І.Жансүгіров атындағы әдебиет мұражайы 1984 жылдың мамыр айында, Талдықорған қаласында ақынның 90-жылдығына орай ашылды. Мұражай орналасқан ғимарат 1907 жылы салынған. 1918ж. бастап 1976 ж. дейін осы ғимаратты түрлі ұйымдар, олардың арасында «Октябрь туы» газетінің редакциясы да пайдаланған. Өткен ғасырдың 20-ші жылдары осында Жетісу уездік атқару комитеті орналасқан, осында І.Жансүгіров Ақсу ауылынан жұмыс бойынша бірнеше рет келген. Қазіргі кезде мұражай ғимараты сәулет ескерткіші болып, мемлекеттік қорғауына алынған.

І.Жансүгіров атындағы әдебиет мұражайының ресми ашылу күні1984 жыл болып саналады, дегенмен экспонаттардың көпшілігі ертерек жиналған. Мұражай қорларының негізі І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің шағын мұражайы болды.

Ілияс Жансүгіровтың есімімен байланысты болған бірінші мұражайдың ашылу идеясы 1977 институт қабырғаларында пайда болған, сол кезде оған атақты жазушы мен ақынның есімі берілген. Ректор М. Жолдасбеков басқарған ұсаздар мен студенттердің қоғамдық бастамасымен І. Жансүгіров жайындағы материалды жинауға кірісті. Ақынның қызы, медицина ғылымдары кандидаты Үміт Ілиясовна үлкен көмек көрсетті, ол институтта мұражайды құру кезінде азаматтық қорғау мен медициналық дайындақ кафедрасында сабақ берді.

Мұражайға жазушының шығармашылығымен байланысты материалдар бар хаттар келе бастады. Олардың ішінде, І. Жансүгіровтың туындыларын орыс ьіліне аударған алғашқы аудармашы Дмитрий Снегиннің хаты, жазушылар Әзілхан Шұршайықов, Қайрат Жұмағалиев, Әбділдә Тәжібаевтың хаттры және т.б.бар. Орталық мұрағаттан ақын шығармашылығмен байланысты құжаттар көшірмелерінің 50 беті алынған, олардың арасында Ілияс Жансүгіров пен Всеволод Рождественский, Бейімбет Майлин арасындағы хат алмасу да бар.

Мұражайдың салтанатты ашылуы 1979 жылы 25 мамырда өткен. Осы маңызды оқиға себебінен институтқа көптеген қонақтар келген: Қазақстан Компартиясының облыстық комитетінің хатшысы В.Солодилов, Талдықорған облыстық атқару комитетінің төрағасы Т. Қорғанский, Қазақстан жазушылары одағының бірінші хатшысы А.Әлімжанов, Қазақстан жазушылары одағының хатшысы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы С.Мұратбеков, ақын О. Сүлейменов, ҚазКСР Ағарту министрінің орынбасары, Талдықорған педагогикалық институтының бірінші ректоры Л.Рустемов, сонымен қатар ақынның жақындары мен туыстары.

Мұражай қоры 673 экспонатты құрайды, олардың 600 түпгұсқалық болып табылады. Қорды жинау мен насихаттау ісіне Алтын Бақыраденова үлкен үлес қосты. 1983 жылы Жоғары оқу орындарының Республикалық байқауында Ілияс Жансүгіровтың әдеби-мемориалдық мұражайы республикадағы үздік мұражай болып табылады. 1983 жвлв І.Жансүгіровтың 90-жылдығына орай жиналған қорды тегін түрде ашылып жатқан облыстық Ілияс Жансүгіровтың мұражай үйіне сый ретінде берілуі жайында шешім қабылданған.

Бірінші мұражайдың қызметкерлері студенттердің І.Жансүгоровтың өмірбаяны мен оның атымен байланысты экспонаттарды іздеу жұмысын жалғастырған. Қазіргі кезде мұражайда алты залда орналасқан 6000 астам экспонат бар, олардың жалпы ауданы 268 шаршы метрді құрайды. Осында жазушының жеке заттары, баспа станогы, үстел шамы, оның сүйікті музыкалық аспабы – Молықбай қобызы, көзі тірісінде шығарған кітаптар басылымдары, патефон, таяғы, сонымен қатар контрреволюциялық ұлттық ұйымның 1938 жылғы 26 ақпан айындағы өлім жазасы жайындағы үкім туралы құжат көрсетілген.

І.Жансүгіров атындағы облыстық әдебиет мұражайы ақынның шығармашылығы мен өмірбаянын зерттеу бойынша өзіндік орталық болып табылады. Осында үнемі экскурсиялар, әдебмеи оқулары мен Ілияс Жансүгіровтыеске алу кештері өткізіледі. Мұражай қызметкрлері әрдайым қазақ әдебиетін шын сүйетін келушілері үшін ашық және олардв экспонаттардың бай топтамасымен таныстыруға дайын.

  • Достарға әңгімеле:

Мұражайлар
Ш. Уәлиханов атындағы «Алтын емел» мемориалдық мұражайы

Шоқан Уәлиханов атындағы «Алтын емел» мемориалдық мұражай 1985 жылы, Абылай ханның ұрпағы, қазақтың көрнекті зертеушісі, этнограф, батыл саяхатшы Шоқан Уәлихановтың 150-жылдығына орай ашылған. Мұражай Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Шоқан ауылында орналасқан.


Мұражайлар
«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай қорығы

Қазақстан территориясында көптеген ескерткіштер мен тарихи жерлер бар, олардың көпшілігі бүкіл әлемге танымал және осы жерлерге ғаламшарымыздың түрлі түкпірлерінен келетін мыңдаған туристтер барып жүреді. Осындай жерлердің бірі «Есік» қорғаны болып табылады, оған 80 астам сақ қорғаны кіреді.