Маңғыстау облысының басты көрікті жерлерінің бірі діни сәулетінің бірегей ескерткіші «Шакпак-Ата» жер асты мешіті болып табылады. Мешіт Түб Қараған түбегінде, Форт-Шевченко қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 20 астам шақырым жерде орналасқан және Батыс Қазақстандағы ең көне сәулет ескерткіші болып саналады.

Шақпақ ата жер асты мешіті тау борлы жартаста салынған. Осы үңгірде жасырынған сопылар едеу құпияларын қолданған. Олар осында келген адамдарға аурудан құтылу үшін көмектесіп жүрді. Сол үшін олар ауырған адамды үңгірде бір түнге қалдырған. Бір түннің ішінде ауырған адамның басына берекелі рух келіп, ақырында міндетті түрде науқас адам аурудан аман қалады. Қазіргі кезде де адамдар осы жерге сырқаттан жазылу үшін үміт артып келеді. Археолгтардың айтуынша, мешіт IХ-Х ғғ.салынған. Оған жау шапқыншылықтары кезінде шәкірттері мен бірге Шақапақ атаның есімі берілген. Өмірдің соңғы жылдары ол сопы болып, жер асты тұрағынан шықпаған.

Көне аңыз бойынша, Шақпақ ата – мешіттің негізін салушы адамның есімі емес, оған жауға қарсы ұрыстардағы берілген лақап аты: шайқастарда оның қаруынан шақпақтан сияқты от шыққан. Кейбір ғалымдардың айтуынша, аңыздарда Шақапақ ата жыландардың әміршісі болып, өлген адамдардың сүйеушісі болған, ал тарихи тұлға ретінде – Шопан атаның немесресі болып табылған. Ал мешіттің негізін салушы адамның шын есімін айтсақ, көптеген ғалымдардың пікірінше, бұл – Шахмардан. Іс жүзінде Шопан атаның екі ұлы болған: Шахрух ата (Шағырық ата) және Исан ата. Шахрухтың да екі ұлы болған: Қапаш ата (Қапан ата) және тастан отты оңай шығару, жауды отпен күлге айналдыру қабілетіне ие болғаны үшін Шақпақ ата деп аталған Шахмардан. Ал сопының өмір жылдары бойынша зерттеушілердің пікірлері әр-қилы: академик Медоевтың айтуынша, Шақпақ ата в IX ғасырда өмір сүрген. Бартольдтың пікірінше, сопы 1312-1342 жылдар (XIV ғ.) билік еткен Өзбек ханның тұсінда өмір сүрген. Шақпақ атаның Қожа Ахмет Яссауидің ізбасары болып, Маңғыстауда қастерлейтін 360 әулиелердің ішінде болғаны сөзсіз болған.

Мешіттің жоба формасы, сонымен қатар басқа да сәулет бөліктері құрылыстың IX-X ғасырларына жатқандығы жайында айтады. Мешіт дүние жүзінің төрт жағына бағытталған, ізбес жартаста салынған, капительдері бар төрт бағанаға ие болған крест-күмбездік ғибадатхананың өзіндік нұсқасы болып, төрт камерадан құрылған. Құрылыстың күмбезі киіз үйдің құрылысына ұқсатылған, ал оның орталығында дөңгелек терезесі тесіліп шығарылған.

Мешіт тасқа қашап ою көшпенді өнерінің анық үлгісі болған. Үңгірге кіру есігі бетше босағалық доға түрінде безендірілген, және оның жанында көне шебер өз қолымен қайтыс болған дін уағыздаушыларды жерлеу үшін бірнеше кең текшелер тескен. Тас үңгірде бірнеше бөлме бар. Залдың негізгі бөлмесі күмбезді тірейтін шомбал бағаналармен аяқталған. Күмбездің орталық бөлігінде зермен безендірілген жарық құдығы бар. Мешіттің батыс қанатында михраб текшесі және дуаналардың жалғыз қалатын шағын жеке бөлмелер бар. Мешіт жайларының және бетше босағаның, сонымен қатар жерлеуге арналған текшелердің қабырғалары түрлі уақыттың жазуларымен, жылқыны, салт аттылардың, бұқалардың, ашылған алақандардың, өсімдік өрнектерінің пішіндік бейнелерімен шұбарлап тасталған. Жазулар арасаында осы дүниенің өткіншілігі мен өмірдің қысқалығы жайында сопының өлеңі ерекшеленеді. Алақандардың жартастағы бейнелері өзгеше болып табылады.

Жартастағы мешітке кіру есігінің екі жағында, үңгір-жерлеу орындары соғылып жасалған, болжам бойынша олардың илері Шақпақ атаның шәкірттері немесе оның жақан адамдары болып табылады. Сопының өлігі қайда сақаталғаны белгісіз. Бұл барлық жерлеу орындарына ерекше ықыласпен қарауға мәжбүр етеді. Кейбір ғалымдардың айтуынша, осы киелі жердің міндеті – емдеу. Осы жердің қызметкерлері науқастарды емдейтін әлдеқандай монах орденін құрғандарын байқамай қарауға болмайды.

Шақпақ ата мешіті – біздің уақытымызға дейін жақсы деңгейде сақталып, жеткен діни сәулет өнерінің бірегей ескерткіші болып саналады Қазіргі кезде Шақпақ ата мешітін ЮНЕСКО бүкіләлемдік мұраның тізіміне қосу жайындағы мүмкіндік қарастырылуда.

  • Достарға әңгімеле:

Ескерткіштер
Бекет ата жер асты мешіті

Бекет ата жер асты мешіті Маңғыстау облысының Оғланды жерінде орналасқан. Бұл діни сәулеттің ескерткіші XVIII ғасырмен даталанады. Бекет ата маңыздылығы бойынша Қожа Ахмет Яссауи жерлеу орнымен қатар бірге тұрған киелі орын болып саналады. Екі жүзжылдық бойы осы жерге әулиенің рухына сыйыну үшін қажылыққа келген адамдар барып жатады.

Шопан –ата қорымы мен жер астындағы мешіті Қазақстандағы ең үлкен және ең көне жерлеу-діни кешендерінің бірі болып табылады . Ансамбльдің көптеген құрылыстары IХ-ХIХ ғасырлар арасындағы уақыттың кең аралығымен даталанады . Бүкіл кешеннің орталығы Маңғыстау облысының Қаракия ауданынындағы Сенек ауылының солтүстік-шығысқа қарай  12 км-де орналасқан жер астындағы Шопан-ата мешіті болып табылады.

Ескерткіштер
Шопан –ата қорымы мен жер астындағы мешіті

Шопан –ата қорымы мен жер астындағы мешіті Қазақстандағы ең үлкен және ең көне жерлеу-діни кешендерінің бірі болып табылады . Ансамбльдің көптеген құрылыстары IХ-ХIХ ғасырлар арасындағы уақыттың кең аралығымен даталанады . Бүкіл кешеннің орталығы Маңғыстау облысының Қаракия ауданынындағы Сенек ауылының солтүстік-шығысқа қарай  12 км-де орналасқан жер астындағы Шопан-ата мешіті болып табылады.