Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайы мәдениет жөніндегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік комитетінің төрағасы Е. Рахмадиевтің бұйрығымен 1991 жылы 9 желтоқсанда ашылды. Оқиға ұлы ағартушы және жазушының туылғанына 150-жыл толуы қарсаңында оны құрметпен еске алу үшін орайластырылды. Арнайы мұражай үшін Қостанай қаласының бас сәулетшісі Хажымұрат Күшіковтің жобасы бойынша өз сәулетінде ұлттық бағытпен классикалық бағыт үйлесім тапқан киіз үйге ұқсас әсем ғимарат салынды. Мұражай қаланың тарихи-архитектуралық бөлігінде, Ордабай шатқалында 1884 жылы жазушы негізін қалаған дарынды балаларға арналған Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернат жанында орналасқан. Мұражай ғимараты екі бөліктен тұрады – біріншісі Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептің нақты көшірмесі. Ішінде жазушының мемориалдық сыныбы мен әкімшілік кабинеттер орналасқан. Екіншісінде – киіз үй тәріздес екі қабатты ғимаратта екі стационарлық көрме «Ыбырай Алтынсарин – мұғалім-ағартушы» және «Қазақстан Республикасы халық жазушысы Мәриям Хәкімжанованың шығармашылық лабораториясы» экспозицияға қойылған. Мұражайдың жалпы алаңы - 818,1 ш.м.

Мұражай қызметкерлері қорларды толтыру үшін үлкен күш жұмсады. Олар Алматы, Омбы, Орск, Орынбор, Санкт-Петербор мұрағаттарында жұмыс жүргізді. Алтынсариннің өмірін зерттеу үшін қажетті материалдарды жинауға Қостанай қаласы мен облысының қоғамы өз үлесін қосты. Ақын, мұғалім, мәдениет, соның ішінде мұражай қызметкерлерінен, қоғамдық қайраткерлерден тұратын «Үгіт-насихаттық пойыз» атындағы делегация Ы. Алтынсарин өмір сүріп жұмыс жасаған орындарға барып қайтты. Үгіт пойызының мақсаты кішкентай Ыбырай оқыған Орынбор қаласындағы Шекара Комиссиясының бұрынғы ғимаратына мемориалды тақтайша орнату болатын.

Мұражай қорында 11820 экспонат, негізігі қордың 10190 бірлігі сақталуда. Мұражайда жазушының шығармашылығы мен өмірі жайлы кітаптар, оның жеке заттары, Ы. Алтынсариннің кітаптары, мектептерінің макеттері, фотосуреттер, естеліктер жиналған. Экспонаттар Алтынсариннің өмірі мен қызметін ғана емес, сонымен бірге Қазақстандағы халыққа білім беру жүйесі құрылымының қалыптасуы мен даму тарихын көрсетеді. Торғай облысы мектептерінің инспекторы бола тұрып Ы. Алтынсарин екі сыныпты төрт орталық училищенің, бес болыстық мектептің, орыс қоныстанушылары балаларына арналған екі училищенің ашылуына себепкер болды. Ол қыздар және қолөнерлік білім берудің бастауында тұрды, бұған мұражайдағы ерекше фотоматериалдар, мұрағаттық құжаттар куә.

Экспозицияның ең құндысы ақын заттарының ішінде жалғыз дерлік сақталып қалған Алтынсарин отбасына тиесілі таза жүннен тоқылған төсек жабдықтарына арналған қап болып табылады. Сондай-ақ мұражайдан «Шариат-ұл-ислам» кітабының түпнұсқасын табуға болады. Діни шариғат бойынша бұл әдістемені Ы. Алтынсарин бірбеткей моллалардың зиянды ықпалын ауыздықтандыру масатында құрастырған. Сонымен бірге залдарда зергерлік бұйымдардың бай коллекциясы - қазақ зергерлерінің шебер жұмысының нәтижесі қыздар әшекейлерін көруге болады. Мұражайда көрнекті ағартушылар, ғалымдар, мәдениет қайраткерлері, ақындар, Алтынсарин мектептерінің түлектері туралы қызықты материалдар бар.
Мұражайдың екінші көрмесі ҚР халық жазушысы, танымал ақын, Ыбырай Алтынсариннің туысқаны – Мәриям Хәкімжановаға арналған. Ол қайтыс болғаннан кейін 1995 жылы ол тірі кезінде қолданылған барлық заттар, былайша айтқанда, оның ыстық алақанын есіне сақтап қалған кабинет Мәриямның ұлы Атымтай Хәкімжановпен мұражайға сыйға тартылды.
Мұражай қызметкерлері Ыбырай Алтынсариннің, оның ізбасарларының педагогикалық мұрасының тарихын толығырақ жаңғырту және жалпы өңірдің білімін дамыту бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізіп жатыр. Сонымен бірге мұражай мәдени-ағартушылық қызметпен айналысады.

Мұражай қызметкерлері облыстың, республиканың көптеген мектептерімен, мұражайларымен, мұрағаттарымен және өзге де ғылыми, мәдени-ағартушылық мекемелерімен байланыс жасап тұрады. Оқытушының өмірі мен қызметінің жаңа қырларын зертеу жұмыстары жалғасуда...

  • Достарға әңгімеле:
Подробнее
Бейне
Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайы
Қостанай облысының сурет галереясы 2008 жылы ашылған. Галеряның ашылуы қаланың мәдени өмірінде маңызды және көп күтерлік оқиға болып табылған.

Мұражайлар
Қостанай облысының сурет галереясы

Қостанай облысының сурет галереясы 2008 жылы ашылған. Галеряның ашылуы қаланың мәдени өмірінде маңызды және көп күтерлік оқиға болып табылған.


Мұражайлар
Жоғары Тобыл бойындағы Лисаковсктағы тарих және мәдениет мұражайы

Лисаковск Қазақстан Республикасы Қостанай облысындағы шет аймақтық қала болып табылады. Қаладағы көрікті жердің арасынан Лисаковск тарих және мәдениет мұражайы ерекше орынға ие, мұражай айтарлықтай жаңа болып, біршама шағын жер телімін алып жатыр, оған қарамастан онда аймақтың тарихи дамуын толық түрде баяндайтын экспонаттардың үлкен топтамасы бар.