Мекен– жайы: Семей қаласы, Достоевский көшесі, 118. Байланыс тел.: +7 (7222) 52 19 42

Ф.М.Достоевскийдің әдеби – мемориалды үй – мұражайының тарихы ХІХ ғасырдың екінші жартысында М.Д.Исаевамен некелескенінен кейін пәтер жалдап тұрған кездегі кішігірім ескі ағаш үйінен басталады. Жазушы бес жылын Семей қаласында өткізген. Бұл жерде көп жылдар бойы қысымда жүрген тыныштықтан кейін әдебиет әлеміне қайта оралды. Бұл қалада қызықты адамдармен жүздесуін жүргізді: П.П.Семенов – Тяньшанский, А.Е. Врангель, қазақтың атақты ғалымы әрі саяхаттанушысы Ш.Уәлихановпен бірге достығын асқан ілтипатпен еске алады.

1965 жылы қазан айында Семей қаласы атқарушы комитетінің шешімімен екінші қабаттағы бірқатар тұрғындар №15 қалалық кітапханаға арналған орын үшін пәтерлерін босатуы керек болды. Кітапхананың меңгерушісі Зинаида Георгиевна Фурцева жазушы туралы мәліметтерді жинаушы әрі сақтаушы адамдардың бірі болды. Сол кісінің талпыныстары мен еңбегі арқасында мұражайдың негізі қаланды, алғашқы қоры жинақталды. 1971 жылы әлемдік жұрт Ф.Достоевскийдің 150 – жылдық мерейтойын атап жатқан кезде, мұражай облыстық әдеби – мемориалды статусын алған болатын. 1972 жылы «Семсельпроект» институтының архитекторлары тарихи үйге екі қабатты құрылысын тұрғызған. Құрылыс жұмыстары 1976 жылы аяқталған. Мұражайдың заманауи ғимараты ескерткіш – кітап ретінде тұрғызылған: қабырғаның сынық бөліктері – беттері, ғимараттың бүйір жағы – мұқабасы. 1977 жылы мұражай жанына мүсінші Д.Элкабидзенің «Ф.М.Достоевский мен Ш.Ш.Уәлиханов» жұп қола мүсіні жұмысы орнатылған.

Мұражай қоры 21.581 сақтау бірліктерінен құралатын бай қормен толтырылған; олардың ішіндегі 15.547 бірлігі – негізгі қор, ал 6.034 бірлігі – ғылыми – көмекші сақтау қорларынан жинақталған. Қорды толтыру мұражайдағы зерттеудің негізгі тақырыптарымен байланыста жасақталған: «Ф.М.Достоевскийдің өмірі мен шығармашылығы», «Ф.М.Достоевский мен бүгінгі заман», «Қазақстан мәдениетіндегі Ф.М.Достоевский».

Көрме қойылымдарының ішінен жазушының алғашқы романдары «Қылмыс пен жаза» (1867), «Жасөспірім» (1876), «Ағайынды Карамазовтар» (1881) және тағы да басқа көптеген шығармаларын кездестіруімізге болады. Мұражай қорында бірегей құжат – Ф.М.Достоевскийдің қолтаңбасы сақталуда, бұдан бөлек жазушы мен оның замандастарының тірі кездерінде шығарған сирек кездесетін жинақтары, жеке қолтаңбалары бар кітаптардың үлкен топтамасы, мемуарлы әдебиет, төңкеріске дейінгі әдебиеттану, т.б. бар.

Мұражайлық кітапхананың шамамен 14.000 кітабы бар, оның толықтырылуы мұражайдың ашылғанына біраз уақыт бұрын басталған. Мұнда жинақталған кітаптар, журналдар, сирек кездесетін энциклопедиялық басылымдар ғалым – зерттеушілер, студенттер мен оқушыларға баға жетпес көмек болып табылады.

Мұражайда тақырыптық экскурсиялар, сабақтар, дәрістер, тыста өткізілетін дәрістер мен экскурсиялар, әдеби – музыкалық кештер, балаларға арналған әдеби – қойылымдық композициялар, қала оқушылары арасында өткізілетін әдеби конкустар, әр 2 – 3 ай сайын жаңа стационарлық көрмелер ұйымдастырылып тұрады. Мұражай жанында «Ертіс жалыны» атты әдеби – поэтикалық бірлестік жұмыс жасайды. 2008 жылы күзде жөндеу жұмыстарына жабылды. 2011 жылы «Ф.М.Достоевский. Өмірі мен шығармашылығы» атты жаңа экспозициясы ашылды. Бұл экспозицияға 734 көрме қойылымдары кірген: Ф.М.Достоевскийдің тірі кезінде- ақ басылып шыққан алғашқы кітаптары, оның жұмыс дәптерлері, күнделіктері, оның шығармаларынан алынған кейіпкерлерінің фотосуреттері мен суреттері, жазушының өзінің портреттері, т.б. Экспозицияда жаңа қазіргі заманғы теледидар өз орнын тапқан, аудиоэкскурсияларды тыңдауға арналған плеер сатып алынды

  • Достарға әңгімеле:
Подробнее
Бейне
Ф.М.Достевскийдің әдеби – мемориалды үй – мұражайы

Мұражайлар
Әсет Найманбаевтың мұражайы

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Мақаншы ауылында қазақтың белгілі ақыны мен сазгері Әсет Найманбаевтың мұражайы орналасқан. Мұражай Абай атындағы мемлекеттік қорық-мұражайының филиалы болып табылады, экспозиция 1992 жылы ақынның 125- жылдығына орай ашылды.


Мұражайлар
Шығыс-Қазақстан облыстық өнер мұражайы

Шығыс-Қазақстан облыстық өнер мұражайы 1990 жылғы 1 шілдеде ашылды. Ол XIX ғасыр соңындағы сәулет ескерткіші болып табылатын ғимаратта орналасқан.