Спорт пен олимпиада даңқының республикалық мұражайы Алматы қаласында және қаланың ескі ғимараттардың бірінде орналасқан. Осы үй Алматы қаласының орталығында 160 жылдан астам уақыт бойы тұр, XIX ғасырдың ортасында салынды. Түрлі кезеңде осында полковник Сапожников жесірінің үйі, кейін бағбан Татариновтың үйі, санитарлық-эпидемилогиялық станция және ақырында Спорт пен олимпиада даңқының республикалық мұражайы орналасқан. Мұражай ғимараты XIX ғасырдың сәулет ескерткіші болып, мемлекет қорғауына алынған.

Спорт пен олимпиада даңқының мұражайы 2000 жылы ашылды, мұражайдың салтанатты ашылуына Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысқаны бүкіл Қазақстан үшін қаншалықты маңызды болғанын көрсетеді. Осындай мұражайдың Қазақстанда құрылу идеясы 1997 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Хуан Антонио Самаранчпен кездесуінен кейін жарияланды.

Мұражай экспозициясы ҚазМСТА бас корпусында орналасқан Жоғары жетістіктердің спорт мұражайы тапсырған экспонаттар арқылы қалыптастырылған. Өткен ғасырдың 60-шы жылдары экспонаттардың Олимпиада тарихын Кеңес Одағының грек-рим күресі бойынша еңбек сіңірген жаттықтырушысы Петр Филиппович Матущак жинауды бастады. Сол жылдары ол Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтының күрес кафедрасын басқарды, нәтижесінде дәл осы топтама мұражайдың негізіне кірді.

Мұражай қорларын қалыптастыруға Спорт пен дене шынықтыру жөніндегі комиеті, ҚР МОК, ЦСКА мен «Динамо» спорт ерікті қоғамдары, спорт түрлерінің федерациялары үлкен көмегін көрсетті.

Мұражайдың бүкіл экспозициясы жеті залда орналасқан, олардың ішінде егеменді Қазақстан, әлем чемпиондары, Еуропа мен Азия ойындары, салауатты өмір салты, Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері, ұлттық спорт түрлері залдары бар.

Мұражай қызметкерлері Қазақстанның ұлы спортшыларының жеке заттары мен жүлделерін аса құнды ғимараттарына жатқызады, мұражайда келесі заттар бар: Әлемнің мықты боксері Серік Қонақбаевтың күрес қолғабы және белбеуі, XXII ғасырдың Олимпиада ойындарының чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың борцовкалары мен трикосы, дүниежүзіне аты әйгілі, Олимпиаданың күміс медалін алған Қазақстанның алқашқы жеңіл атлет Ғұсман Қосановтың ішкі көйлегі, Олипиада ойындарының, әлем, Азия мен Азия ойындарының бокс спорт түрінен чемпионы Василий Жировтың алтын медальдері мен кубоктары.

Мұражай экспозициясындағы ерекше орында В.Жиров Атлантадағы (АҚШ) Олимиада ойындарында жеңіп алған және олимпиада маусымының үздік боксеріне берілетін Баркер Кубогы алып жатыр. Қазіргі кезде Баркер Кубогы Қазақстан Президентінің Мұражайында сақталуда.

Ұлттық спорт түрлері залы ерекше мәнге ие болып тұр, осында бәйге, қазақша күрес, тоғыз құмалақ және т.б. спорт түрлерінің тарихы мен сайыстары жайында айтылады.

Мұражайда қазақстандық чемпиондар әлем, Еуропа чемпионатында, ірі халықаралық турнирлерде жеңіп алған кубоктары, медальдері, фотосуреттер мен басқа раритеттер көрсетіледі.

«Марапатқа ие болмаған чемпиондар» тақырыбындағы фотосуреттердің қызықты топтамасы мұражай экспозициясында орталық орынды алып жатыр. Осында үлкен жетістікке жеткен, бірақ, өкінішке орай бірде-бір олимпиада медаліне ие бола алмаған спортшылардың өмірлері жайындағы әңгімелер мен фотосуреттер көрсетілген. Олардың арасында: ауыр атлетикадан әлем дүркін чемпионы Степан Ульянов, ерікті күрестен КСРО чемпионы Амангелді Ғабсаттаров, жеңіл атлеткадан Одақтың чемпионы мен рекордсмені Амин Туяков, әлемнің мықты еркін балуаны Әбілсейіт Айханов, көрнекті кикбоксинг чемпионы Сабыржан Махметов, бокстан КСРО екі мәрте чемпионы Әбдірашит Абдрахманов, Қазақстанның үздік футболисті Тимур Сегізбаев.

Мұражай топтамасы үнемі жаңа экспонаттарымен толықтырылады, спортшылар іс жүзінде әр ірі спорт сайысынан жүлделерді әкеліп, олардың көпшілігі мұражайға тапсырылады. Мұражай қызметкерлері әрдайым келушілерге қуанып, Қазақстан спортының маңызды жетістіктері жайында айтуға дайын.

  • Достарға әңгімеле:
Археология мұражайы Алматы қаласында орналасқан, ол Қазақстан Республикасында осындай бағдарындағы жалғыз мұражай болып табылады және қазақстандық мұражайтану жүйесінде ерекше орын алып жатыр.  

Мұражайлар
Археология мұражайы

Археология мұражайы Алматы қаласында орналасқан, ол Қазақстан Республикасында осындай бағдарындағы жалғыз мұражай болып табылады және қазақстандық мұражайтану жүйесінде ерекше орын алып жатыр.  

«Ғылым ордасы» РМК Сирек кітаптарының мұражайы 2010 жылы ашылғаны Қазақстанның мәдени және рухани өміріндегі маңызды оқиға болып табылады. Мұражай экспозициясының басты мақсаты бірегей басылымдарының үлгісі бойынша кітаптың қолжазбаларынан бастап полиграфияның өнерінің қазіргі үлгілеріне дейінгі өткен жолын көрсету болып табылады. Осыдан басқа, қаланың барлық кітапқұмарларының назарын өзіне мұражай отанның тарихы мен кітап мәдениетін насихаттау орталығы ретінде қаратады. 

Мұражайлар
Сирек кітаптарының мұражайы

«Ғылым ордасы» РМК Сирек кітаптарының мұражайы 2010 жылы ашылғаны Қазақстанның мәдени және рухани өміріндегі маңызды оқиға болып табылады. Мұражай экспозициясының басты мақсаты бірегей басылымдарының үлгісі бойынша кітаптың қолжазбаларынан бастап полиграфияның өнерінің қазіргі үлгілеріне дейінгі өткен жолын көрсету болып табылады. Осыдан басқа, қаланың барлық кітапқұмарларының назарын өзіне мұражай отанның тарихы мен кітап мәдениетін насихаттау орталығы ретінде қаратады.