Қостанай соборлы мешітінің әсем де бірегей ғимараты 120 жылдан астам уақыт бойы қала тұрғындарының көздің жауын алған және қаладағы ең әдемі ғимараттарының бірі болып, оның басты көрікті жерлерінің тізіміне кіреді.

Құрылыстың алғашқы күнінен бастап, мешіттің екі атауы болды, ресми атауы – Қостанай қаласының соборлы мешіті және бейресми атауы Ақмешіт, бұл атауды қаланың қарапайым діншіл адамдары берді, ол мешіттің әсемдігі мен тазалығын көрсетеді.

Қостанай соборлы мешіті 1893 жылы Татар слобадасында (қазіргі кезде Қостанай қаласының Нариман нарығының ауданы) тұратын қарапайым мұсылмандар мен бай көпестердің садақаларына салынған. Татар, одан кейін Шакир, ал кейін Нариман слободасы жас Қостанайдың өмірінде елеулі орын алды.

Жаңа мешітің құрылысына негізгі садақаны белгілі көпестердің бірі, қолдаушы, қала жебеушілерінің бірі, «Яушев ағайындары» Троицкий сауда үйінің өкілі – Абдулвали Яушев болып табылады. Абдулвали Яушевтің 1906 жылы қайтыс болғанынан кейін мешітті басқару билігін оның інісі Муллағали қолына алды.

Яушевтар отбасының тарихы таңқалдырып, еліміздің күрделі тарихымен тығыз байланысты. 1907 жылдан бастап 1917 жылға дейін Яушевтардың кенжесі «Троицкий мұсылман қайырымдылық қоры» төрағасы болып табылған, мұсылман жетімдер үйінің атқарушы комиссиясын басқарған. 1909 жылы Қостанайда Мұсылман қайырымдылық қоғамының негізін салғандардың бірі болып табылады. Азаматтық соғыстың төңкерісі мен басталуынан кейін шамамен 1918-1919 жылдары Муллағали Яушев Владивостокқа отбасымен бірге көшеді, кейін Харбинге (Қытай), осыдан кейін Йокогамаға (Жапония) қоныс аударды. Йокогамада отбасы 1926 жылға дейін тұрған. АҚШ-қа қоныс аудару мүмкіндігіне ие бола тұра, Яушевтер Ресейге қайтуды ұйғарады. Қайтып келуден кейін отбасы Ташкент қаласында кедей өмір кешіп, сол жерде өмір сүру үшін олардың бұрынғы жұмысшылары көмектесіп отырған.

Биіктігі 6-метрді құрған мешіттің негізгі ғимараты бастапқыда екі қабатқа бөлінген. Төменгі қабаты толығымен киізбен төселген, сол жерде бай емес мұсылмандар намаз оқыды, сәнді кілемдермен әсемделінген қабырғалары мен едендері болған үстіңгі қабатында жергілікті ақсүйектері намаз оқыды.

Сәулет жобасына сәйкес мешіт ғимаратының пармаетрлері осындай: мешіт ауданы 844,3 м2 , ғимарат ауданы 5550 текше метр, жалпы ауданы 851,4 м2, биіктігі 4,510; күмбез биіктігі 18,890, мұнара биіктігі 22,745 метр. Мешіттің жалпы сыйымдылығы 1000 астам адам.

Кеңес билігінің жылдарында бүкіл елдегі мешіттер, православ ғибадатханалар және тағы басқа діни құрылыстар жабылып, қайтадан жабдықталған уақыт болған. Осы нәсіптен Қостанай соборлы мешіті де құтыла алмады.

1931 жылы Қалалық кеңесінің шешімімен мешіт ғимараты клуб болу үшін қайтадан жабдықталған. Клубтың жұмысшысы, киномеханик Захаров ақарында мынаны есіне алған: «Киноны тек кешке көрсеткен. Афишада киносеанстың нақты басталу уақыты көрсетілмеді. Фильм сырлардан кейін басталады деп жазылып отырған». Соғыс басталғаннан кейін Қостанай облысына көптеген қашқындар мен кәсіпорындарымен бірге көшірілген адамдар келген. Мешіт ғимаратында көшіру бекеті орнатылған, оның ішінде көшірілген ленинградтықтар баспанасын тапты. Ал соғыстан кейін оның ішінде жас көрерменнің кинотеатрын (ЖККТ) ұйымдастырған.

1946 жылдан бастап ҚазКСР Жоғары Кеңесінің Төралқасының төрағасына Қостанай қаласының «мұсылман халқының өкілетті діншіл адамдарынан» хаттар келе бастады. Халық намазға арналған ғимаратты қайтаруды сұрады. 40 жыл соң, 1986 жылы ғимарат қайтадан жабдықталған – осы жолы құрылыстың акустикалық ерекшеліктері облыстық филармониясының концерттік залы үшін пайданылған. Бірақ 1991 жылы Қостанай қалалық атқару комитетінің ғимараты мұсылмандардың діни қоғамына тапсырылған.

1991 жылы ұзақ уақыт бойы алғаш рет Қостанай мешітінде Құрбан айт мейрамының намазы оқылған. Кейін Мешіт ғимаратында күрделі қайтадан қалпына келтіру өткізілді. 1993 жылы Қостанай соборлы мешіті өзінің жүзжылдығын тойлады. 2002 жылы мешітке ғалым Марал ишан Құрманұлының аты берілген.

Бүгінгі күнде, Марал ишан атындағы мешіт мемлекеттің қорғауында болып табылатын тарихи ескерткіштер тізіміне енгізілген.

  • Достарға әңгімеле:
Қостанай облыстық филармония 1944 жылы ашылған. Өз ұлттық-көркемөнер ұжымдарын құру, концерттік қызметті насихаттау және Қостанай қаласын облыстың музыкалық мәдениеті орталығына айналдыру қажеттілігі филармонияның ашылуына себепші болды.

Ескерткіштер
Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармония

Қостанай облыстық филармония 1944 жылы ашылған. Өз ұлттық-көркемөнер ұжымдарын құру, концерттік қызметті насихаттау және Қостанай қаласын облыстың музыкалық мәдениеті орталығына айналдыру қажеттілігі филармонияның ашылуына себепші болды.  


Ескерткіштер
Торғай геоглифтері

Геоглифтер Қостанай облысындағы өзгеше және теңдессіз ескерткіштерінің бірі болып табылады. Осы ескерткіштің ашылуы жаңа технологиялардың жаппай дамуының арқасында жүзеге асырылған.