Қостанай облысының бірегй және белгілі археологиялық ескерткіштерінің бірі Бестамақ қорымы болып табылады. Ол Әулиекөл ауданының Шілі ауылында, Обаған өзенінің бастауындағы Торғай ендігінің сол жағында, Тобылдың оң тармағы бойында орналасқан.
Қостанай жері ғалымдардан осы таңқалардық ескерткішін ұзақ уақытын бойы жасырып отырған, тек 1991 жылы қорымды қарапайым бақташы кездейсоқ тапты. Сола бола тұрса да, археология тарихында осындай оқиғалар жиі болып отырады. Осы таңқаларлық олжа жайындағы жаңалық Қостанай облысындағы жалғыз археологиялық зертханасының жетекшісі, Виктор Логвинге жетті. Логвин ынтагер және археологияның үлкен жанкүйері болып, Әулиекөл ауданына шұғыл түрде жол жүреді және зор ғылыми құндылыққа ие болған бірегей тарихи материалды тауып, қайран қалады.
1991 жылдан бастап, Бестамақ қорымы Қазақстан археолог ғалымдарының назарын өзіне аударды, ескерткішті Торғай археологиялық экспедициясы 1991 –1993, 1997, 2002, 2003, 2005 -2008 жылдары тоғыз егіс маусымы кезінде зерттеген. Бестамақ қорымы «Мәдени мұра» мемлекеттік республикалық бағдарламасына кірді. Осы нысанды зерттеу үшін облыстық бюджеттен де ақша бөлініп отырады, себебі ескерткіш лайықты түрде мәдени мұра нысандарының тізіміне кірген.
Облыстық өлкетанушылық мұражайының ғылыми жұмысы бойынша директордың орынбасары Галина Саталкина осы ескерткіш былай айтады: “Бестамақ бұл –облысымыздың өте сирек байлығы! Оның ішіне көптеген дәуірлер жиналған, оның материалдары кең археологиялық шектерімен көрсетілген: энеолиттен орта ғасырлар дәуіріне дейін".
Іс жүзінде әр археологический маусым сайын Бестамақ ғалымдарды жаңа олжаларымен қуантады. Алты жыл бұрын тас дәуірінінен қалған өте сирек жерлеу орындары табылған, кейін археологтар Андронов мәдениетінің айғақтарын тапты. Бестамақта табылған көрнекті үлгілердің бірі жұқа өрілістері бар, нәзік ілінетін түйіндік болып табылады. Бұл шынымен бірегей зат болып саналады, шеберлікпен жасалған зергерлік бұйым. Қазақ археологтары Андронов мәдениетін зерттеп отырған, Челябинск қаласынан келген ресейлік әріптестеріне арнап көрсеткен, бірақ олар Андронов мәдениетінің ұқсас ескерткіштерінде осындай олжалармен мақтана алмады.
Бүгінгі күнде оның жалпы ауданы 9092 шаршы м.құрайды. Зерттеу жұмыстары кезінде зираттың басында 170-ден астам жерлеу орлары мен салттық құрылыстар ашылып, зерттелінген. Осы нысандарды зерттеуінің нәтижесінде Бестамақ зиратын Торғай ендігі бойындағы көне тұрғындары тас дәуірінен (энеолит) бастап орта ғасырларға дейінгі ұзақ уақыт бойы пайданылғанын көрсетті.
Бестамақ зиратының бірегейлігі Солтүстік Қазақстан территориясында бірінші және әлі жалғыз ескерткіш болуында, оның материалдары кең археологиялық шектерімен көрсетілген: энеолит пен орта ғасырлар дәуірі аралығы. Бұл дәйекті түрде бір-бірін ауыстырған халықтар қалдырған әр түрлі археологиялық дәуірлерде бір зираттың аумағында жерлеу рәсімінің ерекшеліктерін бақылауға мүмкіндік береді.
Жалпы айтқанда, Бестамақ зиратын зерттеу нәтижесінде қорымның энеолит дәуірінен бастап, орта ғасырлар дәуіріне дейін әрекетте болғаны белгілі болды.