Егемен Қазақстанда ашылған ең бірінші театрдың бірі Жүсіпбек Аймауытов атындағы Қазақ театры болып табылады. Театр Павлодар қаласында Ломов 140 көшесінде орналасқан.
Павлодар қаласындағы қазақ ұлттық театр өнерінің тарихы 1938 жылы басталды, сол кезде Ертіс өзеншілерінің Куйбышев атындағы драма үйірме клубының негізінде қазақ драма театры ашылды. Оның бірінші спектаклі болып Мұхтар Әуезовтың «Айман-Шолпан» комедиясы көрсетілді. Дегенмен, тұрақталған репертуары мен танымалдығына қарамастан, он жыл өткен соң театр жабылды.
Театр қырық жыл өткен соң қайта күшіне кірді, 1990 жылы 7 желтоқсанда қайта ашылды. Тұсаукесер маусымы қайтадан «Айман-Шолпан» (ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері Ерсайын Тапеновтың қойылымында) спектаклінен басталды,осы қазақ классикасының туындысы театрдың өзіндік визит карточкасы болған.
1990 жылы Павллодар облысы әкімінің шақыруы бойынша Ж. Аймауытов атындағы театрды құруға Қарағандыдан келген мәдениетке еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік Сыйлықтың иегері, басты режиссер Ерсайын Тапенов, Сетжан және Роза Тәжібаевтар, Сансызбай және Алма Бекболатовтар, Амангелді Жүке, Жезқазған театрынан келген Мұхтар Манапов белсенді қатысқан. Кейін театр Қазақ өнер институтының дарынды түлектерімен толықты. Қазіргі кезде олар көрнекті актерлері болып табылатын Мұхтар Байжұманов, Талжыбек Атамбет, Иманғожа Бақтыбек және т.б.
Театр ашылғаннан кейін бірден Жүсіпбек Аймауытовтың атын алды, театр қызметкерлері мен Павлодар қаласының тұрғындары қуана-қуана бастамаларын көрсетіп ұлы жерлестің есімімен атауға келісімін берген.
Жүсіпбек Аймауытов дарынды адам болған, ол ақын және драматург ретінде болды, проза мен әдеби қазақ тілінің дамуына аса құнды үлесін қосты.
Ж. Аймауытов құнды әдеби мұраны қалдырған. Ол қазіргі қазақ әдебиетінде роман және драма жанрының негізін салушысы. Жазушының көркем туындылары идеялықпен, эстеттік суреттемелерінің байлығымен, көркем баяндаманың шеберлігімен, тіл айқындығымен, стильдің нәзіктігімен ерекшеленген. «Сарыарқадан сәлем», «Қоныс», «Жәмила», «Тұңғиық, түпсіз астында» сияқты өлеңдері, «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікей кінәсі» повесі, әңгімелер мен драмалар, балаларға арналған кітаптар, «Абайдан кейінгі ақындар», «Мағжанның ақындығы», «Аударамалар жайында» әдеби-сынау мақалалары сияқты туындылар қазақ әдебиеті тарихында елеулі үлес болып қалған.
Ж. Аймауытовты театрмен жақындастыратын басты нәрсе – ол қазақтың сахна өнерінің негізін салушысы болып табылатыны. Қазақ драматургияның басында тұрып, қазақ сахнасында режиссер-қоюшы болды. Ол алғашқы театр топтарының ұйымдастырушысы ғана емес, сонымен қатар оларға тікелей қатысқан адам болып табылады. 1917 жылы 17 желтоқсанда Семейде өзінің «Рабиға» атты пьесасын қойды. Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арналған драма туындыларының бірі «Шернияз» туындысы қала мен ауыл арасындағы қатынасты көрсетеді.
2010 жылы Ж. Аймауытов атындағы Қазақ музыкалық-драма театры өзінің 20 жылдығын атап өтті, сол жылдардың ішінде ол елдегі үздік театрларының бірі болып, қазақ ұлы драматургтың есімін алғандығына лайық болғанын бірнеше рет дәлелдеді.
Бүгінгі күнде театр репертуарында Еврипидтің «Медея» көне грек трагедиясы, У. Шекспирдің «Лир патшасы», Чеховтың «Шағала», Эдуардо де Филиппоның «Филумена Мартурано», М. Әуезовтың «Еңлік-Кебек», «Қаракөз», Ғ. Мүсіреповтың «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу», И. Кальманның «Сильва», И. Штраустың «Жарғанат», Ү. Ғажыбековтың «Аршын-Малалан», А. Тажыбаевтың «Майра», А. Цагарелидің «Ханума», Ш. Айтматовтың «Ана даласы», Ж. Артықбаевтың «Малайсары Тархан» туындылары, соынмен қатар қазақ драматургтар Қ. Мұхамеджанов, Т. Ақтанов, С. Жүнісов, А. Тауасаров, Ә. Тарази, Д. Исабеков, С. Балғабаевтың және т.б. пъесалары бойынша қойылған спектакльдер бар.
Театр сәтті түрде Мәскеу, Ленинград, Омбы, Новосибирск, Алматы, Астана, Петропавл, Талдықорған қалаларына гастрольге барып жүрген. «Шабыт» шығармашылық жастардың VII халықаралық фестивалінің және Каир қаласындағы эксперименталдық театрларының VII-ХХ халықаралық фестивалінің лауреаты болды.
ҚР еңбек сіңірген әртістері М. Манап, Р. Тәжібаева, әртістер С. Тәжібаев, С. Бекболатов, Т. Атамбек, М. Байжұманов, Д. Ұябай театр сахнасында өнер көрсетіп, бүкіл елге танымал болып, көрермендердің жылы ықыласына бөленді.
Жыл сайын труппаға Т. Жүргенов атындағы театр академиясының түлектері келіп отырады.
Театрда симфониялық оркестр жұмыс істейді. Дирижері Б. Рақымжанов, вокал бойынша педагог А. Алексеева, концертмейстерлері И. Воронина, Н. Карибжанова, балетмейстері Б. Исабекова.
Театрдың көркем жетекшісі ҚР еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлығының лауреаты Е. Тапенов болып табылады.
Әр маусым сайын Ж. Аймауытов атындағы театр көрермендерді жаңа спектакльдерімен қуантуға дайын, ол өнерді шын жүректен сүйетін көрермендер үшін әрқашан ашық.