Мекен-жайы: Қайрат ауылы (Жамбыл облысы) Абая көшесі, 1 "б".


Бауыржан Момышұлының мемориалдық мұражайы Жуалы ауданының, Ақсай округының, Қайрат ауылындағы Абая көшесі, 1 "б" мекен-жайында орналасқан. Мұражайдың құрылысы 1990 жылы басталған. 5 мамырда 1995 жылы мұражайдың салтанатты ашылуы өтіп, оған келу мүмкін бола бастады.



Бауыржан Момышұлы генерал-майор Иван Васильевич Панфилов басқарған 316-шы атқыштар дивизияның құрамында 1941жылының қыркүйегінен бастап Ұлы Отан соғысындағы қолбасшы және әдебиеттанушы ретінде белгілі. Оның шебер басшылығы мен жеке батылдығының арқасында ол басқарған батальон Матренино ауылы маңындағы Волоколамское тас жолында жаудың тегеурінің үш күн бойы тежеген. Соғыстың аяғына дейін ол әр түрлі бөлімдерде қызмет етіп, 45 жасқа келгенде гвардия полковнигінің атағына ие болды. Ол әскери ғылымының тарих беттерінде әскери ЖОО-да әлі күнге дейін оқытылатын тактикалық маневрлардың және стратегиялардың авторы ретінде қалды. 1963 жылы Кубадағы сапары кезінде әскери дайындық туралы лекцияларды оқыды. Әдебиетте "Бір түн тарихы", "Арттымызда Москва", Панфилов туралы әңгіме "Біздің генерал", кітап-хроника "Соғыс психологиясы" деген еібектерімеен танылды.



Мұражайдың жалпы ауданы - 349,8 ш.м. Ғимарат ауданы - 259,4. Ғимарат кірпіштен салынған. Мұражай қоры 2074 экспонатты қамтиды. Түсетін. Экспозицияда 1200 экспонат берілді. Олардың арасында Бауыржан Момышұлының фотосуреттерінен тұрған фотоколлаж, оның әскери формасы, бейбітшілік уақытында киген киімі, ол пайдаланған заттар, альбомдар, домбыра, төсек орын, жұмыс кабинетіндегі заттар және кітаптар.

Мұражай залдарының бірі Мәскеу маңындағы панфиловшылардың ерліктерін көрсеткен шайқасқа арналған және осы аты аңызға айналған дивизия туралы тарих мәліметтерін қамтиды. Мұражайдың басқа қанатында Момышұлының соғыстан кейінгі өмірі және оның жазушы ретіндегі қызметі жайлы айтылады. Осында оның жұмыс кабинеті, «Ундервунд» неміс жазу машинкасы тұрған жазу үстелі, қыран мүсіншесі, орындық, аспашам, кілем көрсетілген.



2011 жылы Момышұлының туыстары, сонымен қатар оның келіні Бауке Зейнеп Ахметова мұражайға жаңа экспонаттарды берді: Бауыржан немерелеріне салған қазақ оюлары бар альбомдар, мүштік жинағы, Б. Момышұлы Кубадан әкелген Хосе Марти көсемінің мүсіні және тағы басқа заттар.



Қазіргі кезде мұражай ғылыми және ағартушылық қызметпен айналысады. Жергілікті мектеп оқушылары үшін мұражайда көрмелер, экскурсиялар, лекциялар, әңгімелесулер, музыкалық-әдеби кештер өткізіледі. Жылына екі рет әскерге шақырылатын жастарды мұражайдан шығарып салу дәстүрге айналды. Бауыржан Момышұлының туған күнінде аудан тұрғандары Бауыржанға қойылған ескерткішке гүл қойып, мұражайда әр түрлі патриоттық-тәрбиелік іс-шаралар өткізеді.

  • Достарға әңгімеле:

Мұражайлар
Отырар мемлекеттік археологиялық қорық – мұражайы

Отырар мемлекеттік археологиялық қорық – мұражайы 1979 жылы 11 мамырда Қазақ КСО Министрлер Кеңесі шешімімен ұйымдастырылған. Оның түп бейнесі Тимур станциясы мектебіндегі 1967 жылы 17 мамырда суретші және тарихшы Асантай Әлімовпен құрылған кішігір мұражай болып табылады.


Мұражайлар
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық – мұражайы

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық – мұражайы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 наурыздағы №256 Қаулысына сәйкес ашылған.