Жер-ана монументі Астананың 2008 жылы ашылған аса қызықты ескерткіштерінің қатарына жатады.

Монументте алып бұқаның үстінде тұрған сақ ханшайымы Томирис бейнеленген. Алып бұқа өз кезегінде аса ірі тұғырда орналасқан. Екі барыс пен қылыштың қорғауындағы Томирис қолын кеңге жайған кейіпте.

Томирис сақтардың ұлы ханшайымы болған. Шамамен біздің дәуірімзге дейінгі 530-239 жылдары көптеген елдерді бағындырып, «Азия билеу-төстеушісі» мәртебесін алған Мидия патшасы Кир Ұлы далаға жорыққа аттанды. Сол кезде сақтарға бұрынғы патшаның жесірі Томирис билік еткен еді. Томиристің жолдасы тиграхауд тайпасының батыр ханзадасы Рүстем еді. Ол да ұрыста Кирдің қолынан қаза тапты. Кир елшісі арқылы патшайымға өзіне тұрмысқа шығу және екі халықты бір мемлекетке соғыссыз біріктіру ұсынысын жіберді. Алайда сақ патшайымы Кирдің ұсынысын қабылдамай тастайды.

Шешуші шайқасқа әйелдер де, жасөспірім сақ қыздары да қатысты, олар патшайыммен бірге соңғы шешуші сәтте ұрысқа кірісті. Сұрапыл соғыс сақтардың жеңісімен аяқталды, парсы жауынгерлері ұрыс алаңында ержүрек әйелдерді көруді күтпеген еді. Кирдің басын кестіріп, тері меске оның және екі сатқынның қанымен толтырып тұрып, Томирис: «Енді Тәңірге берген сертімді орындап, басыңды қанға бөктіріп, сусыныңды қандырғаннан басқа амалым жоқ» деді де, Кирдің басын қанға бөктірді. Томирис икемді стратег, халық арасындағы беделі зор патшайым болды, оның ержүректігі мен оның басшылық етуінің арқасында сақтардың шар тарапқа шашырап кеткен тайпалары бірігіп, Қазақстан аумағында алғашқы мемлекеттердің бірін құрды.

Бұл монументтің авторы – танымал Ресей мүсіншісі, суретшісі, әрі зергері Даши Намдаков. Мүсінші жұмыстарының дәстүрлі бейнелері көшпенділер, батырлар мен салт аттылар, сакральды бейнелер, ғажайып әйелдер, буряттардың тайпа көсемдері, тотемдік жануарлар мен мифологиялық тіршілік иелері болып табылады. Көрермендер алдында түрөзгеріске ұшыраған, иілген, дене бөліктері пропорционалды емес керілген персонаждар, мысалы мойындары керілген және аяқ-қолдары тым ұзартылған бейнелер бой түзейді. Барлығы дерлік Азия елдері адамдарының бет-әлпетінде сомдалған.

Жер-ана мүсіндік композициясы өзінің дәлдігі бойынша өте нақыш орындалған жұмыс, тұғырдың, бұқаның, Томирис тұрған тақтың ғаламат көлеміне қарамастан, барлық композиция ерекше тұтас үйлесім сезімін сыйлайды. Он метрлік бұқаның құлаш серпіген мүйіздерінің өзі жеті метрге жуық. бұл өте үлкен ескерткіш екені сөзсіз, алайда ол бұқаның алыптығы жер бетімен, даламен, оның жазыңқылығымен қатарлас болатындай орналасқан, айқын, әрі бедерлі моңғолоид әлпетіндегі Томиристің биік бейнесі ғана алыстан мен мұндалайды.

Бұл монумент авторының ескі кеңес монумент жасау мектебінің ықпалынан арылып, көшпелілік ділді көрсетудің формуласын таба алғанын айғпқтайды, бұл формуланы былайша бейнелеуге болады: пішін кеңістіктен сескенбеуі тиіс. Астанада дәл осы бостандық, кеңдік, еркіндік сезіміне бөленесің, бұл қаланың матрицасы осындай және оны Намдаков шебер бере алды.

Бұл алып мүсіндік топтың әрбір бөлшегі өзінің ерекше пысықталғандығымен таң қалдырмай қоймайды. Бұқаның арқасы бұраулармен, есілген жіппен бекітілген жабумен төсемделген. Композицияның бейнелілігіне қарамастан, мүсінді жіті байқап қарау кезінде орындалудың дәлдігі мен шынайылығына қайран қаласың - көзбояушылық үшін жасалмағаны айқын.

Барлық мүсін тұғырда орнатылған және Алдыңғы Шығыстың көне ескерткіштерінің стиліне келтірілген.

  • Достарға әңгімеле:
«Астана-Бәйтерек» монументі Астананың басты көрікті орны ғана емес, сондай-ақ егемен Қазақстанның аса маңызды символдарының бірі болып табылады. Монумент құру идеясы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа тиесілі. Бәйтерек өзінің тарихи тамырларын сақтап, берік негізі мен болашақ өркендеуге ұмтылған мемлекетті әйгілейді.

Ескерткіштер
«Астана-Бәйтерек» мемориалды кешені

«Астана-Бәйтерек» монументі Астананың басты көрікті орны ғана емес, сондай-ақ егемен Қазақстанның аса маңызды символдарының бірі болып табылады. Монумент құру идеясы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа тиесілі. Бәйтерек өзінің тарихи тамырларын сақтап, берік негізі мен болашақ өркендеуге ұмтылған мемлекетті әйгілейді.


Ескерткіштер
«Жерұйық» саябағы

«Жерұйық» саябағы жаңа елордада негізі қаланған алғашқы объектілердің бірі болды. Астана жаңаша түрлену жолын жаңа ғана бастап жатты, болашақ министрліктер мен мекемелердің жаңа ғимараттары жаңа ғана жоспарланып жатты. Дегенмен, елорданың әсемдігі мен қала тұрғындары үшін жайлылығын қамтамсыз ету басты бағдар болды, осы тұрғыда Жерұйық саябағының сол кезде салынған тұңғыш нысандардың бірі болуы кездейсоқтық емес.