Астананың орталық аудандарының бірінде, Есіл өзенінің жағасында заңғар ат үстіндегі адамның қашалған мүсіні алыстан көз тартады – бұл мемлекет қайраткері, қолбасшы Кенесары ханға арналған ескерткіш.

Бұл ескерткішті тәуелсіздіктің және қалпына келтірілген қазақ мемлекеттілігінің басты символдарының бірі десек те артық айтқандық емес, өйткені Кенесары хан өзі билік еткен жылдары қазақ елінің Ресей империясынан егемендігін сақтап қалу мақсатын қойған ұлт-азаттық қозғалыстың біртуар күрескері болған еді.

Кенесары Қасымов соңғы қазақ сұлтаны, Абылай ханның немересі және тегі бойынша Шыңғыс ханның ұрпағы, Қазақ хандығы үшін болған ең ауқымды және аса маңызды көтерілістің көшбасшысы болды. 1841 жылдан бастап ол патшалық Ресей үкіметі таратып жіберген хан билігінің қалпына келтірілуіне күресе отырып, қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысын басқарды. Сол кезде Ресейден тәуелсіздігін сақтап қалған ел үш жүз өкілдерінің съезі 1841 жылғы қыркүйекте Кенесары Хан деп жариялады, осылайша Қазақ хандығын да қалпына келтірді. Жаңа хан Ресей империясының құрамына кірмеген барлық жерлердің толық тәуелсіздігін сақтап қалу – өзінің басты мақсаты екенін дүйім жұртшылыққа жариялады.

Кенесары хан мемлекет құрылымына ерекше назар аударды, халықты басқарудағы жаңа нысандар мен қағидаларды енгізді, сонымен бірге таратылып кеткен құрылымдық органдарды қалпына келтірді. Әскерде қатаң тәртіп орнатылды. Үлкен аумақтардағы соғыс қимылдарына бейімдеу үшін Кенесары хан жасақтарды жүз және мың адамнан тұратын бөлімшелерге бөлді, олар үшін белгілі бір басқару құрылымын қалыптастырды.

Көтеріліс Ақмола бекінісін отқа ораудан басталды, бүгінде оның орнында Қазақстанның қазіргі елордасы Астана қаласы бой көтерді. Бүлікшілерге қарсы орыс отарлау әскерінің ірі жасақтары, сондай-ақ Ресейге бағынышты болған хандардың атты әскерлері жіберілді.

Патшалық әскерлер мен жекелеген сұлтандармен қарсы күресте Кенесары хан айқын нәтижелерге жеткеніне (1843-1844 жылдар) қарамастан, кейіннен шегінуге мәжбүр болды. Кенесары қырғыз жерлерімен шекарада орналасқан Ұлы жүз жерінің алқаптарында бекінді. Тұрақты патша әскерінің айқын үстемдігіне қарамастан, Кенесары хан одан жеңіліс тапқан жоқ. Кенесары хан жақын ізбасарлары сатқындығының құрбанына айналып, қырғыздарға тұтқынға түсті, солардың кегінен қаза тапты. Осылайша, көтеріліс батыр басшысынан айырылып, көп ұзамай қатал басылды. Кенесары хан бүкіл өмірін ел тәуелсіздігін сақтап қалуға арнады, қазақ халқының бостандығы жолында белсенді күрес жүргізді.

Бүгінде Астана қаласында Кенесары ханға арналған ескерткіш орнатылды, 2001 жылғы 11 мамырда оның салтанаты ашылуы болды. Мұндай оқиға Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігін алғаннан кейін мүмкін болды.

Ескерткіш жасау жұмысын мүсінші Нұрлан Далбай мен белгілі сәулетші Шота Уәлиханов орындады. Мүсін ат үстіндегі ханның гранит тұғырда орнатылған қола бейнесінен тұрады. Ескерткіштің жалпы биіктігі 11 метр (бейне биіктігі – 6 м, тұғыр биіктігі – 5 м) және салмағы шамамен 10 тонна.

Кенесары хан ескерткіші Астана қаласының көрікті орны және Қазақстанның аса көркем және заңғар салт атты ескерткіштерінің бірі болып табылады.

  • Достарға әңгімеле:

Ескерткіштер
Жәнібек пен Керей ескерткіші

 «Керей мен Жәнібек» монументтік мәдени-көркем композициясы Астананың қақ ортасында, Тұңғыш Президент мұражайының алдындағы гүлзарда орналасқан. Қазақ хандығының негізін қалаушылар – Керей мен Жәнібекке арналған бұл ескерткіш 2010 жылғы маусымда ашылған болатын.

Жер-ана монументі Астананың 2008 жылы ашылған аса қызықты ескерткіштерінің қатарына жатады. Монументте алып бұқаның үстінде тұрған сақ ханшайымы Томирис бейнеленген. Алып бұқа өз кезегінде аса ірі тұғырда орналасқан. Екі барыс пен қылыштың қорғауындағы Томирис қолын кеңге жайған кейіпте.

Ескерткіштер
«Жер-ана» монументі

Жер-ана монументі Астананың 2008 жылы ашылған аса қызықты ескерткіштерінің қатарына жатады. Монументте алып бұқаның үстінде тұрған сақ ханшайымы Томирис бейнеленген. Алып бұқа өз кезегінде аса ірі тұғырда орналасқан. Екі барыс пен қылыштың қорғауындағы Томирис қолын кеңге жайған кейіпте.