Павлодар қаласының орталық ауданында Торайғыров және Сәтпаев көшелерінің қиылысуында ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровқа ескерткіш орналасқан. Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақтың ақын-демократы, Баянауыл ауданының тумасы. Қысқа өмірінде қазақ әдебиетінде жарқын із қалдырды.

Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Көкшетау облысы Қызылтау ауданында мал өсіруші отбасында туған. Сұлтанмахмұттың балалық шағы қуанышсыз өтті. Бала кезінде қиын, аштықта өткен өмірдің, үздіксіз тауқыметтің шерін біліп көрді. Еңбектеніп, білім алды. Басында бала әкесінің көмегімен сауатын ашты. Кейін бірнеше жыл бойы (1902-1907 жж.) ауылдық молдадан оқыды.

1908 жылдан бастап 1910 жылға дейін Сұлтанмахмұт Баянауылдағы рухани мектеп-медресесінде оқиды. Білімқұмар және еңбекқор бала мақсатқа жету үшін ерекше табандылығы мен қажымаушылығын көрсетті. Кедей өмір сүріп, ол молданың отбасында тұрып, бүкіл қиын жұмысты орындайды.

1912 жылдың аяғында Сұлтанмахмұт Троицкке оқуын жалғастыру үшін барады. Ол орыс тілін меңгеруді және орыс тілінде оқуды, тарих және география сияқты ғылымдарды оқуды ұйғарды. Осында Троицк қаласында ол рухани мектебіне барады.Ол Абай туындыларын оқиды, ұлы ағартушы жасаған аудармалары арқылы Пушкин, Лермонтов, Крыловтың туындыларымен танысады. Бірнеше жыл өткен соң ол орыс тілін меңгеріп, орыс жазушылары мен ақындардың туындыларын түпнұсқасыларында оқи алды.

1913 жылдың шілдесінде Сұлтанмахмұт оқуын қалдыруға мәжбүр болды. Жоқшылық пен аштық оның денсаулығына зиян келтіріп, туберкулез ауруына шалдығып, ауылға барады ды, балаларды оқытады.

Оқуға деген ниеті оны қинап, көп ұзамай Троицк қаласына қайтып келеді, сол жерде «Айқап» атақты прогрессивті журналының көрнекті қызметкерлерінің бірі болып, журнал беттерінде Сұлтанмахмұт алғаш рет ақын, публицист және очеркші ретінде шықты.

Осы кездегі ақын шығармашылығында жастарды білімге, ғылымға шақырып тұрған, мәдениет пен өнерді насихаттайтын туындылар ерекше орын алады. «Оқуда мақсат не?», «Шәкірт ойы» өлеңдерінде, «Ауырмай есімнен жаңылғаным» деген әңгімесінде надандық пен артта қалғандықты кінәраттап, халқын білімге шақырады.1914 жылы Сұлтанмахмұт төңкеріске дейінгі қазақтың бүкіл әдебиетіндегі ең елеулі туындылардың бірі, «Қамар сұлу» романын жазады.

1917 жылдағы Ақпан революциясынан кейін халыққа жақын болу үшін ол Семей қаласына келеді. Сол кездегі барлық қазақ зиялылары сияқты үлкен қуанышқа бөленеді. «Халқымның басында тұрған қараңғылықты тарқататын күннің көзі болғым келеді». Торайғыров алашордалықтарымен байланысқа кіріп, мақалаларын «Сарыарқа» газетіне жариялады.«Алаш» көшбасшыларының ойларын қолдап, ол оларды өлеңдерінде таңданып сипаттайды. Денсаулығы нашарлап, 1918 жылдың жазында Сұлтанмахмұт туған Баянауылына қайтып келеді.

Сұлтанмахмұттың аяқтай алмаған поэмасы «Қалалық және дала ақындарының айтысы» деген тақырыпшасы бар «Айтыс» деп аталған. Ақын диалог түрінде бұрынғы ескі дәстүрлі өмірлік салтының өзгеруін көрсетті.

Қысқа, бірақ көрнекті шығармашылық өмірді сүрген С. Торайғыров туберкулез ауруынан 26 жасында қайтыс болды.

Ақынның ескерткіші 2000 жылы 25 қазанда орнатылған, ол қоладан, ал тұғыры қызыл және қара граниитен дайындалды.

Монументтің дайындалуына төрт тоннадан астам таза қола жұмсалған.

Ескерткіш қоладан дайындалды, орналастырылған тасы қызыл және қара граниттен. Ескерткіш ақынның қарағай жанында тұрған қола мүсінінен тұрады. С.Торайғыров жастарға лайық, ақын-лирик және романтик ретінде бейнеленген. Қасірет элементтері постамент шешімін толықтырады, олар қызыл және сұр граниттің үйлесімі және екі кішкентай пирамида түрінде жасалған сәулет нысандар. Пирамидалар, егер ақын ұзақ өмір сүрсе, ол қазақ әдебиетінде биік шыңға жетерін мегзейді. Мүсін авторы – ҚР өнеріне еңбегі сіңген қайраткер Есхан Сергебаев.

2009 жылы 14 желтоқсанда бірнеше тонна салмағы бар Сұлтанмахмұт Торайғыровтың ескерткіші көшенің екінші жағына көшірілген. Бұл үлкен жұмыс зергерлік дәлдігімен жасалды. Ескі мен жаңа тұғырлардың ара қашықтығы шамамен 150 метрді құрайды.

Ескерткіш сәулет жағынан жаңа орында тиімді орналасқанына байланысты Павлодар әкімшілігі ескерткішті көшіру жайындағы шешім қабылдады. Ескі орнында ескерткіш артындағы тұрғын үймен бірге тұтас болып көрінген. Енді монумент бөлек тұр және оны алаң мен су атқыштар қоршап тұр.

Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арнап қойылған мемориал Павлодар қаласының нағыз көрікті жері болып, республикалық маңызындағы ескерткіш болған.

  • Достарға әңгімеле:
Ибраһим ата кесенесі – әйгілі уағызшы мазарына қойылған сәулет ескерткіші. Ақсу ауылы жолында Сайрам ауылының шетінде биік төбеде орналасқан. Алғашында кесене XVI – XVII ғасырларда салынған, бірақ ол құлап қалғаннан кейін XIX ғасырда қайта салынды.

Ескерткіштер
Ибраһим ата кесенесі

Ибраһим ата кесенесі – әйгілі уағызшы мазарына қойылған сәулет ескерткіші. Ақсу ауылы жолында Сайрам ауылының шетінде биік төбеде орналасқан. Алғашында кесене XVI – XVII ғасырларда салынған, бірақ ол құлап қалғаннан кейін XIX ғасырда қайта салынды.


Ескерткіштер
Мәшһүр Жүсіп атындағы кесене

Павлодардағы басты меіт қаланың барлық шеттерінен көрініп тұр. Шаңырақ тәрізді көк түсті күмбезді алтын жарты ай аяқтап тұр, ал биікке қарап тұрған көк мұнаралар мен сәулетті сатысы қала тұрғындары мен қонақтарының құрметі мен таңданысын өзіне қаратып алады. Мешіттің салыстырмалы түрде жақында салынғандығына қарамастан, бұл сәулетті ғимарат Павлодар қаласының ең басты көрікті жерлердің тізіміне кіреді.