Лисаковск Қазақстан Республикасы Қостанай облысындағы шет аймақтық қала болып табылады. Қаладағы көрікті жердің арасынан Лисаковск тарих және мәдениет мұражайы ерекше орынға ие, мұражай айтарлықтай жаңа болып, біршама шағын жер телімін алып жатыр, оған қарамастан онда аймақтың тарихи дамуын толық түрде баяндайтын экспонаттардың үлкен топтамасы бар.
Лисаковск мұражайы 1991 жылы құрылған, дегенмен қаланың мұражай қозғалысы пайда болу күні ретінде1980 жылын атауға болады.
1980 жылы 13 қарашада Лисаковск тау-байыту комбинатының тарихи-өндіріс мұражайы ашылды, ол Жоғары Тобыл бойындағы тарих және мәдениет мұражайын құруға арналған негіз болып табылған. Зауыт мұражайының авторы және директоры С. М. Ляпустин болған. Мұражай экспозициясы темір кенді кен орнының ашылу тарихы, Лисаковск тау-байыту комбинатының құрылуы, өндіріс алдыңғы қатарлылары мен жаңашылдары жайында айтады. Мұражай залдарында дәстүрлі түрде әскерге салтанатты түрде шығарып салулар, оқушылар мен Ұлы Отан соғысқа қатысушыларымен кездесулер өткізілген.
1991 жылдың желтоқсан айында тау-байыту комбинаты мұражайды кейін ұстауда мүделі емес болып қалды, бақытына орай топтаманы аман қалдыру қолдарынан келді. Лисаковск қаласының Халық депутаттарының кеңесінің атқарушы комитеті Лисаковск қаласында Қостанай облысының тарихи-өлкетану мұражайын ашу үшін рұқсат алды. Бастапқыда жаңа мұражайдың топтамасын тарихи-өндіріс мұражайынан тапсырылған қорлар (ЛТБК тарихы бойынша заттар мен құжаттар және қала тарихы жайындағы бірнеше материал) құрған.
Солай бола тұрса да, Лисаковск мұражайының құру идеясы қалалықтарды көптен бері уамға сала берген, қаланың аймағында жеті жыл бойы археологиялық қазба жұмыстар жүргізілген. Осында табылған қола дәуірінен қалған бұйымдардың үлкен топтамасы ақсақалдар мен өлкетанушылардың пікірінше қаланың иелігінде болу қажет.
1992 жылдан бастап Лисаковский елді мекені мен қорымынан қола дәуірінен қалған археологиялық топтаманың Жоғары Тобыл бойындағы Лисаковск қаласындағы тарих және мәдениет мұражайына тапсырыла берді.
Осы топтаманың бірегейлігі Б.з.б. XY-ХIII ғғ. Андронов мәденитарихи ортақтықтың заттық әлемін ауқымдық көрсетуде. Осында қола дәуіріндегі халқын қамтамасыз етудің өмірлік жүйелерін көрсететін бұйымдарды көруге болады: күйіктастан жасалған құмыралар, қоладан, сүйектен, тастан жасалған еңбек саймандары; алтын мен қоладан жасалған зергерлік бұйымдар.
Қазіргі кезде Лисаковск мұражайының қорларында 12 мыңнан астам мұражай экспоанттары бар. 1993 жылы «Даланың көне тарихы», «Еуразия даласының мәдениет әлемі», «Дала қазынасы», «Лисаковск қаласының тарихы» жаңа экспозициялар ашылған.
Мұражай қызметкерлерінің арқасында жиналған этнографиялық топтама археологиялық топтаманың шын жалғасы болды.Экспонаттардың этнографиялық топтамасы Солтүстік Қазақстанның полиэтникалық халықтың байлығын көрсетеді. Оның құрамы Лисаковск аймағын мекендейтін қазақ, орыс, украиндық, неміс, татар этностарының мәдениетін көрсетіп тұрады.
Қорларын толықтыру мақсатында мұражай белсенді жұмыс атқарып жатыр. Бүгінгі күнде, Лисаковск, Қостанай, Қарағанды, Челябинск қалаларының суретшілерінің жұмыстарынан құралған шығармашылық топтама қалыптасып жатыр.
2000 жылы мұражай кең және бейімделген жайға көшті, ал 2001 жылдың тамызында жаңа экспозиция ашылған. Сабақтастықты сақтап отырып, мұражай қызметкерлері жаңа залындағы бұрынғы экспозицияларының принциптері мен тақырыптарын сақтауға тырысты.