Археология мұражайы Алматы қаласында орналасқан, ол Қазақстан Республикасында осындай бағдарындағы жалғыз мұражай болып табылады және қазақстандық мұражайтану жүйесінде ерекше орын алып жатыр.

Мұражай 1973 жылы Қаз КСР Ғылым Академиясының тарих, археология және этнография институтының жанында Қазақстан Компартиясының ОК хатшысы Д. А. Қонаевтың бастамасы бойынша ашылды.

Мұражайды ашудың негізгі идеясы Қазақстан Республикасының территориясында жиналған археологиялық материалдарды сақтау және ғылыми зерттеуге арналған орталықты құру болып табылады.

2010 жылы мұражай «Ғылым ордасы» ғылыми кешенінің құрамына кіреді. Бүгінгі күнде ол бірегей артефакттардың аса құнды қазынасы, Қазақстанның көп ғасырлық дәстүрлері мен тарихының қоры болып табылады. Мұражай қорларында 4000 астам экспонат бар, экспозицияда 1000 астам археологиялық олжалар бар.

Іс жүзінде мұражайды ашылудан кейін ол бірегей экспонаттардың мол топтамасына ие болды. . Бұл қазақстандық археологтар тапқан көптеген заттар болды –металлдан, шыныдан, керамикадан, сүйектен жасалған бұйымдар: қару, еңбек құрал-саймандары, тұрмыстық заттар мен археология ескерткіштері, яғни көне елді мекендерінде, қалаларда, қорғандарда жасалған ғылыми зерттеудің нәтижесінде жиналған алтын мен күмістен жасалған зергерлік заттар.

Осылай Археология мұражайын құру қазақстандық ғалымдарының бірнеше буынының жұмысымен тікелей байланысты және ұлттық археологиялық ғылымның жалпы дамуының үдерісінің нәтижесі болды. Мұражайдың құрылуына қазақтың атақты ғалымдары ұлттық мұраны сақтау және ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу мақсатында қатысты: Ә.Х. Марғұлан, А.Н. Нүсіпбеков, К.А. Акишев, Х.А. Алпысбаев, М.К. Қадырбаев, А.Г.Максимова, К.А. Байпақов.

Қазақстандық археологтар елдің барлық аймақтарында жүргізген көп жылдық іздеулер Қазақстанның көне және орта ғасырлық тарихын тамаша көрсететін мол бірегей материалды жинауға жағдай жасады.

Мұражай экспозициясының орталық орнын Есік қорғанында табылған «Алтын адамға» арналған бөлім алып жатыр. Қазақстандық археологтар тапқан осы олжа әлемдік мағынаға ие. Есік қорғаны Қазақстан ғалымдарына біздің ата-бабаларымыздың, б.з.д.V–IV ғғ. өмір сүрген сақтардың өзіндік тарихын зерттеуге мүмікндік берді. Реставраторами была произведена реконструкция одежды и изготовлена копия древнего костюма. Қайта қалпына келтірушілер киімді қайта қалпына келтіріп, көне костюмын дайындады. Белгілі «аң стилінің» үлгілері Есік қорғанынан табылған жауынгердің костюмында айқын көрініп тұр.

Б.з.д. V ғ. Жетісудың белгілі тағы бір ескерткіші – қорғандардың жерлеу құрылысы мен техникасы жөніндегі қызықты мәліметті алуға мүмкіндік береді. Мұражай экспозициясы Бесшатыр қорғандары бірінің жерлеу камерасы болып табылған тянь-шань шыршаларынан дайындалған қабірі мұражай экспозициясында ерекше орын алып жатыр. Қоладан жасалған бұйымдардың қызықты тобын Жетісудың көне ғибадатханаларындағы қазба жұмыстары барысында табылған сақ және үйсін қазандар мен темекі тартатын орындары құрайды. Олар сақтар мен үйсіндердің діни көзқарастарын анықтауға мүмкіндік береді. Орта ғасыр дәуірі Қазақстан территориясы арқылы орасан зор ұзындықтан өтетін Ұлы Жібек жолында орналасқан көне түркілердің жерлеу орындары мен қалаларында өазба жұмыстарынан алынған материалдары арқылы көрсетіледі. Түрлі мемлекеттердің өзіндік өнері мен сәулеті, көркем кәсіптер, тауарлар ортағасырлық Қазақстанның қалалануының жоғары деңгейін көрсетіп тұр. Отырар, Тараз, Түркістан, Қаялық, Тальхир, Алматы Еуразияда белгілі қалалар.

Ортағасырлық залдың экспозициясында көне түркі тас мүсіндер, Айша Бибі және Қожа Ахмет Яссауи кесенелерінің үлгілері, Сырдария маңындағы Кедер қаласындағы салтанатты залында қойылған жоғары көркемдік сырлы ағаш, Жетісудағы Жамұқат пен Құлан қалаларының кесенелерінен алынған балшықтан жасалған сырлы панельдерінің қалдықтары ерекше орын алады.

Мұражайдың бірегей экспонаттары Алматы, Жезқазған, Түркістан, Шымкент, Павлодар қалаларындағы көрмелерде сәтті түрде көрсетілген. Қазақстанның елордасаы Астанада үнемі ”Қазақстанның көне қазынасы” көрмелері өтіп жатыр.

2013 жылы Археология Мұражайы өзінің 40-жылдығын атап өтті, осы күннің құрметіне мұражай шеңберінде «Қазақстан археологиясы:нәтиже мен келешек» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.

Мұражайдың бай топтамасы, бірегей экспонаттар үнемі бүкіл әлемдегі ең ірі көрмелік алаңдардың назарын өзіне қаратады. Археология мұражайы іс жүзінде дүние жүзінің барлық континенттерінде көптеген көрмелерді өткізді, және олардың барлығы жоғары бағаға ие болды.

Қазіргі кезде мұражай ұжымы үнемі ғылыми жұмысты жүргізіп отырады, экспозициялық қорлар жыл сайын толықтырылады. Экспозициялар әрдайым жаңарып отырады, жаңа стендтер және экспонаттар пайда болып отырады. Экскурсия жетекшісі шолу экскурсияларын әрдайым қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізеді.

  • Достарға әңгімеле:
Подробнее
Тур
Археология мұражайы
Отандық ғылымның пайда болу, орта ғасырлардан бастап қазіргі заманымызға дейінгі қалыптастыру және даму тарихымен Қазақстан ғылымының тарихы мұражайының топтамасы мүмкіндік береді. Осы мұражайдың экспозициясы ғалымдардың бірнеше буынының өмірлері мен шығармашылықтары туралы материалды сақтауда. 

Мұражайлар
Қазақстан ғылымының тарих мұражайы

Отандық ғылымның пайда болу, орта ғасырлардан бастап қазіргі заманымызға дейінгі қалыптастыру және даму тарихымен Қазақстан ғылымының тарихы мұражайының топтамасы мүмкіндік береді. Осы мұражайдың экспозициясы ғалымдардың бірнеше буынының өмірлері мен шығармашылықтары туралы материалды сақтауда. 

Спорт пен олимпиада даңқының республикалық мұражайы Алматы қаласында және қаланың ескі ғимараттардың бірінде орналасқан. Осы үй Алматы қаласының орталығында 160 жылдан астам уақыт бойы тұр, XIX ғасырдың ортасында салынды. 

Мұражайлар
Спорт пен олимпиада даңқының республикалық мұражайы

Спорт пен олимпиада даңқының республикалық мұражайы Алматы қаласында және қаланың ескі ғимараттардың бірінде орналасқан. Осы үй Алматы қаласының орталығында 160 жылдан астам уақыт бойы тұр, XIX ғасырдың ортасында салынды.