Табиғат мұражайы Қазақстан табиғатының өзгерістерін көне заманнан қазіргі кезге дейін көрсететін палеонтологиялық және зоологиялық топтамаларынан тұрады. Алып мүйізтұмсық, зіл және жыртқыш динозаврдың тұқымдасы, алты метрлік тарбозаврдың қаңқалары мұражай мақтанышы болып табылады.

Мұражай тек Қазақстан аумағын мекендеген жануарлардың қазба қалдықтары, қаңқалары мен тұлыптарын көрсететін экспозицияларымен бірегей болып табылады.

Осындай мұражайдың Қазақстанда ашылу бастамасы өткен ғасырдың 50-ші жылдарының басында пайда болған, оны кезінде ҚазКСР Ғылым Академиясының президенті, академик Қ. И. Сәтпаев қолдаған. 1959 жылдан бастап, мұражай алғашқы келушілерін қабылдауды бастады және біртіндеп Қазақстаннан тыс танымал болды. Мұражай ресми түрде № 44 1961 жылдың 29 сәуір күніндегі Қазақ КСР ҒА Төралқаның Қаулысына сәйкес ашылды.

Палеонтологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижелері жануарлар әлемінің эволюциясының хронологиясын ашады. Ғалымдар жер қойнауының шежіресінің беттерін біртіндеп зерттеп, Солтүстік жарты шары мен Қазақстанның қазіргі өсімдіктер мен жануарлар әлемдерінің қалыптасу тарихын түсіну үшін қызықты болып табылатын фанерозой (570 млн. жылдан бастап қазіргі уақытымызға дейін) геологиялық дәуірлерінің табиғи көріністерін қалыптастырып отырады.

Айта кететін жайт, 1912 жылы алып мүйізтұмсықтың қаңқасы табылғаннан кейін Қазақстанға палеонтологиялық зерттеу жұмыстарына арналған бірегей ел ретінде әлемге танымал еткен елімізде ондаған ғылыми жаңалықтар жасалған. Географиялық орналасу жері, территорияның өлшемі мен табиғи көріністерінің түрлілігінің арқасында, Қазақстан тарихқа дейінгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі жануарлар әлемінің сан алуандығымен сипатталады.

Зоология секторын құрудан бастап 1932-1958 жж.аралығында Қазақ КСР ҒА зоология институтының ғалымдары Қазақстанның жануарлар әлемі жайындағы түрлі ғылыми материалы жиналып, зерттелінген. 1948-1957 жж. Торғай, Зайсан ойпаттарында және Орталық Қазақстанда палеонтолог ғалымдары мен геологтар жинаған тарихқа дейінгі көне жануарлардың қалдықтар топтамалары мұражайды құру идеясын берді. 50 жыл бойы, өзінің ғылыми-білім беру және табиғатты қорғау бағыттың арқасында мұражай тек республикада ғана емес, сонымен қатар шетелде де танымал болды.

2010 жылы ұзақ мерзімді жөндеуден кейін Қазақстан Республикасы Білім беру мен ғылым министрілігінің Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүйесінде экспозицияларды қайта қалпына келтіру жөніндегі жұмыс басталды.

2012 жылдан бастап палеонтологиялық залдың экспозициясы жұмыс істеп жатыр, зоологиялық залдың экспозициясын құру жөніндегі жұмыс басталды. 2012 жылдың ортасында мұаражайдың палеонтологиялық экспозициясы қайта қалпына келтіріліп, айтарлықтай жаңартылды. Алып мүйізтұмсықтың, дала және батпақ жердің мүйізтұмсығы, зілдің, үш ашалы ат-гиппарионның қаңқалары жаңадан қайта қалпына келтірілді. Көрмелер мен бөлек экспозицияларда жаңа материалдар қойылған. Экспозиция көркем қабырға барельефтерімен, жануарлардың эволюциясы стендтерімен, Қазақстан аумағында көне жануарлардың таралуының бедерлік картасымен толықтырылды.

Мұражайдың басты мақсаты көне геологиялық дәуірден қазіргі заманға дейінгі қарапайым тіршілік иелерінен бастап жоғары деңгейде ұйымдастырылған тіршілік иелеріне дейін Қазақстандағы жануарлар әлемін көпшілікке әйгілеу болып табылады.

Мұражайдың палеонтологиялық экспозициясының негізін жақсы сақталған бірнеше экспонаттар құрған. Мұражайдың келушілерін бірінші болып Азия аумағын мекендеген жыртқыш динозавр - тираннозавр Рекстің туысы тарбозаврдың алты метрлік қаңқасы қарсы алады. Қазақстанда тираннозавр Рекстің қаңқа қалдықтарын өткен ғасырдың 70-ші жылдары Орталық Қазақстанда табылған. Мәскеулік палеонтолог әріптестерімен жасалған шығармашылық келісімі бойынша табиғат мұражайында ерекше орын алған тарбозаврдың көшірмесі жасалған.

Мұражай келушілері алып мүйізтұмсық пен қазіргі мүйізтұмсықтың бас сүйектерін салыстырып, оның алдыңғы түрі одан екі есе үлкен екеніне көз жеткізе алады. Оның бойы алты метрге жетеді.

Бір залында нағыз құбыжық неоген кезеңінің тарақ тісті Есіл мастодонт көрсетілген, азуының ұзындығы – төрт метрден астам болып келеді.

Келушілер 60 миллионнан астам жыл бұрын өмір сүрген сүйкімді тапирлер отбасын көре алады. Оның жанында Торғай ойпатындағы Шалқар өзенін 32 миллион жыл бұрын мекендеген көне күшті шошқа тәрізді энтелодондар бар.

Мұражай топтамасында бірегей заты ұйқыда өлген тасқа айналған бас сүйектерінің үлкен үйіндісі болып табылады. Осы бас сүйектер 1985 жылы Қарабастұз тұзды өзенінің маңында тұрған Семей Ертіс бойында табылған.

Американдық ғалымдарымен бірге табылған зат (бас сүйек пен төменгі жақ сүйек) мұражайдың бірегей табылған заты етіп санайды, себебі бастапқыда суретшілер бұл жануарды мұражай үшін арнайы бейнелеген. Ал кейін нағыз керемет болды –Ақтауда оның қалдықтары табылды!

Мұражайда үнемі мамандарға арналған сынақтар мен студенттерге тарихи геология мен көне жануарлар, гельминтология мен паразитология, табиғатты қрғау мәселелері туралы көрнекті материалдарды пайдаланумен бірге арнайы курстары өткізіліп отырады. Мұражай өткізетін экскурсиялар оқушылар мен кез келген жас категориясындағы қарапайым туристтер үшін білім беру-ағартушылық мағынаға ие.

  • Достарға әңгімеле:
Подробнее
Тур
Табиғат мұражайы
Археология мұражайы Алматы қаласында орналасқан, ол Қазақстан Республикасында осындай бағдарындағы жалғыз мұражай болып табылады және қазақстандық мұражайтану жүйесінде ерекше орын алып жатыр.  

Мұражайлар
Археология мұражайы

Археология мұражайы Алматы қаласында орналасқан, ол Қазақстан Республикасында осындай бағдарындағы жалғыз мұражай болып табылады және қазақстандық мұражайтану жүйесінде ерекше орын алып жатыр.  

Отандық ғылымның пайда болу, орта ғасырлардан бастап қазіргі заманымызға дейінгі қалыптастыру және даму тарихымен Қазақстан ғылымының тарихы мұражайының топтамасы мүмкіндік береді. Осы мұражайдың экспозициясы ғалымдардың бірнеше буынының өмірлері мен шығармашылықтары туралы материалды сақтауда. 

Мұражайлар
Қазақстан ғылымының тарих мұражайы

Отандық ғылымның пайда болу, орта ғасырлардан бастап қазіргі заманымызға дейінгі қалыптастыру және даму тарихымен Қазақстан ғылымының тарихы мұражайының топтамасы мүмкіндік береді. Осы мұражайдың экспозициясы ғалымдардың бірнеше буынының өмірлері мен шығармашылықтары туралы материалды сақтауда.