М. Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры көптеген жылдар бойы еліміздің бас сахналарының бірі саналады. Бұл театр қазақ ұлттық театр өнерінің бейне бір өзіндік бесігі іспеттес.
Театр еліміздің басты ұлттық театры ретінде ұйымдастырылып, ойластырылған болатын, сондықтан да ол ҚазақАКСР астанасы Қызылорда қаласында орналасты. 1926 жылғы 13 қаңтарда театрдың ашылуы болып, онда Көшке Кемеңгеровтің, режиссер Сералы Қожамқұловтың «Алтын сақина» («Золотое кольцо») пьесасының премьералық қойылымы өтті. Премьера күні спектакльден басқа көпшілік көрерменге сол кездегі танымал қазақ өнер шеберлерінің барлығы дерлік қатысқан үлкен концерт қойылды.
Алғашқыда театр сахнасында Кеңес билігінің қалыптасуы мен тұңғыш жылдарын бейнелейтін Сейфуллиннің «Қызыл қырандар», Оспанов пен Өтеулиннің «Зарлық» спектакльдері қойылды, бұдан басқа ескі ауыл мен қарапайым қазақ халқының тұрмысын суреттейтін қойылымдар да көп болды, мысалы, Әуезовтің «Қаракөз», «Бәйбіше-тоқал», Майлиннің «Неке қию», «Шаншар молда», Ерданаевтың «Малқамбай», Шаниннің «Торсықбай», «Айдарбек», «Арқалық-батыр» туындылары.
Бастапқы кезеңде Шанин, Кожамқұлов, Жандарбеков сияқты театр режиссерлары актерлік ортадан шыңдалып шыққаны белгілі. Алғашқы репертуар жасауға Әуезов, Сейфуллин, Майлин сынды жазушылардың сіңірген еңбегі зор.
Театр ұжымы Ә. Қашаубаев, Қ. Жандарбеков, С. Кожамқұлов, Қ. Қуанышпаев, Е. Өмірзақов, И. Байзақов, К. Бейісов, К. Бадыров, Қ. Мұңайтпасов, Ж. Шанин, Ф. Әшкеева, З. Атабаева, Ш. Байзақова, М. Шамова және т.б. сияқты халық шығармашылығы мен көркемөнерпаздың нағыз жігерлі азаматтары мен дарынды шеберлерін бір шаңырақ астына топтастырды:
1929 жылы астананың орын ауыстыруына байланысты театр Алматы қаласына көшіріледі. Алғашқы кезде ол Копальская (қазіргі Қонаев) және Советская (қазіргі Қазыбек би) көшелері бойындағы «Орион» кинотеатрының ғимаратында (бұрынғы Бұйрықшылардың Вернен клубы) орналасты.
Кейіннен театр бірнеше рет мекенжайын өзгертті.1941-1963 жылдары орыс драма театрымен бірге Дзержинский көшесі, 83 мекенжайында (Джержинский атындағы бұрынғы ІІХК клубы) орналасты. 1963 – 1982 жылдары театр Коминтерн атындағы бас алаңда, А. Иманов атындағы гүлзарға қарама-қарсы Коммунистическая көшесі (Абылай хан) бойында арнайы салынған 800 орындық жаңа ғимаратта орналасты.
1982 жылы Әуезов атындағы театр тұрақты орнына орналасты, ол Алматының дәл ортасындағы жаңа ғажайып ғимартқа көшті. Үй-жай қажетті цехтармен және қазіргі заманғы жабдықтармен толық жабдықталды. Театрда екі зал бар, үлкен зал 756 орынға және кіші зал 276 орынға арналған. Аталған жобаның авторлары - сәулетшілер О.Баймырзаев, А.Қайнарбаев, М.Жақсылықов; инженерлер М.Плахотников, А. Брохович; суретшілер И.Нимец, Г.Завизионный. Театр ғимараты сәулет ескерткіші болып табылады және 1982 жылы тізілімге енгізілді. Театр алаңында М.О. Әуезовке арналған ескерткіш (1980 ж. мүсінші Б.Сергебаев) орнатылған.
Әр жылдары театрдың шығармашылық ұжымы Еуропада, Америкада, Азия мен Африкада өткен көптеген халықаралық театр фестивальдарының қатысушысы мен жеңімпазы атанды. 1961 жылы театрдың шығармашылық табыстары атап өтіліп, оған қазақтың ұлы жазушы-драматургі, театр қалыптасуының қайнар көзінде тұрған М.Әуезовтың есімі берілді.
Бүгінде М.Әуезов атындағы театрдың ұлттық және әлемдік классиканың туындылары бойынша танымал қазақстандық және әлемдік режиссерлар қойған бай репертуары бар. Театр сахнасында У.Шекспирдің «Гамлет», «Ромео мен Джульетта», Г.Гауптманның «Перед заходом солнца», Н.Гогольдің «Женитьба», М.Әуэзовтың «Абай», «Айман-Шолпан», «Қаракөз», И.Сапарбайдың «Цыганская серенада», Т.Нұрмаганбетовтың «Бес бойдаққа бір той», Ф.Буляковтың «Отыз ұлың болғанша», Д.Исабековтің «Жаужүрек», Ү.Ғаджыбековтың «Аршын мал алан» және т.б. пьесалар бойынша спектакльдер өтеді.
Театр сахнасына жетекші әртістер ретінде ҚазКСР халық әртісі А.Әшімов; ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Отан», «Парасат» ордендерінің толық иегері С.Оразбаев; ҚР халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Т.Жаманқұлов; ҚР еңбек сіңірген әртісі Х.Елебекова; халық әртісі Қ.Тастанбеков; ҚР халық әртісі, «Отан» орденінің толық иегері З.Шәріпова; ҚР халық әртісі Н.Мышбаева; ҚР халық әртісі, «Парасат» орденінің толық иегері Т.Тасыбекова, ҚР еңбек сіңірген әртісі Б.Имашева және басқалары рөлдерін сомдады.
Әуезов атындағы драма театры өзінің үздік дәстүрлерін жалғастыруда, жаңа әртістерді тұрақты түрде дайындайды, халықаралық фестивальдарға қатысады, сондай-ақ өз қабырғасында басқа театрлардың труппаларын қабылдайды. Күні бүгінге дейін де аталған өнер ордасы Қазақстанның үздік театрларының бірі болып қалуда.