«Керей мен Жәнібек» монументтік мәдени-көркем композициясы Астананың қақ ортасында, Тұңғыш Президент мұражайының алдындағы гүлзарда орналасқан. Қазақ хандығының негізін қалаушылар – Керей мен Жәнібекке арналған бұл ескерткіш 2010 жылғы маусымда ашылған болатын.

Салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қатысты. Аталған монументтің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы былай деді: «Біз елордамыздың төрінде ұлысымызды заманында ұйыстырған Керей мен Жәнібектің еңселі ескерткішін ашып отырмыз. Бұл – тұғырлы тарихымызға, біздің қазақы елдік дәстүрімізге, мызғымас мемлекетімізге арналған белгі... Ұлы бабаларымызды ұлықтау ұлыстың ұйысына айналған іргелі ұлт ретінде өркен жаюымызға бағытталған ауқымды шара болып табылады. Тарихи таныммен ұрпақ өседі, ұлттық сана қалыптасады. Кешегімізге көрсетілген құрмет, келешегіміздің жарқын болуына жол ашады. Сондықтан да, өскелең ұрпақ өшкенін танып, болашағын бағамдау үшін мұндай ескерткіштер ел ордасында әр уақытта да қажет. Ендеше ұлы хандарымызға арналған еңселі ескерткіш құтты болсын. Астана абыройы асқақтап, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз еңселі болсын.».

Еңселі ескерткіш бізді бас ғасырдан астам бұрынғы дәуірдің оқиғаларынан сыр шерткізеді. XV ғасырдың екінші жартысында Керей мен Жәнібек туының астында Қазақ хандығы құрылды. Олар Әбілқайыр хандығынан моғол ханы Есен-Бұғаның иелегіне көш аударды. Қазақ хандығының құрылу барысы XV ғасырдың екінші жартысында күйзеліске ұшыраған Әбілқайыр мемлекеті мен Моғолстанның ішкі саяси жағдайымен тығыз байланысты. Жәнібек пен Керей бұл сәтті пайдалана алып, Әбілқайыр ханға бағынудан бас тартты. Бұдан кейін олар қол астына біріккен адамдармен Моғолстан жеріне қоныс аударды. 1462 жылы Моғолстан ханы қайтыс болғаннан кейін Жәнібек пен Керейдің Жетісудағы үстемдігі күшейді. Мұхаммед Хайдар Дулатидің жазбаларында Қазақ хандығының құрылу кезеңі 1465-1466 жылдарға сай келеді. Әбілқайыр хан қайтыс болғаннан кейін Жәнібек пен Керей Өзбек ұлысына оралып, ондағы жоғарғы билікті басып алды. Жаңа мемлекеттік құрылым Қазақ хандығы деп атала бастады.

Композициялық тұрғыдан ескерткіш тұғырда орналасқан күрделі қалыптағы екі мүсіннен тұрады. Екі ханның бейнелері бостандықтың салтанат құруын, жаңа хандықтың құрылуы мен жаңа өмірдің басталуын әйгілейді. Керей қазақтың тұңғыш ханы ретінде хан тұлпарынан жаңа шешілген ер-тоқымда отырған қалыпта бейнеленген. Ал Жәнібек хан ержүректікті, батылдық пен күш-жігерді білдіреді. Сондай-ақ композицияда ұлы хандардың қолында шарықтаған ту бейнесіндегі біріктіруші мүсіндік элемент бар.

Ескерткіштің тудың ұшарбасына дейінгі жалпы биіктігі 12 метрді, Жәнібек хан тік тұрған бейнесі мүсінінің биіктігі 5,25 метрді, ал негізімен бірге алғандағы биіктігі 5,45 метрді құрайды. Керей хан мүсінінің биіктігі төрт метр.

Мүсіндік композицияның барлық элементтері тұтас бір қалыпта әзірленіп, таза қоладан құйылған. Ескерткіштің жалпы салмағы 16,2 тоннаны құрайды. Бұл монументтің авторы – қазақстандық мүсінші Ренат Әбенов.

Керей мен Жәнібек ескерткішін орнату Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясы екенін атап өткен жөн.

  • Достарға әңгімеле:
«Астана-Бәйтерек» монументі Астананың басты көрікті орны ғана емес, сондай-ақ егемен Қазақстанның аса маңызды символдарының бірі болып табылады. Монумент құру идеясы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа тиесілі. Бәйтерек өзінің тарихи тамырларын сақтап, берік негізі мен болашақ өркендеуге ұмтылған мемлекетті әйгілейді.

Ескерткіштер
«Астана-Бәйтерек» мемориалды кешені

«Астана-Бәйтерек» монументі Астананың басты көрікті орны ғана емес, сондай-ақ егемен Қазақстанның аса маңызды символдарының бірі болып табылады. Монумент құру идеясы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа тиесілі. Бәйтерек өзінің тарихи тамырларын сақтап, берік негізі мен болашақ өркендеуге ұмтылған мемлекетті әйгілейді.

Жер-ана монументі Астананың 2008 жылы ашылған аса қызықты ескерткіштерінің қатарына жатады. Монументте алып бұқаның үстінде тұрған сақ ханшайымы Томирис бейнеленген. Алып бұқа өз кезегінде аса ірі тұғырда орналасқан. Екі барыс пен қылыштың қорғауындағы Томирис қолын кеңге жайған кейіпте.

Ескерткіштер
«Жер-ана» монументі

Жер-ана монументі Астананың 2008 жылы ашылған аса қызықты ескерткіштерінің қатарына жатады. Монументте алып бұқаның үстінде тұрған сақ ханшайымы Томирис бейнеленген. Алып бұқа өз кезегінде аса ірі тұғырда орналасқан. Екі барыс пен қылыштың қорғауындағы Томирис қолын кеңге жайған кейіпте.