Бекет ата жер асты мешіті Маңғыстау облысының Оғланды жерінде орналасқан. Бұл діни сәулеттің ескерткіші XVIII ғасырмен даталанады. Бекет ата маңыздылығы бойынша Қожа Ахмет Яссауи жерлеу орнымен қатар бірге тұрған киелі орын болып саналады. Екі жүзжылдық бойы осы жерге әулиенің рухына сыйыну үшін қажылыққа келген адамдар барып жатады.
Бекет ата Болмыс кітабы ашық болған көріпкел мен әулие ретінді белгілі. Сонымен қатар ол емдеуші, физика, математика, астрономия заңдарын білген адам ретінде де белгілі болған.
Аңыз бойынша, Бекет ата XVIII ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген. Ол Атырау облысының Күлсары аулылының жанында туған, ал 14 жасында ол өзі қастерлеп, құрметтеген дана Шопан атаның мәйітіне иілуге келген. Үшінші түнге Шопан ата жас жігітке оқуға өсиет берген. Әулиеден өсиет алып, жас жігіт алыстағы Хиваға аттанды, сол жердегі медреседе ол ғылым оқыды. 40-қа келгенде әулие Бекет ата сопы болып, балалардың сауатын ашқан. Өзінің жолында әулие Бекет ата көптеген жерде болып, Маңғыстауға қайтадан оралады. Ол адамдарды емдеген: оған азап шегушілер келген, оларған ден саулық пен өмір күшін берген. Даулы мәселелерін шешкен кезде, ол екі жақты келісімге әкелген даналығын көрсеткен. Бекет ата өзінің діни өсиетінде діндар адамдарды шындықпен өмір сүруге, адал болуға және қайрымдылық жасауға үйреткен.
Дана мен әулие халық есінде қалмықтарға қарсы ұрыста ерлік жасаған жауынгер ретінде қалды. Ол оның ата-бабасы Есет батыр сияқты батыр күші мен батылдығына ие болған.
Әулие Бекет ата шамамен 1813 жылы дүние салды, ол өзі салған жер асты мешіттің жанында Оғланды шатқалында жерленген. Аңыз бойынша Бекет ата түрлі жерлердегі төрт мешітті салған. Олардың бірі Маңғыстаудан алыс емес жерде, Оғландыда орналасқан, екіншісі- Бейнеуде, үшіншісі-Жем өзені бойында, ал төртіншісі Арал жағасында, Баялыда орналасқан.
Ең ірісі Оғландыдағы мешіт болып табыады. Ол биік жартастың орта қабатында салынған, ол кертпешімен бұта қалың өскен терең қоунауға, түскен. Оның сатысы мешітке кіреберістің алдында салынған шағын алаңға апарады. Бірінші жай – күмбезтәрізді төбенің орталығында тесілген терең жарық саңылауымен жарықтандыратын вестибюль.Вестибюльдің батыс жағында оңтүстік қабырғасында михрабы бар намаз залы, ал оңтүстік-шығыс жағынан екі жай орналасқан, ал олардың бңрңнде Бекет ата жерленген.
Мешіт вестибюлі жобасы бойынша дөңгелеек болып табылады (диаметрі шамамен 4,5 м ). Төбесі тегіс күмбездің формасына ие. Жалпы айтқанда ішкі көрінісі қазақтың киіз үйіне ұқсас. Оңтүстік-батыс қабырғасында михраб текшесінің бар болуына қарағанда, бұл намаз залы болып саналады. Батыс жағынан оған сопыға сәйкес еденнің деңгейі бұрыш пилондарының артында жарты шеңбер жай жанасады. Сірә, солтүстік жағынан зал көлемі жағынан кем болмайтын үшінші жаймен кең өтпе жолымен біріккен. Осы жайдың міндеті бәріне түсінікті емес. Ол намаз залының қосымша алаңы немесе қойма жайы болуы мүмкін. Осы жайдың тар кіреберісі оны шығыс жағынан жанасатын төртінішімен біріктіреді. Соңғысының қабырғалары мен төбесі қираған, ал еден бетінде құлпытастардың қалдықтары табылған. Мешіттің барлық жайларының қабырғалары жұқа тақтайлармен тегістелген және шамдарға арналған терең емес текшелерден басқа қолданбалы түрде безендірілмеген.
Жер асты мешіттің ерекше акустикасы таң қалдырады – барлық жайлардың ішінде оқылатын намаздар естіледі. Есік ашық болған кезінде өтпе желі жоқ. Сопы ғылым заңдарын интуициялық сезіммен меңгерген деген пікір пайда болады. Ғалымдардың батыл болжамы бойынша, Бекет ата мешіті обсерватория сияқты болып, әулие сол жерде аспан денелерінің қозғалысын бақылап отырған. Бұл оған қатты қысты, қапырықты ыстықты, нөсерді алдын ала болжауға, жайлауға көшу уақытын белгілеуге мүмкіндік берді.
Оғланды шатқалының шыңында «көк күмбездері бар үй» деп аталған қажыға барушылардың үй орналасмқан. Бекет ата қорымы – рухани, тарихи және сәулет ескерткіші болып табылған. Әулие Бекет атаның қабірі мен мешітке келгеннен кейін діндар адамдар ауруларынан жазылады. Хеопса Жартаста салынған мешіттегі жайлар Хеопс мұнарасы бөлмелерінің орналасуын қайталайды деген пікір бар! Сарапшылардың болжамы бойынша, осы ерекше ұқсастық сопылықтың белгілері көптеген көне жұмбақ белгілерін қабылдағанына байланысты, соның ішінде Мысыр абыздары да бар.
Оғландыдағы Бекет ата мешіті киелі жер болып саналған және көптеген жылдар бойы Маңғышлақ тұрғындарының қажылық ету жері болып саналған.
Маңғыстау облысының басты көрікті жерлерінің бірі діни сәулетінің бірегей ескерткіші «Шакпак-Ата» жер асты мешіті болып табылады. Мешіт Түб Қараған түбегінде, Форт-Шевченко қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 20 астам шақырым жерде орналасқан және Батыс Қазақстандағы ең көне сәулет ескерткіші болып саналады.
Батыс Қазақстанда Шопан ата қорымы мен жерасты мешіті бұрыннан белгілі, жергілікті тұрғындар үшін осы жерлер өткен уақыттың ескерткіштері ғана емес, сонымен қатар өзгеше рухани орталықтары болып табылады.