Шоқан Уәлиханов атындағы «Алтын емел» мемориалдық мұражай 1985 жылы, Абылай ханның ұрпағы, қазақтың көрнекті зертеушісі, этнограф, батыл саяхатшы Шоқан Уәлихановтың 150-жылдығына орай ашылған. Мұражай Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Шоқан ауылында орналасқан.

Мұражайдың бірегей ғимараты сәулетшілер С.Рустамбеков, Б.Ибраев және А. Сейдалиннің жоблалары бойынша салынған, қызғылт әктастан салынған қасбеті бар ғимаратының сәулетінде қазақ ұлттық дәстүрлер айқын көрініп тұр.

Ғимараттың сыртқы түрі халық эпосының өзіндік символикасына толы жер жүзінің төрт бұрышымен қазақтардың көне нанымдарында байланысқан анық белгіленген бұрыш элементері бар мазар түріндегі қазақ мемориалдық құрылыстарының дәстүрлерін бейнелейді. Ғимараттың барлық бұрыштары әр түрлі болып келген, орталығына түрлі түсті жіптерімен өрілген «бақыт түйініне» өтетін бөренелер түседі. Ел ауызында, әлем орталығында оның барлық деңгейлері байланысады. Аңыздағы «жердің жеті қабаттарына» келуші орталық белдігінің айналысында шиыршық бойымен тауға біртіндеп көтеріле алатындай құрылған мұражай еденінің террасалық шешіміне сәйкес келеді.

Мұражайдың ішкі көрінісі малшы көшпенділердің дәстүрлі жылжымалы тұрағы-киіз үйге ұқсас болады. Осында қазақтардың эстетикалық мәдениетінде құрылған колористикалық композиция пайдаланған. Қабырғалар қызыл болған, себебі бұл үйлердің дәстүрлі түсі болған, ала едені жер асты әлемі жайындағы түсінікпен байланысты. Түрлі биіктікте қалықтағандай болып көрінген төбенің ақ алебастрлық сылағы ғимараттардың көне техникасын көрсетеді. Күн көзінің кез келген орналасуы барысында тура жоғары жарығын беретін жүйе экспозиция үшін жайдың бүкіл жерін пайдалануға жағдай жасайды. Ғимарат қасбетінің өңдеуінде Маңғышлақ әктасы – жұмсақ, қызғылт түсті ұқсатылғыш тас пайдаланылған.

Экспозиция алып жататын аудан 454 шаршы метрді алып жатады. Оны құру барысында Мәскеу, Ленинград, Омбы, Фрунзе, Алматы мұражайлары мен мұрағаттардан алынған материалдар пайдаланылған.

Қазақтың ағартушы ғалымы, этнограф, тарихшы, географ, фольклорист қызметінің барлық аспектілері мемориалдық кешеннің залдарында көрсетлген.

Мұражай экспозициясы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметімен байланысты бірнеше бөлісдерден тұрады. Осында Шоқанның тұлға ретінде қалыптасуына әсер қалдырған XIX ғасыр басының саяси, әлеуметтік және мәдени өмірін қайта қалпына келтіретін материалдар; Омбы кадет корпусында оқу жылдары мен жұмыс қызметінің басы, орыс зиялыларымен танысуын баяндайтын материалдар; Орталық, Орта Азия, Оңтүстік Сібір мен Қазақстанның тарихы, этнографиясын және георафиясын зерттеуде елеулі із қалдырған Шоқан Уәлихановтың ғылыми мұрасы; Петербург кезеңі, Ресейдің ғылыми және әдеби топтарымен орнтақан достық және іскерлік байланыстары жайындағы материалдар қойылған, бір бөлімі Шоқан Уәлихановтың әдебиет, суреттер мен кино кейпіне арналған.

Экспозиция Қазақстанның халық суретшісі Қ.Наурызбаев орындаған Ш.Уәлихановтың гранит мүсінінен басталады. Мұражай кіреберісінде тас мүсіндері орнатылған.

Экспозицяда Шоқанның жеке заттары – эполеттері, қаруы, ер тоқымы, ол құрған карталар мен сыбалар, қолжазбалар, саяхат пен экспедициялар барысында жасалған графикалық және көркем суреттері, халық қолданбалы өнерінің топтамалары көрсетлген. Музыкалық аспаптар Ш.Уәлихановтың қазақ аңыздары мен әндеріне деген қызығушылығы мен жылы ықыласын дәлелдейді. Қырғыз, ұйғыр, қытайлық ұлттық киімдері, зергерлік бұйымдар, Уәлиханов саяхаттары кезінде жинаған минералдар ғалымның зерттеу қызығушылықтарын көрсетеді.

Шоқанның балалық шағы өткен Сырымбеттегі Айғаным әжесінің мекенінің, қабіріндегі жерлеу құрылысының үлгілері, қазіргі шебер әйелдері тіккен және ғалымның атақты саяхаттарының маршрутын қайтадан көрсететін түпнұсқалық гобелен сол кездегі экспонаттарымен жарасады. Экспозицияда Ш. Уәлихановтың көзі тірісінде және қайтыс болғаннан кейін шыққан туындыларының баслымдары көрсетілген.

2013 жылы мемориалдық кешенді қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстар аяқталды, олар екі жылдан астам уақытқа созылды. Мұражай ғимараты толыымен қайта қалпына келтірілген, желілер мен коммуникациялар ауысытырылған, жұмыс барысында сәулетшілер Рүстем Сейдалин, Бек Ыбыраев, Серік Рустамбеков құрған мұражайдың бірегей сыртқы түрі сақталған.

Қайта қалпына келтіру жұмыстары барысында экспозицияның көркем безендірілуінде өзгерістер пайда болды. Ол Мемлекеттік Эрмитажы мен КСРО (Ресей) халықтарының этнографиясы мемлекеттік мұражайы материалдарымен толықтырылған, көптеген жаңа экспонаттар ҚР Орталық мемлекеттік мұражайынан, ҚР Ұлттық кітапханасынан, сонымен қатар Шоқан Уәлиханов ұрпақтарынан сый ретінде алынған.

Кейбір экспонаттарды мұражайға Тарих пен мәдениет ескерткіштерін сақтау қазақ бірлестігі берген, оның мамандары экспозицияны құру барысында кеңес беру көмегін көрсеткен.

  • Достарға әңгімеле:

Мұражайлар
Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық мұражайы

Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық мұражайы Қазақстан үкіметінің шешімімен танымал ақын өмірінің көп бөлігін өткізген үйде 1947 жылы ашылды. Жамбыл Жабаев – айтыс өнерінде үлкен із қалдырған 


Мұражайлар
І. Жансүгіров атындағы облыстық әдебиет мұражайы

І.Жансүгіров атындағы әдебиет мұражайы 1984 жылдың мамыр айында, Талдықорған қаласында ақынның 90-жылдығына орай ашылды. Мұражай орналасқан ғимарат 1907 жылы салынған. 1918ж. бастап 1976 ж. дейін осы ғимаратты түрлі ұйымдар, олардың арасында «Октябрь туы» газетінің редакциясы да пайдаланған.