Сисем Ата қорымы қазақ халқының бар болған түрлі сәулет қабір ескерткіштерін көрсетеді. Кесенелердің күмбездік және күмбезі жоқ кешені өзінің әдемілігімен, ерекше оюмен, тамаша эпиграфикасымен, сан алуан сәулет формаларымен таңқалдырады. Біріншіден Сисем Ата қорымы Маңғыстау өлкесінің тұрғындары үшін сол жерде қазақтың көрнекті қайраткерлері жерленгендігімен қымбат болып табылады.
Маңғыстаудағы ірі және көне қорымдарының бірі Сай Утес станциясынан солтүстікке қарай 30 шақырым жерде, Үстірт жонының батысында, жарты шөлдің тегіс ландшафтта керуендік жолдың, құдықтар мен қыстаулардың жанында орналасқан. Әдеби дереккөздерінде алғаш рет ол 1825-1826 жылдардағы бірінші орыс соғыс-тексеру экспедициясының есебінде аталған. В краткой журнальной записи о некрополе сказано: «Осы қысқа журналдық жазуында қорым жайында былай жазылған: «Бұл бірнеше конус тәрізді тастан жасалған және жер үйінділерінен тұратын киелі зират болып табылады, бірақ олардың ескілігі жайында мәлімет жоқ. Дегенмен соңғы жылдар ішінде жиналған ғылыми материалдар ескерткішті шамамен 11-12 ғасырларымен даталауға мүмкіндік береді. Негізгі кешен ислам дінін уағыздаушыларының бірі Сисем Ата қабірінің айналасында қалыптасқан. Оның тұлғасы жайында белгілі мәлімет жоқ, дегенмен, аңыз бойынша ол оғыз-қыпшақ кезеңіне, яғни орта ғасырларына жатады. Сисем Атаның моласының қираған жерлерінен басқа, осы уақытқа дулығаның тас мүсінін және өлкенің тарихы қыпшақ-ноғай дәуірінің соғыс-саяси оқиғаларына байланысты қару бейнеленген өабір үстіндегі стелаларын жатқызуға болады.
Сисем-ата қорымы батырлар пантеоны болып табылады. Ескерткіш территориясында түрлі кездерде Маңғыстаудың ақсүйек адамдары жерленген. Көптеген рулар мен тайпалардың белгілі адамдары, дарынды сәулетшілері, ақындар, халық батырдар осы жерде жерленген. Осы қорымда дулыға түрінде салынған көптеген жерлеу орындары кездейсоқ шоғырланған емес. Батыс Қазақстан зерттеушісі М. Мендіқұлов осы форма тастан жасалған мүсіннің түрінде қорымның құрылуы басында пайда болғаны мен XIV ғасырдағы соғыста қаза тапқан батырдың қабірін белгілегені, ал кейін әскери ақсүйектері кесенелерінің күмбездік формасына көшірілгені жайында болжам ұсынған.
Қорым территориясында 1328 сан алуан ескерткіш орналасқан, олардың 22 күмбездік кесенелер, 155 сағанатам, 382 құлпытастар мен қойтастар, 129 саркофагтар бар, басқа объекттер – тас дуалдар мен стелалар орналасқан. Қорымдағы барлық ескерткіштер жергілікті тас-құмнан, іргетассыз, балшық ерітіндімен салынған.
Қорымдағы кесенелер құрылыстық ерекшеліктері бойынша үш түрге бөлінеді. Олардың біріншісі балшық ерітіндісімен қойылған қатқыл өңделген ізбес-құм тақталарынан салынған құрылыстар болып табылады. Олар формалары бойынша алып болып келеді, жалған күмбез техникасымен қойылған жабындардың конус тәрізді күмбездері бар. Кіру ойықтары доғалық формаларына ие. Кесенелердің екінші түрінің қасбеттері ұлутастың үлкен тақталарымен қапталған. Күмбездері қаланбаған. Олардың беттерінде ұштығы бар. Кесенелердің үшінші түрі уақыт бойынша XVIII- XIX ғғ.жатады. Сол кездегі қабырғалар кесілген тақталар мен блоктардан тұрғызылған, олардың ішкі қабаты өңделмеген тастан жасалған, күмбездер кесілгекн тақталармен құрылыстық өңделуінің арқасында әсем дулыға тәрізді формаларына ие бола бастады. Үстіңгі бетінде пішіндік оюындағы өрнектің көркем сурет пайда болды. Қорымда XVIII ғасырда салынған сағанатамдар сол кездегі кесенелерге ұқсас қабырғалардың құрылысы мен қолданбалы сырқы түрге ие.
Сисем Ата қорымы мемориалдық-діни сәулеті мен тасқа ойып қашау өнері ескерткіштерінің сирек кешені болып табылады. Ескерткіштер өлкенің сәулет дәстүрлері, өнер, діни көріністерінің даму үдерістерін көрсетеді. Сәулет-көркем құндылығынан басқа, қорым тарих ескерткіші болып табылады,себебі осында тарихи белгілі тұлғаларға белгілі көптеген ескерткіштер бар, олар: өмірлерін Хива хандары мен басқа басқыншыларына қарсы күреске арнаған Сүйінқара батыр Өргешбайұлы, Төлеп батыр Әнетұлы, Қонай батыр Кенжеұлы, Жетімек Жанұзақ батыр, Қожанасыр бай Жанайұлы, Ескелді Саназар бай Құдайназарұлы, Бегей Дауылдыр бай Қозыбакұлы, Сеңгір мырза Дауфлдырұлы, Жарылғап бай Сенгірұлы, Сейіт би Есенұлы, Әнет би Текейұлы, Төлепұлы Мамбетнияз би, Байбоз Боқкараұлы, Жарыұлы Назар руларының белгілі негізін салушылары (Шотан батыр, Тастемір бай, Майлан, Құдайберген), Жанбоз (Матай, Өтеулі, Жаманқара), Зорбайұлы Өтеғұл, Каржау Төлекеұлы және т.б. Сисем Ата қорымы Маңғыстаудың тарихы, этнография және сәулет тарихының бағалы қайнар көзі болып табылады. Ол XIII-XIX ғасырларының ашық аспан астындағы халық сәулетінің мұражайы деп аталғаны бекер емес.
Сисем Ата қорымы 1982 жылы мемлекеттік қорғауға республикалық маңызындағы ескерткіш ретінде алынған. Дегенмен, көптеген ғалымдар мен қорық қызметкерлерінің айтуынша, Сисем Ата халықаралық қорғалуына лайық. Қазіргі кезде ескерткішті ЮНЕСКО қорғауына тапсыру үшін құжаттар пакеті дайындалып жатыр. Сисем-ата Бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне қосылуға лайық.