Шопан –ата қорымы мен жер астындағы мешіті Қазақстандағы ең үлкен және ең көне жерлеу-діни кешендерінің бірі болып табылады . Ансамбльдің көптеген құрылыстары IХ-ХIХ ғасырлар арасындағы уақыттың кең аралығымен даталанады . Бүкіл кешеннің орталығы Маңғыстау облысының Қаракия ауданынындағы Сенек ауылының солтүстік-шығысқа қарай 12 км-де орналасқан жер астындағы Шопан-ата мешіті болып табылады.

Ескерткіш жартастың сілемінде ойып шығарылған мешіт болып табылады. Мешіттің жайы үшке бөлінеді. Біріншісі, орталық зал (7,1- 5,1 м) – бұл ханака ретінде болып саналады . Орталық залдың оңтүстік-батыс бұрышында жайпақ пандус орналасқан. Жоғарыда ғибадатхана мен екі жерлеу камерасы орналасқан. Шопан-ата жерленген жерлеу камерасы жартастың қуысында орналасқан – бұл кішкентай күмбезді ғимарат .



Мешіт кешенінің солтүстік-батыс бұрышында орналасқан ұзақ, қазіргі кезде басылып қалған кіреберіс арқылы аңыз бойынша қызы жерленген екінші жерлеу камерасына жетуге мүмкін болған . Орталық залдың оңтүстік және батыс қабырғасының ені бойымен қажылар үшін кең жайлар салынған. Жайға төбедегі дөңгелек саңылау арқылы жарық түседі . Сыртқа саңылаудан ағаштан жасалған ұзын сырық шығады. Сырық тұрған жер киелі болып саналады. Орталық залдың шығыс жағында орналасқан мешіт жайы онымен есік ойығы және терезе тесігі арқылы жанасады. Мешіт қабырғалары айтарлықтай қатқыл жонып тегістелген, жайлар безендірілмеген. Бас мешіттің жанында бөлек есігі бар екінші мешіті бар. Мешіттен басқа Шопан-ата қорымы көптеген Шопан құрылыстарынан тұрады. Олардың ең көнелері – шамамен X — XIV ғасырларының құлпытастары . Жерлеу құрылыстары кешеннің көптеген ескерткіштерінен тұрады: қабырғалар – құлпытастар, қойтастар, дуалдар, күмбезі жоқ кесенелер. Белгілері бар күмбезсіз бірнеше мешіттер басқалардан кеш XIX ғасырда салынған.



Халық арасында жер астындағы мешіттің пайда болуы туралы аңыз бар. Аңыз бойынша Шопан-ата аты аңызға айналған Ахмед Яссауи сопының шәкірті болды. Бір күні ұстаз өзінің барлық шәкірттерін жинап, оларға дүниежүзін ислам дініне уағыздауға тапсырма берді. Шәкірттердің атқан жебелері межелі жерді анықтауы қажет болған. Уағыздаушы жебенің түскен жеріне баруға тиіс болған. Шопан-атаның жебесі Маңғыстауға ұшып барып, бай малшы Баянның иелігіне түсті. Шопан-ата байға жұмысқа орналасады, бірақ Баян оның келуінің шын мақсатын көп ұзамай түсінді. Сонымен малшы Шопан-атаға өз қызын тұрмысқа береді. Көптеген жылдар өтіп, Шопан-ата тау етегінде жебесі түскен жеріне жер астындағы мешітті салады.



Шопан-ата қорымын 1952 жылы Малбағар Меңдіқұлов басқарған сәулеттік экспедициясы зерттеген, 1977-1978 – Қазақ ССР Мәдениет Министрлігінің экспедициясы және 1982 жылы Тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғау республикалық ұйым зерттеген.

  • Достарға әңгімеле:
Маңғыстау түбегі —бұл тек табиғи байлықтың қоймасы ғана емес. Оның аумағында тас дәуірінен бастап қазіргі кезімізге дейінгі уақыт ішінде халық сәулетшілері салған бірегей тарихи, сәулет ескерткіштері шоғырланған, олардың көпшілігіне бүкіл Еуразияда теңдесі жоқ. 

Ескерткіштер
Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы

Маңғыстау түбегі —бұл тек табиғи байлықтың қоймасы ғана емес. Оның аумағында тас дәуірінен бастап қазіргі кезімізге дейінгі уақыт ішінде халық сәулетшілері салған бірегей тарихи, сәулет ескерткіштері шоғырланған, олардың көпшілігіне бүкіл Еуразияда теңдесі жоқ. 


Ескерткіштер
Шақпақ ата жер асты мешіті Х-ХV ғасырларының сәулет ескерткіші

Маңғыстау облысының басты көрікті жерлерінің бірі діни сәулетінің бірегей ескерткіші «Шакпак-Ата» жер асты мешіті болып табылады. Мешіт Түб Қараған түбегінде, Форт-Шевченко қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 20 астам шақырым жерде орналасқан және Батыс Қазақстандағы ең көне сәулет ескерткіші болып саналады.