«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы саябақ» (Дендросаябақ) 2010 жылы шілде айында ашылған, дегенмен осы бірегей саябақты құру жөніндегі жұмыс 2001 жылы басталды. Саябақтағы алғашқы ағаштардың бірін (еменді) Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзі отырғызған, 2001 жылы саяқбақты салуға қатысқан кезінде осында алаңқай жер болды.
Бүгінгі күнде, дендросаябақтың жалпы ауданы 73 га құрайды. Оның құрылуы барысында, 2001 жылдан бастап негізгі жобалық элементтер, яғни саяжолдар, көшелер мен дендрологиялық учаскелері құрылған, дендрологиялық жобасы бойынша жасыл көшеттер отырғызылған. Алматы қ, «Пекин 2008» акциясының шеңберінде олимпиада жалынының эстафетасына қатысуының құрметіне жүзден астам атаулы ақ қайың мен шырша отырғызылды, 2011 жылы 100 тянь-шань шырша отырғызылды.
Саябақты құрудың басты идеясы Алматы қаласының бірегей табиғи көрінісін және ХХ I ғ. ғылыми жетістіктерін біріктіру болып табылады. Дендро саябағының жобасын жетілдіру барысында халықтың таза ауада демалуы үшін жағымды жағдайды құру мақсатында ұйымдастырылған табиғи (жер бедері, өсімдіктер, су) және жасанды (сәулет-инженерлік құрылыстарының) бөліктерінің байланысқан жиынтықты қамтитын жасыл көшеттердің жүйесін құру принциптері негізге алынған.
Саябаққа басты кіру орны Әл Фараби даңғылы мен Дулати көшесінің қиылысында орналасқан, ол кіреберістің негізгі құрылыс болып табылатын жарты дөңгелек аркадасымен айқындалады. Саябаққа кіру орнының сәулет-композициялық шешімі нөлдік белгіде орналасқан колоннада стилобаттың рөлін ойнайтын қоғамдық және техникалық міндетіндегі жайлар бет-бедері мен жарты жер асты көлемінің жоғары белгісіне шығарылған қолданбалы коллонаданың байланысына негізделген.
2010 жылы 1 шілдеде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы саябақта басты су атқыш жұмыс істеуді бастады, ол су аттракциондарының көпсатылы каскад болып табылады. Су атқыш тобы оңтүстік жағынан судың айналы ағыстары бар алты су қоймадан басталады. Су атқыштың өзі түрлі деңгейде орындалған, диаметрі 13,5м; 37м; 48м; 53м құрайтын бес дөңгелек тостаған тұрады. Су атқыштың орталығында «Зодиак» белгілері бар медальондарымен қоршалған тәж тәрізді сәулет тобы салынған. Тәж ортасындағы су атқыштың басты ағысының диаметрі 70 мм, ал биіктігі 30м құрайды. Зодиак белгілерін биіктігі шамамен 3 метрге жететін 12 гейзерлік ағыс аяқтап тұр.
Бірінші және екінші тостаған ішкі және сыртқы ағыстарының каскадтары ағып тұр, әрқайсысында 82 бүріккіш бар. Үшінші тостаған 12 жартысфералық бүріккіш орнатылған. Төртінші тостаған конустардың екі біріккен ұштары түріндегі ағыстардың әсем өрілістер болып көрінетін «Құм сағат» 10 бүріккіш орнатылған. Соңғы 5-ші тостағанда «Көлбеген дөңгелектер» 16 су атқышы бар.
Су атқыштың негізгі тостағандарының айналасында су атқыштар-гейзердің жеке дөңгелектері орындалған. Ішкі дөңгелегі «Гейзер» тәрізді 71 су атқыштан және 16 су атқыштардан тұратын сыртқы дөңгелектен тұрады. Бас су атқыштың бүріккіштерінің жалпы саны 302 жетеді.
Су атқыштың жұмыс бағдарламасын компьютер басқарады, ол жұмыс режімдерін өзгертіп отырады, олардың арасында: тұрақты (классикалық) және түн басталасымен ір сағат сайын орындалатын жарық-музыкалық су шоу бар. Алматы қаласындағы ең ірі су атқышының сыйымдылығы 2820 кубты құрайды, жалпы айтқанда су атқыш ойнап жатқан су атқыштардың, жарық шамдарының және т.б. жұмысын қамтамасыз ететін 8 сораптық тобынан тұрады. Су атқыштың жұмысына музыка мен түстер қосылады.
Бас су атқыштың артында «Қазақстан» қолданбалы панносы орналасқан, ол 2011 жылы 11 қарашада ашылған және республика тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылған. Ескерткіш қола, гранит пен мәрмәрден салынған бүркіт түрінде дайындалған. Ескерткіштің ортасында Алғашқы Президенттің мүсіні орнатылып, ал бүркіттің қанатында Алматы мен Астана қалаларының нышандары бейнеленген. Ескерткіште Қазақстанның көптеген басты сәулет пен тарихи объекттерінің үлгілері бейнеленген.
Дендросаябақтың территориясының жабдықталуы жалғасуда. Құрылыстың Басты Жобасының құрамына территориясы 9,5 га құрайтын су құрылыстарының кешен және территориясы 4,8 га құрайтын тау сілемінің аймағы енгізілді. Саябақтың оңтүстік жағында тау көлі мен биіктігі 24 м құрайтын жасанды үйінді таулар көрініс композициясы жобаланған.Жеке учаскелеріндегі тау бөліктерінде бұлақтары бар жасанды су көздері алдын ала қарастырылған. Саябақтың орталық бөлігінде оңтүстік және солтүстік жарты шарының өсімдіктер әлемі көрсетілген климаторлық – төбесі жабылған ғимараттардың құрылысы жоспарланған.