстан» жобасы болды. Барлық облыстардың мұражайлары ең белгілі және қызықты экспонаттарын алып келген. Басқа халықаралық «Мәдениет арқылы диалог» жобасы көрермендерге әлем халықтарының мәдениетін көрсетті. Тұңғыш Президент мұражайы ағартушылық қызмет аясында өзінің көрме қойылымдарын Қазақстанның облыстық мұражайларына шығарады, білім беру бағдарламаларын, мұражайлық сабақтарды ұйымдастырады. Ғылыми қызмет аясында мұражай тәуелсіз елдің қалыптасу және нығаю тарихы зерттеулерімен айналысады.

  • Достарға әңгімеле:
Подробнее
Тур
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы
Назарбаев орталығы Қазақстан тарихын зерттеу мен дәріптеу, тарихи мұраны сақтау мақсатында  2012 жылдың 23 наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған. «Назарбаев орталығы» оған 2012 жылдың наурызында бұрынғы Қазақстан Республикасының Президенттік Мәдениет орталығының қосылуы арқылы қайтадан ұйымдастырылған.

Мұражайлар
Назарбаев орталығы

 Назарбаев орталығы Қазақстан тарихын зерттеу мен дәріптеу, тарихи мұраны сақтау мақсатында  2012 жылдың 23 наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған. «Назарбаев орталығы» оған 2012 жылдың наурызында бұрынғы Қазақстан Республикасының Президенттік Мәдениет орталығының қосылуы арқылы қайтадан ұйымдастырылған.

Бұрын Ақмола облыстық мұражайы ретінде танымал болған Астана қаласының қазіргі заман өнер мұражайы көпшілік үшін тың және тыңайған жерлерді игерудің 25-жылдығына орай 1980 жылғы 2 қазанда ашылды.

Мұражайлар
Астана қаласының қазіргі заман өнер мұражайы

Бұрын Ақмола облыстық мұражайы ретінде танымал болған Астана қаласының қазіргі заман өнер мұражайы көпшілік үшін тың және тыңайған жерлерді игерудің 25-жылдығына орай 1980 жылғы 2 қазанда ашылды.