Қостанай облысының қазақ драма театры 2000 жылы 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев театрдың салтанатты ашылуына қатысты, оның бастамасы бойынша театрға Ілияс Омаровтың аты берілген. Ел президенті Ілияс Омаровтың қазақ ұлттық мәдениетін дамыту және ілгерілеудегі жоғары еңбегін атап шықты.
Ілияс Омаров Қостанай облысының қазіргі Сарыкөл ауданы территориясында дүниеге келді. Еңбек қызметін 1933 жылы бастаған. Әр түрлі жетекші лауазымда жұмыс істеген, соның ішінде 1967 жылдан бастап 1970 жылға дейін Қазақ КСР мәдениет министрі болған. КСРО жоғары сыйлықтарымен марапатталған, олардың ішінде Ленин ордені, Еңбек Қызыл Туының үш ордені, «Құрмет Белгісі» ордені, медальдер.Омаровты білетін адамдар оны адалдық, ерекше зиялылықтың, жоғары мәдениеттің және кең білгірліктің үлгісі деп атайды.
Қостанай драма театры атақты жерлесінің есімімен талғанынан мақтанып, өз үлесін қазақ ұлттық мәдениетінің дамуына қосты. Театрдың штаттық саны 96 адамды құрайды. Бастапқыда кәсіби труппаны құру үшін келесі әртістер шақырылған: Орал қаласынан ҰР еңбек сіңірген әртісі Ш. Есенғұлова, әртіс К. Есенғұлов, Жезқазған қаласынан әртістер К. Бекайдаров, және Т. Жүргенов атындағы Өнер Академиясының студенттер тобы.
Шығармашылық қызметі жылдарында театр бірнеше рет Петропавл, Көкшетау, Орал, Қостанай, Қызылорда, Ақтау қалаларында Театрлардың республикалық фестивальдерне қатысты, труппа актерлері келесі номинацияларында лауреат болып атанды: үздік әйел рөлі үшін –З. Балтабаева, А. Қасымова, үздік сценогрфия үшін –бас суреткер М. Нұрмұханов. Жыл сайын театр труппасы республика мен Қостанай облысы бойынша гастрольге шығып отырады, әртістер Ресей Федерациясына барды. Театрда жас кадрларды оқытуға арналған театралды студия қызметін атқарып жатыр, актерлік шеберлігін білгісі келетіндер студияға бара алады. Бүгінгі күнде театр репертуарында 47 қойылым бар, олардың 10 балаларға арналған спектакльдер.
Қостанай драма театры арналған спектакльдерді С. Асылхан, Ж. Қажиев, Б. Ұзақов, Б. Сейітматұлы, Н. Жұманиязов, С. Қарабалин, Т. Жаманқұлов және т.б. кәсіби және белгілі қоюшы режиссерлер құрастырған және шығарған.
2010 қыркүйек айында театрдың жаңа ғимараты басталған, екі жыл өткен соң І. Омаров атындағы Қостанай облысының қазақ драма театры жаңа ғимаратқа көшті. Бұл шығармашылық ұжым өмірінде маңызды оқиға болды, елімізде асқан әдемілігі мен жабдығы бойынша оған теңдесі жоқ. Театрда екі зал бар, үлкн зал 276 орынға және кіші залы 50 орынға арналған. Драма театрының жаңа ғимаратында қажетті жайлар бар: 10 грим бөлмелері, дайндық залы мен тағы басқа техникалық жайлар. Кәсіби дауыс, жарық жабдығы, синхрондық аударманың аппараттары және сахна үстіндегі бейнелік бақылау орнатылған. Сонымен қатар тренажор мен қысқы бақ бар.
2012 жылдың 15тамызында жұмысы сапары барысымен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қостанай театрына келеді. Ол театрдың ішкі көрінісін және жабдығын жоғары бағалады, мүмкін болатын мәселелер жайында жұмысшылардан білгісі келді, репертуарлық саясаты жайында сұрақ қойды, театралдық өнерінің дамуы мемлекеттің мәдени саясаты үшін маңызды болғаны жайында айтты.
Театрдың шығармашылық ұжымы әлемдік және ұлттық классика жаңа туындаларының қойылымдарымен үнемі жұмыс істейді және көрермендерін жаңартылған репертуарымен қуантуға дайын.
Қостанай соборлы мешітінің әсем де бірегей ғимараты 120 жылдан астам уақыт бойы қала тұрғындарының көздің жауын алған және қаладағы ең әдемі ғимараттарының бірі болып, оның басты көрікті жерлерінің тізіміне кіреді.
Қостанай облысының бірегй және белгілі археологиялық ескерткіштерінің бірі Бестамақ қорымы болып табылады. Ол Әулиекөл ауданының Шілі ауылында, Обаған өзенінің бастауындағы Торғай ендігінің сол жағында, Тобылдың оң тармағы бойында орналасқан.