Мекен – жайы: Алматы қаласы, Түлебаев көшесі, 117. Телефоны: +7 (727) 261-42-69
Д.А.Қонаев мұражайы Қазақстанның дамуына өзінің сүбелі үлесін қосқан, Қазақ КСР КП Компартиясына 20 жылдан астам басшылық жасаған аса құрметті мемлекеттік және қоғамдық – саяси қайраткері, дипломат, академик Дінмұхамед Қонаевты мәңгі есте қалдыру мақсатында 2002 жылы қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысымен ашылған. Мұражайдың ұйымдастырылуына дайындық бірнеше жыл бойы жүргізіліп келді және 2001 жылы қараша айында оған ғимарат беріліп, жарғы мен штаты белгіленді. Мұражайдың ашылуына өздерінің белсенділіктерін танытқан Д.А.Қонаевтың немере інісі Эльдар Қонаев, оның қызметтестері мен туыстары болды.
Мұражайдың экспозициясы 3 мыңнан астам көрме қойылымдарынан тұрады. Олар негізінен мұражайға Дінмұхамед Ахмедұлының туыстары мен достарымен берілген құжаттар, фото және видеоматриалдар, портреттер, тұрмыс заттары, жеке басының заттары болып табылады. Мұражай қызметкерлері оларды бастапқы кейіптеріне келтірді, тарихи кезеңдермен байланысы мен шығуын анықтау бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізді. Мұражайдың экспозициясы Қазақстанның қарқынды даму дәуірін, өндірістік кәсіпорындар мен мәдени нысандардың құрылысын көрсетеді.
Мұражай қорында республикамыздың Бірінші хатшысының анық құрылған жұмыс кабинеті, марапаттаулар топтамалары, ұлттық және іскери киімдер, қару – жарақ топтамаларының үлкен бөлігі бар. Мұражай кітапханасында Д.А.Қонаев пен оның қызметкерлерімен жазылған барлық кітаптар ұсынылған.
2012 жылы қаңтар айында Д.Қонаевтың 100 жылдық мерейтойына орай «Мемориалды пәтер – Д.А.Қонаевтың мұражайы» ашылды. Бұл мұражай Қонаев мырза пәтеріндегі жабдықтарының өзгертілуінсіз қалуымен және Димаш Ахмедұлының жеке заттарынан құралған орнымен ерекшеленеді. Сонымен қатар мұражайда Қонаевқа шетел көшбасшыларымен, солардың ішінде Жапония премьер – министрі Ясухиро Накасонэ, АҚШ президенті Джон Кеннеди, Мысыр президенті Гамаль Абдель Насер, Фидель Кастро, Ирак көшбасшысы Саддам Хусейнмен сыйға тартылған қару – жарақ жиынтықтары, атақты оттық топтамаларының үлкен тобы көрермен назарына ұсынылады. Коллекция 476 данаға жетеді.
А.Қонаевтың жеке кітапханасында орыс, кеңес және шетел классиктерінің шығармалары, әлем халықтарының өнер және сәулеті бойынша кітаптар, Дальдің бірінші «Бейнелі ұлы орыс тілінің түсіндірме сөздігі» бағалы басылымы сақталуда.
Мұражайда «Қонаевтану» ғылыми орталығы ашылған, әртүрлі мерейтойлық шаралар өткізіліп тұрады.