Қазақстан Тәуелсіздігінің монументі Алматы қаласының орталық алаңында орналасқан, осы сәулет-мүсіндік композиция Бәйтерекпен қатар (Астана) қазіргі Қазақстанның символы болып табылады. Тәуелсіздік монументі 1996 жылы 16 желтоқсанда ашылған. Қазақстанның Президенті 1993 жылы Мысыр елі тәуелсіздігінің құрметіне қойылған монумент орналасқан Мысыр елінің Луксор қаласына сапар шеккен кезде монументті құру шешімін қабылдады.
Осы сапар бойы Нұрсұлтан Әбішұлымен бірге Шота Уәлиханов болды, нәтижесінде ол осы сапар туралы былай дейді: Президентіміз бетінде жазуы бар әсем пішінге ие болған жалғыз тұрған ескерткішке назарымызды аударып, айтты: «Шота Идрисович! Бізге де елімізде Қазақстан тәуелсіздікті алғанның құрметіне осындай ескерткішті неге қоймасқа? Ойлап көріңіз!».
Монументті құру үшін авторлар ұжымы құрылды, оны республиканың еңбек сіңірген сәулетшісі, Шоқан Уәлихановтың ұрпағы Шота Уәлиханов басқарды. Одан басқа топ құрамына мүсіншілер А. Жұмабаев, Н. Далбаев, А. Боярлин, М. Мансуров, К. Суранчиев, К. Сатыбалдин; сәулетшілер К. Жарылғапов, К. Монтақаев; құрылысшылар С. Қаламқаров; құрылысшы А. Ермегияев кірді.
Кешен сәулетті, мүсінді ғылым, мәдениет пен мемлекеттің көрнекті қайраткерлерінің нақыл сөздерінің мәтіндерін синтездейтін көркем туындысы болып табылады.
Учаскенің формалары, бет-бедері, қоршап тұрған сәулеттің сипаты композициялық құрылыстың өзгешілігін күшейтіп, кешеннің орналасу жерінің ерекшеліктерінің қатарына кіреді. Монумент кеңістігінің экспозициясы көлденеңнен 180 метрге созылды. Бет-бедерлік маңғышлақ құлпытастарына ұқсас және биіктігі 28 м құрайтын тік созылымды стела композицияның орталық жері болып табылады. Ол биіктігі 6 м құрайтын «Алтын адамның» - өзі тұрып қанатты барысты басқарып жатқан және қазақ жеріндегі мықты мемлекеттік билікті білдіріп тұрған басшының мүсінімен аяқталып тұр. Аталып айтылған бейне сақ әміршісі (б.з.д.VIII-IV ғғ.)жоғары биліктің регалиялары мен атрибуттары бар салтанатты киімінде (киім стилі, оның алтын бұйымдары әлем өнерінің үздік үлгілері, кемеңгер адамның өскелең рухты туындылар болып табылады) жерленген Алматы маңындағы Есік қорғанындағы нақты археологиялық табыстарды зерттеу негізінде қайтадан жасалған. Стела кеңістікте белгілі нүктені бекітіп диаметрі 46 метр құрайтын дөңгелек алаңның орталығында орналасқан диаметрі 28 метр құрайтын жарты дөңгелек стилобаттың үстінде орналамқан. Ол екі биік ғимараттың алдында тұрып, артқы жағымен тұтаспайды, олардың арасындағы өлшенген ара қашықтықтың арқасында жоғалып кетпейді.Стеланың түбінде, стилобаттың үстінде «Аспан-данасы», «Жер-ана» мен құлын үсітнде отырған екі баланың аллегориялық мүсінінен тұратын мүсін тобы орналасқан.Салт атты балалар жастық пен Республикамыздың болашағын білдіреді, олар жалпы адамзаттық құндылықтарын меңгеру бойынша «сайыстарына» қатысуға дайындалып тұрғандай көрінеді.
Стеланың екі жағаны одан он сегіз метр ара қашықтықта тұрып он бет-бедерлік-мүсіндік қабырға таға тәрізді орналасқан. Осы қабырғалар диаадемаға ұқсас, олар бүкіл кешенге мағына беріп, көркем және мағыналық жүктемелеріне ие. Олар көне заманнан бастап біздің уақытымызға дейінгі тарихи тақырыптар баяндайды: мемлекеттік білім беру, Отанды қорғау, ұлы апаттардың жылдары, ұлт-азаттық қозғалыстар, дүниежүзілік соғыс, 1986 жылдың желтоқсан оқиғасы, тәулсіздікті жариялау және т.б.
Стеланың төменгі бөлігінің алдыңғы жағында қазақ және орыс тілдеріндегі сөздер қашалып жазылған: «1990 жылы 25 желтоқсанда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі жарияланды»; «1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды». Ескерткіштің түбінде ант берген кезінде мемориалдық тақтайдың үстінде Конституцияға салатын алақан орналасқан. Дәстүр бойынша өзгерістердің қарсаңында тұрған қала тұрғындары мен қонақтары мемориалдық тақтай үстіндегі ескерткіштің түбіндегі Прзидент алақанының ізін өз қолымен ұстап, асыл армандарын ойлап жатады.
Адам көзінің деңгейінде құлпытастар бетінде үлкен әріптермен қазақ және орыс тілдерде (сына жазбамен) афоризмдер – өткен мен қазіргі заманның атақты тарихи тұлғалардың нақыл сөздері соғылып жазылған. Осында Президент Назарбаевтың келесі айтылған сөзін айтуға болады: " Қоғамның тек бейбітшілігі мен келісімі әр адамның абыройлы өмірі мен еңбек етуге құқығын қамтамасыз етеді. Бостандық – бассыздық емес, әділдік пен құқықтың салтанаты болып табылады".
2001 жылы 26 қыркүйекте Алматы қаласы мәслихатының 12 сессиясында «Тәуелсіздік» монументіне жергілікті маңызындағы ескерткіштер өнерінің мәртебесін беру жөніндегі шешім қабылданды.
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы саябақ» (Дендросаябақ) 2010 жылы шілде айында ашылған, дегенмен осы бірегей саябақты құру жөніндегі жұмыс 2001 жылы басталды. Саябақтағы алғашқы ағаштардың бірін (еменді) Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзі отырғызған, 2001 жылы саяқбақты салуға қатысқан кезінде осында алаңқай жер болды.
Ғибадат шіркеуі ағаш сәулет өнерінің көркем ескерткіші, XX ғасырдың басындағы сейсмотұрақты құрылымның көркем үлгісі. Ол Алматы қаласында Гоголь 40 В көшесінде орналасқан. 28-гвардияшы панфилов паркінде орналасқан.