Маңғыстау түбегі —бұл тек табиғи байлықтың қоймасы ғана емес. Оның аумағында тас дәуірінен бастап қазіргі кезімізге дейінгі уақыт ішінде халық сәулетшілері салған бірегей тарихи, сәулет ескерткіштері шоғырланған, олардың көпшілігіне бүкіл Еуразияда теңдесі жоқ. Осындай ескерткіштердің бар болуы қазақ халқының дәстүрлі сәулеті көне заманнан бері қалыптаса бергенін дәлелдейді. Қазақстанның басқа аймақтарында көне ескерткіштер қираған екен, топырақпен шашылып жабылған, кейбір жерде мүлдем жойылған. Маңғыстау жері өңдеу бойынша ыңғайлы және берік жергілікті тасты құрылыста пайдалынғанының арқасында көне ғимараттарды сақтауда.

Бірегей тарихи, сәулет ескерткіштері мен тажбиғи көріністерін сақтау мақсатында 1980 жылы Маңғышлақ пен Үстірт материалдық мәдениеттің ескерткіштер мұражай қорығы құрылған. Қорықты құруда көрнекті ғалым, мәдениет қайраткері Өзбекқали Жанибеков елеулі рөл атқарды.

1992 жылы қорық республикалық мәртебеге ие болды, және оның аты Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығына өзгерді. Қорық қызметінің негізгі бағыты табу, мемлекеттік есепке алу, ғылыми жаза мен ескерткіштерді паспорттандыру, қорғау іс шараларын ұйымдастыру, сақтау және қайта қалпына келтіру жұмыстарын бақылау, археологиялық зерттеулер мен оларды жүргізуді бақылау, халық арасында насихаттау және бұқаралық-ағартушылық қызмет болып саналады.

Бүгінгі күнде қорық ішінде 5 бөлім жұмыс атқаруда: қорлар бөлімі, есепке алу мен қорғау бөлімі, сәулет бөлімі, археология бөлімі мен экскурсиялық-бұқаралық бөлімі.

Бүгінгі күнде қорық қызметкерлері тарихи-мәдени 13000 астам объектілерін зерттеді және паспорттаған. 440 астам ескерткіш мемлекеттік қорғауға алынды, олардың 21 республикалық маңызға ие. Археологияның 249 ескерткіштері егжей-тегжейлі зерттелінген, оларға тас дәуірі соңындағы тұрғын кешендер, қола дәуірі мен ерте темір дәурінің діни-жерлеу құрылыстар, ортағасырлық ескі қалалар, бекіністер, Ұлы Жібек жолының трассасында орналасқан керуен сарайлары, археологии, сәулеттің үлкен және шағын формалары кіретін 140 кешендік ансамбльдер, сонымен қатар сәулет пен қала салушылықтың 60 ескерткіштері кіреді. Мемлекеттік есепке алынған ескерткіштеріне бастапқы есепке алу тізіміне енгізілген тарихи-мәдени мұраның шамамен 700 объектін біріктіру болады.

Қорықтың қорларында экспонаттардың 80 мыңнан астам бірліктер сақталуда, жыл сайын топтама археологиялық зерттеулердің нәтижесінде артефакттарымен толықтырылады. Жыл сайын қорықта Маңғыстау облысы бойынша ғылыми-зерттеу экспедициялары өткізіледі, осымен бірге қорық қызметкерлері Маңғышлақ түбегі мен Үстірт шатқалының үлкен территориясын, Каспий теңізінің ойпатының оңтүстік бөлігін, Бозащы түбегінің жерін қамтуға тырысты. Экспедициялар барысында тарихи-мәдени мұрасының жаңа объекттері зерттелінеді және паспортталынады.

2007 жылдың қыркүйек айында қорық ғимаратында 2 залдан кіретін «Маңғыстау Ескерткіштері» тұрақты экспозиция ашылған: археология мен тарихи-сәулет ескерткіштері. Экспозиция 30 жыл ішінде жиналған қорықтың қорларынан алынған материалдың негізінде құрылған (фото, ғылыми-анықтамалық материал, дала суреттемелері, этнографиялық мәлімет, үлгілер, өлшеулер, нобайлар және т.б.).

Үнемі әрекетте болатын экспозициясының құрылуы Ақтау тұрғындары мен қонақтарына облыстың бүкіл территориясында, жетуге жолы қиын аудандарда орналасқан Маңғыстаудың бірегей ескерткіштері жайында жан-жақты мәлімет алуға мүмкіндік алды. Осыдан басқа қорық қызметкерлері «Маңғыстау археологиясы», «Маңғыстаудың киелі жерлері», «Маңғыстаудың діни сәулеті», «Шағын сәулет ыормалары», «Тарихқа дейінгі көшпенділердің әлемі» тақырыптарына қозғалмалы көрмелер жетілдірілген, бай материалдар мен түпнұсқалық экспонаттардың негізінде осы көрмелер көне заманнан бері қазіргі кезге дейінгі аймақтағы сәулет ескерткіштерінің пайда болу мен даму тарихын көрсетеді.

Қорық қызметкерлері ескерткіштерді сақтау ісінде зор ғылыми және ағартушылық жұмысты жұргізіп жатыр. Қазіргі кезде өлкенің тас сәулетінің негізгі үлгілері тарихи-хронологиялық тәртіпте көрсетілетін ашық аспан астындағы мұражайы бар кең саябақ зонасының Маңғыстау тарихи-мәдени қорықтың негізінде Ақтау қаласында құру жөніндегі жоба жетілдіру сатысында орналасқан. Осында көне заманнан бері қазіргі кезге дейінгі Маңғыстау тас сәулетінің айқын үлгілері табиғи өлшемге келтіріліп қайтадан құрылған. Ашық аспан астындағы мұражай Еуразия көшпенділерінің сәулет игілігін зерттеу, сақтау және насихаттау бойынша орталық ретінде көрінеді.

  • Достарға әңгімеле:

Ескерткіштер
Шақпақ ата жер асты мешіті Х-ХV ғасырларының сәулет ескерткіші

Маңғыстау облысының басты көрікті жерлерінің бірі діни сәулетінің бірегей ескерткіші «Шакпак-Ата» жер асты мешіті болып табылады. Мешіт Түб Қараған түбегінде, Форт-Шевченко қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 20 астам шақырым жерде орналасқан және Батыс Қазақстандағы ең көне сәулет ескерткіші болып саналады. 


Ескерткіштер
Сисем-Ата қорымы

Сисем Ата қорымы қазақ халқының бар болған түрлі сәулет қабір ескерткіштерін көрсетеді. Кесенелердің күмбездік және күмбезі жоқ кешені өзінің әдемілігімен, ерекше оюмен, тамаша эпиграфикасымен, сан алуан сәулет формаларымен таңқалдырады. Біріншіден Сисем Ата қорымы Маңғыстау өлкесінің тұрғындары үшін сол жерде қазақтың көрнекті қайраткерлері жерленгендігімен қымбат болып табылады.