«Ғылым ордасы» РМК Сирек кітаптарының мұражайы 2010 жылы ашылғаны Қазақстанның мәдени және рухани өміріндегі маңызды оқиға болып табылады. Мұражай экспозициясының басты мақсаты бірегей басылымдарының үлгісі бойынша кітаптың қолжазбаларынан бастап полиграфияның өнерінің қазіргі үлгілеріне дейінгі өткен жолын көрсету болып табылады. Осыдан басқа, қаланың барлық кітапқұмарларының назарын өзіне мұражай отанның тарихы мен кітап мәдениетін насихаттау орталығы ретінде қаратады.
Екі жыл бойы мұражай шеңберінде кітаптарының бірегей қоры құрылып жатқан. Осы уақыт ішінде мұражайға ҚР орталық ғылыми кітапханасы, А. Байтұрсынов атындағы Тілтану институты, жұртшылық пен ел ғылымының атақты қайраткерлері ондаған аса құнды кітаптарды сақтау үшін тегін берген.
Бүгінгі күнде, Мұражай қоры 500 астам сирек кітап пен қолжазбалардың топтамасын қамтиды. Хронология жағынан олар ХVІІІ-ХІХ ғғ.бастап ХХ-шы ғ. 40-шы жылдарына дейінгі мерзімді қамтиды. Мұражайда тарихи-мәдени және ғылыми мағынаға ие болатын ескі отандық және шетелдік қолжазбалар, араб, латын тілдеріндегі қолжазбалық және көне заманда басылған кітаптар сақталуда.
Мұражайдың экспозияциясы каталогқа және негізгі төрт бөлімге бөлінген: Қазақ даласының көне жазба мұрасы; Қолжазба – ғасырлар мұрасы; Ерте отандық басылымдар; Қазақстанның жазба және баспа ескерткіштері.
Мұражай топтамасында басқа да сирек қолжазбалар мен кітаптармен қатар Қ.Я.Яссауидің «Диуани Хиқмет» (Даналық кітабы) бірегей қолжазбасы көрсетілген. Исламды уағыздаған шығыс авторларына қарағанда Яссауи өз еңбектерін халыққа түсінікті болатын түркі тілінде жазған. Өз еңбектерінде ол үнемі қыпшақтың мақал-мәтелдері мен басқа да нақыл сөздерін пайдаланған. Біздің уақытымзға дейін жеткен Қ.А. Яссауидің «Диуани Хиқмет» туындысы өлеңдер жинағы болып табылады және ол дүниежүзінде жоғары бағаға ие болып, зерттелінеді.
Мұражай келушілерін қазақтың қолжазбалық дәстүрімен таныстыру мақсатында «Қолжазба – ғасырлар мұрасы» бөлімінде Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Біржан сал Қорамсаұлы, Балуан Шолақтың қолжазба жинақтары көрсетілген.
«Қазақстанның жазба және баспа ескерткіштері» бөлімінде алғашқы қазақстандық басылымдары көрсетілген. Экспозиция ұлттық басылымдарының пайда болу тарихи жағдайын, алғашқы ұлттық газеттерінің тарихы және тағдырын ашады.
Мұражайда көне заманда басылып шығарылған кітаптар, алғашқы басылымдар, көрнекті қоғам қайраткерлері көзі тірісінде жазған тарихи және өлкетану құндылығына ие болатын туындылар мен қолжазбаларды қамтитын «Ғасырлар тереңдігінің қазынасы » экспозициясы әрекеттейді. Сонымен қатар осында қазақ халқының этнографиясын, әдебиеті мен тарихын зерттеген ғалымдарының ғылыми кітаптар топтамалары мен XVIIІ-ХІХ ғғ.атақты жазушыларының көзі тірісінде шығарылған басылымдар қойылған.
Мәдени-ағартушылық жұмыстың шеңберінде Сирек кітаптар мұражайы келушілер арасында танымал болып табылатын тақырыптық көрмелерді өткізіп отырады. Мұражайда бірнеше жыл ішінде «Кішкентай кітаптардың топтамасы»; «Уақыт ағымындағы кітаптар»; «Орыс зерттеушілері көрсететін қазақ даласы» (көрнекті ғалымдардың Н.И.Ильминскийдің 190-жылдығына, П.П. Семенов Тянь-Шанскийдің 185-жылдығына, В.В. Радловтың 175- жылдығына, В.В. Катаринскийдің 115-жылдығына, Л.Н.Гумилевтың 100-жылдығына арналған): «Ы.Алтынсариннің мұрасы» (халық ағартушы Ы. Алтынсариннің 170-жылдығына арналған); «Шығыс Еуропаның сирек кітаптары (ХVII-XIX ғғ.)»; Д.А. Қонаевтың жеке кітапханасынан алынған кітаптар мен қолжазбалардың көрмесі (мемлекеттік қайраткердің туған күнінен 100 жыл өткеніне арналған); «Алғашқы басылған қазақ кітаптар»; «Латын графикасындағы қазақ кітаптар» және т.б. сияқты көрмелер өткізілген.
Мұражай қызметкерлері ғылыми және білім беру жұмысқа зор көңіл бөліп отырады, осында үнемі арнайы орта және жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған экскурсиялар, лекциялар мен кеңес берулер, сонымен қатар ғылыми-тәжірибелік семинарлар, конференциялар өткізіліп отырады.