Отандық ғылымның пайда болу, орта ғасырлардан бастап қазіргі заманымызға дейінгі қалыптастыру және даму тарихымен Қазақстан ғылымының тарихы мұражайының топтамасы мүмкіндік береді. Осы мұражайдың экспозициясы ғалымдардың бірнеше буынының өмірлері мен шығармашылықтары туралы материалды сақтауда. Экспонат топтамасында 6 мыңнан астам кітап, фотоқұжаттар, ғалымдар мен ағартушыларының жеке заттары бар.

Қазақстан ғылымының тарихы мұражайы Қазақстан Республикасының ғылым тарихын талдау және жалпылаудың объективті қажеттілігі себебінен құрылды. Мұражай экспозициясының құрылымы келесі тақырыптық бөлімдерді қамтиды: Көне заманнан бастап Қазақстан ғылымының қайнар көзі. Қазақстан ғылымының пайда болуы. XIX ғасырдың ғалымдар-ағартушылары; Қазақстан ғылымының кеңес кезеңіндегі дамуы мен қалыптасуы; Тәуелсіз Қазақстанның ғылымы.

Көне заманнан бері келе жатқан Қазақстан ғылымының қайнар көздері бөлімінің экспозициясында Әбу Насыр әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Қадырғали Жалайыри, Ахмет Яссауи, Мұхаммед Қайдар Дулати және т.б. орта ғасырларының ойшылдарының өмірлері мен шығармашылықтары көрсетіледі.

Мұражай экспозициясының бөлек бөлігі Орта Азия мен Қазақстанның XVIII-XIX ғғ. ресейлік зерттеушілеріне арналған, олар қазақ халқының тарихы мен мәдениеті жөніндегі материалдарды жинаған П. Рычков, А. Левшин, В.Вельяминов-Зернов, П. Семенов-Тян-Шанский. Орыс географиялық қоғамы Қазақстанды географиялық, табиғи-тарихи және этнографиялық жағынан зерттеген.

Мұражай залдарында алғашқы ағартушы ғалымдарының Қазақстан ғылымындағы рөлдері айқын көрсетілген. Олардың арасында дүниежүзілік шығыстанушылық тарихын байытқан қазақтың алғашқы ғалымдарының бірі, Ш. Уәлиханов, қазақтың ұлы ағартушылар – А.Құнанбаев, Ы. Алтынсарин және т.б.

Кеңес уақытындағы Қазақстан ғылымының дамуы мен қалыптасуына арналған бөлім ғылымның ХХ ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап дамуын көрсетеді. Осында КСРО ҒА Қазақстандық базасын, КСРО ҒА Қазақ филиалын, Қаз КСР Ғылым Академиясын құру тарихы қарастырылады.

Залдың ішінде Қаз КСР ҒА алғашқы негізін салушылары жөніндегі материал көрнекті түрде көрсетілген, «Ғылым ордасы» РМК ғимаратының үлгісі құрылған.

Жеке стенд Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлы Сәтпаевқа арналған. Мұражай экспозициясында Қ. Сәтпаевтың басты еңбектері қойылған. Олардың арасында 1967-1970 жж.басылған «Таңдаулы еңбектер», 1924 жылы шыққан қазақ мектебіне арналған «Алгебра» кітабы бар.

Тәуелсіз Қазақстанның Ғылымы бөлімінде ҚазКСР Ғылым Академиясы және ҚР Ұлттық Ғылым академиясы жанында құрылған ғылыми-зерттеу институттары қызметтерінің тарихын зерттеу жөніндегі жұмысы баяндалады, ҚР қырықтан астам ҒЗИ мен ЖОО ғылыми қызметтері көрсетілген.

Экспозицияда қазіргі қазақстандық ғылымының дамуына зор үлес қосқан елдің көрнекті ғалымдарының ғылыми еңбектері мен жетістіктері көрсетіледі.

Бүгінгі күнде, мұражай өызметкерлері жасайтын жұмыс Қазақстанның ғылыми ойының тарихын зерттеуге зор үлес қосты. Мұражай қызметі маңызды оқиғалар мен Қазақстандық ғылымның көрнекті өкілдерін мәңгілікке есте қалдыруға бағытталған.

  • Достарға әңгімеле:
Подробнее
Тур
Қазақстан ғылымының тарих мұражайы
Алматы темір жол мұражайы Қазақстандағы ең ірі техникалық мұражайлардың бірі болып табылады. Мұражай тарихы 1999 жылы басталды, сол кезде ТЖ көлігінің құрметті теміржолшысы және ардагері Бейсен Шормақовтың жеке топтамасының негізінде шағын ведомстволық мұражай ұйымдастырылды. 

Мұражайлар
Алматы темір жол мұражайы

«Ғылым ордасы» РМК Сирек кітаптарының мұражайы 2010 жылы ашылғаны Қазақстанның мәдени және рухани өміріндегі маңызды оқиға болып табылады. Мұражай экспозициясының басты мақсаты бірегей басылымдарының үлгісі бойынша кітаптың қолжазбаларынан бастап полиграфияның өнерінің қазіргі үлгілеріне дейінгі өткен жолын көрсету болып табылады. Осыдан басқа, қаланың барлық кітапқұмарларының назарын өзіне мұражай отанның тарихы мен кітап мәдениетін насихаттау орталығы ретінде қаратады. 

Мұражайлар
Сирек кітаптарының мұражайы