Тараз қаласы көптеген атақты ғалымдардың есімдерімен байланысты болып келеді: Қашқари, Дулати, Баласағұни, Саид-ат-Тарази, шығыс ортағасырлардағы ғалым тіректерімен қатар академик К. И. Скрябиннің есімін қоюға болады. Еңбектері өте құнды болып келеді, ал есімі бүкіл дүниежүзінің ғылыми ортасында белгілі. Константин Иванович Скрябин 1878 жылы Санкт-Петербургте дүниеге келді, 1905 жылы Юрьев мал дәрігерлік институтын үздікке бітіріп, Шымкент қаласына аттанады, сол жерде учаскелік мал емдейтін дәрігер болып жұмыс істейді. Екі жыл өткен соң, өзін басқа қиыр түкпірдегі ауданға - Әулиеата (қазір Тараз) жіберуді сұрайды. Дәл осы жерде әлемдік даңқты әкелген ғылыми жұмысына шындап кіріседі. Бүкіл әлемге танымал ғалым болып, Скрябин қазақстандық Әулиеатаны (Таразды) ұмытпай, жоғары ғалымға жолын бастаған бұл қаланы гельминтологиялық ғалымның отаны деп атады. Өзінің көрнекті еңбектері үшін К.И Скрябин Чехословакия, Польша, Украина, АҚШ, Ұлыбритания, Бельгия, Үндістан және т.б. көптеген шетел академиялардың және ғылыми қоғамдардың құрметті мүшесі; шетел академияларының - Болгария, Франция, Венгрия, Польша, Чехословакия, Югославияның әрекеттегі мүшесі болып атанды.

Академик К. И. Скрябиннің мұражай үйі Тараз қаласының орталығының Абай және Асқаров көшелерінің қиылысуында орналасқан, ол ұлы ғалымның көзі тірісінде 1962 жылы ашылған. Осы ғимаратта К. И. Скрябин 1907-1911 жж. аралығында тұрып, Әулиеата қаласында мал емдейтін дәрігер болып жұмыс істеді. Мұражай негізгі корпус пен гельмитологиялық зертханадан тұрады, 1980 жылы зертхана Бүкілодақтық гельмитология институтының бөлімі болып қайта құрылды.

1978 жылы ғалымның 100-жылдық мерейтойына орай бұл үй қайта қалпына келтірілген, ал мұражай территориясы сәулеттендірілген, ауласында К. И. Скрябиннің ескерткіші орнатылған. Ғимараттың бас қасбетінде мемориалдық тақта орналасқан, оның бүйіржағында гельминтологиялық ғылымның негізін салушының туған күнінен 100 жыл өткеніне арналған мерейтойлық конференция қатысушылары 1978 жылы орнатқан екінші мемориалдық тақтасы бар.

Мұражайдың көптеген экспонаттары бірегей болып табылады, ғалымның өзі, одан кейін оның туыстары кітапхананы, сирек фотосуреттерді және қолжазбаларды мұражайға сыйлады.

Үйдің өзі 20 ғасырдың басындағы кәдімгі Әулиеата құрылыс жайы болып табылады. Ол бір қабатты, жобасы жағынан төртбұрыш (10 х 12,6 м), саманнан салынған, сыланған және ақталған. Қасбеттері кәдімгі тәжілермен безендірілген. Үй алты бөлмеден тұрады, олардың ішінде ғалымның өмірі мен қызметімен байланысты болған жеке заттар, құжаттар мен материалдар орналасқан, жұмыс кабинетінің жиһазы қайта құрылды; кеңестік және әлемдік ғалымның алтын қорына кірген, академиктің еңбектері, антигельмиттік препараттардың үлгілері бар стенд орналасқан. Кеңестік кезеңінде Скрябиннің мұражай үйі Саяхатшылардың бүкілодақтық маршрутына, экскурсиялық объект ретінде қосылған.

Бүгінгі күнде, мұражай үйдің ғимараты Қазақстан Республикасының қорғауы астында орналасқан және халықаралық туристтік маршрутының объекттері қатарына кіреді.

  • Достарға әңгімеле:

Мұражайлар
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық – мұражайы

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық – мұражайы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 наурыздағы №256 Қаулысына сәйкес ашылған.


Мұражайлар
Бауыржан Момышұлының мемориалдық мұражайы

 Бауыржан Момышұлының мемориалдық мұражайы Жуалы ауданының, Ақсай округының, Қайрат ауылындағы Абая көшесі, 1 "б" мекен-жайында орналасқан.  Мұражайдың құрылысы 1990 жылы басталған.   5 мамырда 1995 жылы мұражайдың салтанатты ашылуы өтіп, оған келу мүмкін бола бастады.