Маңғыстау облысының музыкалық-дарам театры Қазақстан Республикасында ең жас театр болып табылады. Театрдың ашылу рәсімі 2003 жылдың наурыз айында өткен, оның рәсімінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев болып, дәстүрлі лентаны кесті. Театр өз шығармашылық өмірін қазақ әдебиетінің классигі Ғабит Мүсіреповтың «Қыз Жібек» пьесасы бойынша спектакльдің тұсаукесерінен басталды. Театр труппасы негізінен жас әртістерден құрылған, театрда жұмыс істеу үшін Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 30 түлегі келді.Театр ұжымын режиссер Гүлсина Мерғалиева басқарды. Ашылу кезінде театр қазіргі уақыттың көрнекті қазақ актері мен режиссері Н. Жантөриннің есімі берілді.
Бүгінгі күнде театр репетуарында ондаған сәтті өткен спектакль бар, олардың арасында әлем классикасы бар, мысалы, Шекспир және Мольер, сонымен қатар қазақ халық жазушылар да бар. Театрдың елеулі қойылымдары: Ғ. Мүсіреповтың «Қыз Жібек», «Томирис», «Махамбет», «Ақбөбек», «Ромео мен Джульетта», «Ищу тебя», «Келіндер көтерілісі», «Супружеская идиллия», «Алдар Көсе», «Алладин».
Маңғысатау театры Қазақстандағы ең жас театр. Дегенмен осыған қарамастан, 10 жыл ішінде театрдың шығармашылық ұжымы сегіз фестивальге қатысып, үш рет Гран при жеңіп алды.
2012 жылы Орал қаласында қазақстандық көрнекті режиссері, «Халық қаһарманы» Әзербайжан Мамбетовтың 80-жылдығына арналған ХХ республикалық театр фестивалінде елдегі 13 басты драма театрларының арасынан ең үздік режиссерлік шешім үшін Маңғыстау облысныың театрының режиссері Гүлсина Мерғалиеваға «Зілзала» спектаклінің қойылымы үшін жүлдеге ие болды. За основу этого спектакля было взято два произведения, одно из которых было посвящено событию Осы спектакльдің негізі ретінде екі туынды алынған, олардың біріншісі 2011 жылдың 11 наурызда Жапонияда болған цунами құбылысына арналған. Режиссердің пікірі бойынша, осы жұмыс жаңалығының арқасында жоғары бағаға ие болды.
2013 жылы театр өзінің он жылдығын атап өтті, осы күнге арналған іс шаралар бағдарламасында үздік фотосурет бойынша байқауы, журналисттер арасында жасалған үздік материал, ақындар арасындағы мүшайра сайысы, сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары Халила Нұрғалиева қатысқан ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Кездесуде Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессорлары Бақыт Нұрпейіс, Әубәкір Рахимов, Сәния Қабдиева, жазушы мен сыншы Әшірбек Сығай, Театр өнері одағының хатшысы Меруерт Жақсылықова, Мәдениет мен ақпарат министрлігінің бас сарапшысы Гүлнафис Мырзашева, Батыс-Қазақстан драма театрының директоры Күжерғали Түлеушев болды.
Маңғыстау драма театры 200 орны бар кіші залды және 680 орны бар концерт залын қамтиды. Театр размещается в здании бывшего кинотеатра, подвергшемся основательной реконструкции. Театр күрделі қайта қалпына келтіруден өткен бұрынғы кинотеатрдың ғимаратында орналасып тұр. Театрдың құрылу тарихы бірегей болып, еліміздің Президенті Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы ұсынған бастамасымен байланысты. 2001 жылдың қазанында Ақтау қаласында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен жастардың бірінші съезді өтті, осы съезде Ақтаудағы театрды ашу жайындағы мәселе көтерілді. Президент Облыс әкімі Л.К.Кииновқа театрға арналған ғимаратты салуға бұйрық берді. Облыс басшылары ғимараттың құрылысына шындап кірісті, кинотеатрға арналып салынып жатқан ғимаратты театр үшін қайтадан салу ұйғарылды. Ғимарат 2002 жылдың соңында салынған, ал 2003 жылы театр көптеген көрермендер үшін ашылды. Бүгінгі күнде, Қаспий теңізінің жағалауында салынатын жаңа театрдың бірегей жобасы дайын. Жаңа жай екі залмен, 1 500 орынға арналған амфитеатрымен, барлық ілеспелі қызметтері мен цехтарымен, ресторандары мен тіпті қонақүймен жабдықталған. Бұл Қазақстанда теңдесі жоқ қазіргі кездегі ірі театр кешені болады.