Мекен-жайы: Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесі, 115. Телефон: 8(7142) 50-11-13
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы Қостанай қалалық кеңесінің шешімімен 1915 жылы 1 тамызда ашылған. Осы уақытқа дейін көп жылдар бойы жергілікті өлкетанушылар, этнографтар және Ресей географиялық қоғамы Орынбор бөлімінің мүшелері облыстың тарихы, экономикасы, мәдениеті жөнінде мол материал жинады. Мұражай кішігірім ағаш үйде орналасқан. Басында мұражай экспонаттары негізінен зоология, ботаника, география және астрономияның көрнекі әдістемелерінен тұрды. Мұражай экспозициясы қорғандардың қазба жұмыстары кезінде табылған тұрмыстық заттармен, тұлыптармен, көне заттармен толығып отырды. 20-жылдардан бастап мұражайдың тұрақты ғимараты мен қаржыландыру көзі болған жоқ, бұл кезеңде оның тіршілігі экспонаттарды жинау үшін өз бетімен облыс үйлерін аралаған азғантай энтузиаст-қызметкерлердің арқасында сақталып қалды. 1925 жылы өңірдегі революциялық оқиғалар мен азаматтық соғыс тарихы жөніндегі қару-жарақ және фотодеректемелік қор коллекциясын жинақтау басталды. 1936 жылдан бастап мұражай облыстық болады, ал 1937 жылғы қаңтардан Ленин көшесі 60 мекен-жайындағы қала орталығындағы ХІХ ғасырда салынған ғимараттың ішінде тұрақты орын-жайға ие болады. Мұражайда 3 бөлім құрылады: табиғат бөлімі, тарих бөлімі, соцқұрылыс бөлімі. Мұражай тарихының барлық кезеңінде оның қызметкерлері түрлі зерттеу жұмыстарына белсенді қатысты. 20-ғасырдың 30-жылдарында облысты аралап олар өңірдің ауыл шаруашылығы туралы құнды деректер жинап оны алғашқы көрмеде алға тартты. Бұл уақытта мұражай жанында кейіннен ашылған экзотариумның болашақ үлгісіне айналған жан-жануарлар бұрышы ашық болды. 1995 жылы мұражай ХХ ғасыр басындағы азаматтық сәулет ескерткіші - жаңа ғимаратқа көшті.
Қазіргі кезде мұражай экспозициясында 109 мыңнан астам экспонаттар сақталуда. Мұражай қоры палеонтологиялық, ботаникалық, зоологиялық және энтомологиялық мол коллекциялар арқылы көрсетілген. Мұражайда сақталған археологиялық құндылықтардың ішінде ерекше қызығушылықты тас ғасырының, қола дәуірінің, ерте темір ғасырының қазба заттары тудырады. Байырғы өнердің таң қаларлық туындылары әлемге әйгілі: «Тобол ойшылы» тас мүсіні, «Тоқпақ-құдай» құрбан тоқпағының шыныңдағы арқардың басы бейнеленген құрбан шалғыш.
Мұражай дәстүрлі түрде үлкен көңіл бөлетін этнографиялық коллекция өз құрамында ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақ зергерлерінің зергерлік бұйымдары жинағының және тамаша ұлттық киім коллекциясының Қазақстандағы ең үздік жинағынан тұрады. Киім коллекциясы әйел және қыздардың қазақ костюмдері мен алтын тігістің үлгілері, Мәскеу және Курск губерниялары орыс шаруаларының костюмдері, мордовиялық, украиндық, белорус, марийялық, хакасстік костюмдері арқылы көрсетілген.
Өнер коллекциясы – бұл қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушылар мен шеберлерінің, Әбілхан Қастеев, Николай Гаврилович Хлудов, Жанатай Шарденов, Гульфайрус Исмаилова, сондай-ақ Ресей, Украина, Күнгей Кавказдың танымал суретшілерінің жұмыстарынан тұратын 4 мыңға жуық кескіндеме, графика және мүсін туындылары .
Мұражайда өлкенің тарихы мен осы өлке халқының мәдениетін көрсететін көптеген көрмелер қойылған. «Біз – Қазақстан халқымыз» көрмесі сирек мұрағаттық фотосуреттерден, ұлттық киім коллекциясынан және тұрмыстық заттардан, қазақ киіз үйінің қайтадан жасалған жиһаз бұйымдары мен қоныс аударған-славян үйінен және басқа экспонаттардан тұрады. «Менің туған қалам» көрмесінде ХІХ ғасырдың соңындағы пәтер жиһазы экпозицияға қойылған. «Қостанай облысы тарихы» көрмесінде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қостанайлықтардың тұрмысына қатысты заттар, олардың тың және тыңайған жерлерді игеруге, өнеркәсіпті дамытуға, қала құрылысы мен абаттандыруына қатысуы көрсетілген.
2006-2008 жылдары өлкенің кең көлемді археологиялық зерттеу жұмыстары қайта басталды. Мұражай қызметкерлері үнемі интерактивті жобалар мен арнайы акцияларды, өлке тарихын және мұражай коллекциясын насихаттауға, жаңа келушілерді тартуға бағытталған тақырыптық кештерді ұйымдастырады. Олардың ішінде еліктіретін фольклорлық мейрам «Наурыз», «Ертегіде қонақта болғанда», «Святки», жыл сайынғы интерактивті акция «Мұражайдағы түн», жастар шығармашылығының конкурстары ерекшеленеді. Мұражай аумағында келушілердің еркіндік пен шығармашылық көріністеріне ерік беру құқығына ерекше көңіл бөлінеді.