Ақсу қаласында мұражайды ашу жайындағы шешім 2000 жылы қабылданды, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен осы жыл «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды. Дәл осы жылы Ақсу қаласының Әкімшілігі өз тарихи-өлкетану мұражайын ашу жайындағы шешім қабылдағаны мәнді болып табылады, мұражай Павлодар облысындағы әділет басқармасында 2000 жылы 18 қазанда тіркелді.
Ресми және салтанатты ашылуы 2001 жылы 23 қазанда өтті, сол күн кездейсоқ таңдалған емес және Ақсу қаласының 40 –жылдық мерейтойына орайластырылған. Мұражайдың тұңғыш жетекшісі Ақшұлақова Гүлжанар Наскеновна болып тағайындалды.
Мұражай қала орталығында Әуезов 8 көшесінде, Мәдениет Сарайы ғимаратында орналасқан, жайдың жалпы ауданы 218,9 шаршы м құрайды, оның 146,4 шаршы метрін экспозициялық зал алып жатыр. Бүгінгі күні мұражайында 5 қызметкер жұмыс істейді. Мұражайдың кең және жарық экспозициялық-көрме залында келесі бөлімдері бар: сәулет өнері, қала тарихы, мәдениет, спорт, бұқаралық ақпарат құралдары, ауыл шаруашылығы, этнография залы, Ұлы Отан соғысының ардагерлері – 4 стенд, әскерді Ауғанстаннан алып шығару, тыңға 50 жыл және тағы басқа бөлімдер.
Ақсу өлкетану мұражайы үлкен емес және оның салыстырмалы түрде қысқа мерзімді тарихы бар, дегенмен осы шағын және жайлы мұражайдың экспозициялық-көрме залында қаланың бүкіл тарихы, қалалықтардың тұрмыс заттары, құжаттар мен этнографиялық материал сыйған.
Мұражай ашылған кезінде оның топтамасында 200-ден астам экспонат бар. 10 жылдан артық жұмыс жылдары бойы мұражай қоры мұражай қызметкерлері, жергілікті биліктің қолдауы мен қала тұрғындарының бастамасының арқасында 3086 экспонатқа дейін толықтырылған: бұл фотоқұжаттар, мұрағат материалдары, ыдыс.
Көрсетілген экспонаттар Ақсу қаласының бүкіл тарихын бейнелейді. Мұражайда жай заттар сақталып жатыр, олардың көбісі балаларды қызықтырып, қуантады, ал ересек адамдар даңқты өткенін есіне алады.
Экспонаттардың көпшілігі қарапайым қала тұрғындарының дәуір ішіндегі өмірі мен тұрмысын көрсетеді. Мұражай топтамасындағы бөлек заттарды ерекше атауға болады, осында өткен ғасырдың 50-60-шы жылдардағы әйел адамның аяқ киімі қойылған, дәл осындай аяқ кимді тың игеру үшін Кеңес Одағының барлық түкпірлерінен келген қыздар киіп жүрген. Ескі патефон – бір кезде адамдар оның көмегімен күйтабақтарды тыңдап, белгілі әуендердің ырғағымен билеген, 60-шы жылдардағы теледидар, оны бір себептен Монғолиядан әкелді, 80-жылдардағы магнитофон, 70-жылдардағы қабырға сағат, Жапон соғыстан қалған қобдиша, 1912 жылы шыққан «Огонек» журналының 4 нөмірі, И. В. Сталиннің халыққа деген 1941 жылы соғыстың басталуы мен 1945 жылғы ұлы жеңіс жайындағы үндеуі жарияланған газеттер, ардагерлердің мұражайға сыйға берген ордендері мен медальдері, майданнан келген хаттар және т.б.
Мұражай қызметкерлері экскурсияларды жиі өткізіп, басқа ғылыми-ағартушылық жұмысты өткізіп жатыр, экспозициялық залында: лекциялар, дөңгелек үстелдер, оқушылардың ардагерлермен, құрметі азаматтармен, ауған жауынгерлерімен кездесулері өтіп жатады. Ақсу өңірінің қолданбалы өнер шеберлерінің көрмелері ұйымдастырылып жатады, мерейтойларға арнап стендтер жасалынады. Мұражайда өтіп жататын әр іс-шара «Ақжол» деген жергілікті газетінде және «Ақсу толқыны» радио толқынында баяндалады.